«Адам –өмірінің мәні».
Пәні: Адам. Қоғам. Құқық. Сыныбы: 9 Мерзімі:21.09.2012ж
Сабақтың тақырыбы: «Адам –өмірінің мәні».
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Өмір және оның мәні туралы оқушыға жалпы түсініктер беру арқылы білім көлемін кеңейту
Дамытушылық: Оқушының танымдық процестерін дамыту, өзін-өзі еркін ұстауға баулу, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, әр жеке оқушы үнемі өз-өзіне психологиялық саулықты тілей отырып, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, әдеп, құқық, халықтық педагогика, психология
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнетаспа, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу; -Түгелдеу; -Даярлау
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Жаңа сабақ
Ж о с п а р
1. Бақыт және махаббат туралы әртүрлі ұғымдар
2. Суицид адасу мәселелері
3. Оқушылардың пікірі
1.Үй тапсырмасын тексеру.
Өмірдің мәні «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын,толғанбайтын,мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар.Олай болса,біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Әрине,бұл жерде өз атынан лайық, ізгі, мейірімді өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын,өмірден кеткен соң артына жақсы сөзімен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Өмір 1. Алланың ең қымбат сыйы
2. Көк аспан мен жарық күн
3. Ұзақ жол
4. Қуаныш пен қайғы
5. Ащы мен тәтті
Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп,артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял,орындалмайтын арман емеспе? Менің өмірлік тұрғым басқа,- дейді біреулер ,- өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салу керек. Аузың барда асап қал. Киін. Сауық құр. Қайсысы дұрыс?
Қандай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе – ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден оңды нәтиже шыға қояр ма екен? Дүниежүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікірі алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.
2) Өмірдің мәні туралы айтқанда,біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек
Адамның өзінің болмысының шарттарымен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моралдық сана-бақыт болып табылады.
2. Өткен сабақты жалғастыру.
Бақыт 1. Балалық
2. Кәсіби деңгейінің щыңына шығуы
3. Еңбектің жемісі
4. Қызықты еңбек жолынан өту.
5. Бейбіт өмір
Бақыт мұраттың сезімдік – эмоциалық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты обьективті жағдайда немесе адамның субьективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті – бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуге байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи және ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моралдьдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иілік ететін құқығы есептелінген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.
Қазір бүкіл прогрессшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық ұстанымдар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратыны болуы керек .Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесі бақытынан құралады.
Қатардағы адамның түсінігіне салсақ, бақыттың белгісі жаныңа жайлылық, тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына белгілі деңгейде орныққан. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол – табиғи жол,еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің қошын табу – әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.
Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Мысалға , «Кім көп еңбек етсе,бақыт соған қонады» Леонардо да Винчи. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысу, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп,мол тәжірибе жинап, кәсіби деңгейдің шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көру – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында достары мен туыстарының арасында тату тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.
Бақыт деген – адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақыт болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу – әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.
Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро – эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян Сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға да дайын еді.
Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғалдыратын әрекетерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдер де аз болмаған. Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да асып тұрған мансабың да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Жұптасып өмір сүруге ұмтылу о бастан тек адамдарға ғана тән, табиғи сонысымен де заңды құбылыс. Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің бірі болып келеді және бұдан былай да бола береді. «Махаббатсыз дүние бос» дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүруің осы факторына сүйенің айтса керек.
Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығына немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін.
Адасу 1. Достар арасынан
2. Жалғыздық
3. Іштей құлазу
4. Өзін өзі өлтіру
Адамның өзін – өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі – бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі – қоғамдағы әділетсіздіктің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді. Осындай жағымсыз әрекеттерге себепші болатын нәрсе күнделікті аулақ болыңдар деп жүретін зиянды әдеттеріміз арақ, темекі, есірткі болып табылады.
Құран Кәрімнің аятында былай делінген:
«Дінімізге үлкен мән берілген нәрсенің бірі кісінің өзін өзі өлтіруі. ЖАН – адамға берілген Аллах Тағалланың аманаты. Жанды берген Аллах Тағалла, уақыты жеткенде қайтып алады. Өзін – өзі өлтірушілер Аллах Тағалланың аманатын сақтай алмағаны үшін әрі аманатқа қианат жасағандықтан күнәлі болады. Өзін-өзі өлтірген адам ешкімде жақсы көзбен қарамайды. Тіпті ондай адамдарға жаназа оқымасын деген сөз бар. Адам қандай да бір ауыр жағдайда тұрса да, қайғы жұтып, қиналып, азап шексе де өзін-өзі өлтіру дұрыс емес. Мұндай жағдайда иманы толық адамдар мұсылмандық сабырмен табандылық таныта отырып, өзін аман алып шығуға себепші болады» делінген.
Олай болса, мұндай жаман істен бойымызды да аулақ салғанымыз дұрыс. Себебі сен жалғыз емессің. Сенің ата-анаң, достарың, ұстазың, сыныптастарың бар. Қай уақытта болмасын бұлттан кейін жадырап күн шығады. Әр уақытта мұңайудан кейін қуаныштың болатынына сенуің керек.
Өмірге құштарлығымен бірнеше ұрпақтың назарын аудара білген орыс жазушысы Николай Островский «Төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек» деп жазған еді.
Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. Қолда барды бағалай білейік!
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары
1. «Бақыт» дегенді қалай түсінеміз?
2. Адасу туралы ой-пікір
3. Махаббат туралы түсінік
Ү. Үйге тапсырма беру
• Тақырыпты оқып келу. «Бақыт дегенді қалай түсінесің?» тақырыбында эссе жазу.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Қорытынды ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру