
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы,Ұзынкөл селосы,
"№2 Ұзынкөл орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі
Нургалиева Гульмира Талғатқызы
1) Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау;
2) Алгоритм және оның орындаушылары;
3) Графикалық әдістер мен процедуралар;
4) Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар;
5) Алгоритмнің жазылу формалары;
6) Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары.
Пән Информатика сынып 10 Күні 25.12.14 ж.
сабақ №: 16
Тақырып: Графикалық әдістер мен процедуралар
Мақсат: Графикалық әдістер мен процедуралар тақырыбы бойынша тапсырмалар орындау арқылы, оқушылардың алған білімдерін бекіту, жүйелеу.
Білімділік – Visual Basic6 бағдарламасында графикалық әдістер мен процедуралар тақырыбы бойынша тапсырмалар орындау арқылы, алған білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Сабақ типі: аралас
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин) Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
(10 мин) Оқулықпен жұмыс 162 бет. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Сұрақ – жауап:
1. Visual Basic тілі графикалық файлдарды қолданудың қанша тәсілін ұсынады?
2. Графикалық әдістің графикалық файлдардан қандай айырмашылығы бар?
3. Picture Box және Image элементтерінің айырмашылығы неде?
4. Қандай графикалық әдістерді білесіңдер?
5. Графиканың процедурасын жазғанда қандай функциялар қолданылады?

