х дыбысы мен әрпі
х дыбысы мен әрпі
СҚО, Ақжар ауданы, Май орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Аменова Айтжан Масгутқызы

1-сынып
Сабақтың тақырыбы Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың жалпы мақсаты 1.Білімділік
Оқушыларға дауыссыз х дыбысы мен әрпін таныстыру, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық
Оқушылардың білімін жетілдіру,сөздік қорын,тілін дамыту.
3. Тәрбиелік
Ұқыптылыққа баулу,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер Диалог, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап әдістері.

Күтілетін нәтижесі Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп, өз ойларын айта алады,әр түрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.
• Өзара түсіністікке,бірлесе жұмыс жасауға үйренеді
• Суреттердің атауларын айтуға үйренеді
• Өз ойларын айта алады,сурет арқылы әңгімелейді.
Түйінді идея Өз ойларын тиянақты ,нақты айту керек
Көрнекі-құралдар Интербелсенді тақта, Хх әрпінің баспа және жазба түрлері

№ Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер, көрнекіліктер

1 2 минут Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру
«Сәлем дос».
- Оқушылар бүгін біздің сабағымыз ерекше өтеді.Себебі бізге көп қонақтар келді.Кәне, қонақтарға сәлем берейік.
Слайд 2.
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба көк аспан.
Амансың ба достарым,
Амансыздар ма қонақтар!
«Сиқырлы алақан»
Оқушылар бір-бірімен және қонақтармен сәлемдеседі. Слайд

2 1
минут Топқа бөлу
Оқушыларды ортаға шақырып, жұптарға бөлу. Бөлікке бөлінген суреттер арқылы оқушылар жұптарын табады да, өз орындарына отырады. Бөліктерге бөлінген суреттер
3 1 минут
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй смайлдары берілетінін түсіндіру.
Бағдаршам әдісі арқылы оқушылар толықтырып отырады. смайл , қызыл,
сары, жасыл түсті дөңгелек-
шелер
4 3 минут І.Өткенді еске түсіру
Слайд 3.
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау.
-Ю дыбысы қандай дыбыс?
Ю дыбысынан келетін сөздер құрау. Ю дыбысы бар сөздер айтқызамын.
Жазу дәптерлерін тексеріп, ең әдемі жазған оқушының жұмыстарын мадақтау. Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды және ю дыбысына байланысты сөздер айтады.

5 7 минут ІІ. Жаңа сабақты меңгеру
Слайд 4. (есікті біреу қағады)
Мұғалім: есікті Айлана барып аша қойшы. Кім екен?
- Бұл не балалар?
Хат сөзінің бірінші дыбысы қандай?
-Дұрыс айтасыңдар. Енді бәріміз айтып көрейікші.
Слайд 5.
- Х дыбысы - дауыссыз, ауа кедергіге ұшырап тұр. (Х әрпін көрсету)
-Бұл не? (Әріп)
-Әріптермен дыбыстардың айырмашылығы неде?
-Айтпақшы, балалар, бізге хат келді ғой.Оқуға ұмытып кетіппін ғой.Бірақта ең алдымен тақтадағы сөздерді оқу керекпіз.
Тақтадағы тапсырманы дұрыс орындап берсеңдер, хатты тез арады оқып беремін.
-Тақтада жақтағы сөздерге назар аударамыз. Слайд 6.
хабар асхана дәріхана
халат кі-тап-ха-на
ше-бер-ха-на.
(оқушыларға кезекпен оқытып, буындарға бөлу және Х әрпінің орнын анықтау)
- Өте жақсы.Енді мен хатты ашайып,оқып беремін.
"Сәлеметсіңдер ме, құрметті 1-сынып оқушылары.Сендер дене шынықтыру сабақтарын жақсы көресіңдер ме? Біз сендерді өзіміздің спорт алаңымызға шақырамыз. Тек коньки алуды ұмытпаңдар.Біз сендерді асыға күтеміз.Келіңіздер."
-Балалар,барамыз ба?
-Бұл хатты кімдер жазды екен?
Слайд 7. Хамит, Хасан.
-Бұл сөздердің ұқсастығы неде?
-Балалар,бізге мұз айдынына бару үшін көлік керек. Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық.
Айлана есікті ашып,хатты алып келеді

-Хат.
- Хххх

Әріпті біз көреміз,оқимыз,жазамыз.Ал дыбыстарды айтамыз,естиміз.

Оқушылар сөздерді кезекпен оқып,талдайды.

Бұл сөздердің бәрі х әрпінен басталады. Слайд 4,5

6.
3 минут Слайд 8-9.
«Адасқан әріптер» ойыны
1. ю,қ,о (қою)
2.п,а,і,к,т. (кітап)
3.т,а,х. (хат)
4. а,л,х,ы,қ (халық)
(міне көлік те табылды) Жеке жұмыс
Оқушылар сөздерді табады.

Автобус суреті
6 минут ІІІ. Қолдану.
-Балалар ,сендер қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
Слайд 5 (шаңғы тебу,шанамен сырғанау,коньки тебу,хоккей т.б.)
-Балалар мынау не?
Слайд 10. "Хоккей ойыны"
-Хоккей сөзінде неше буын бар?
-Хоккей сөзінде неше к әрпі бар?
Суретпен жұмыс.

-Бұл Хасан мен Хамит қой.Олар біздерді ойынға шақырғалы отыр.
-Бірақ қайсысы Хамит ,қайсысы Хасан?
Оны біз берілген мәтінді оқып біле аламыз

Мәтінді оқушыларға оқып беремін.

- Мұз айдыны

Суретпен жұмыс.
Суретке қарап,сөйлемдер құрату."Балалар хоккей ойнап жүр.Олар нағыз хоккейшілер.Бір бала - қақпашы,ал екіншісі - шабуылшы".

(оқушылар мәтінді тізбектей оқиды) Үлестірме қағаздар
Слайд

Кеспе суреттер

7 2 минут Сергіту сәті
«Қарлығаш». Оқушылар бейнероликтегі қимылдарды музыка ырғағымен жасап,ән айтады. Интер
белсенді тақтадан бейнеролик көрсету
7. 7 минут ІV. Мәтінмен жұмыс.
Сұрақ-жауап әдісі
Оқушылармен бірге сабақты талдау.
1. Хасан мен Хамит қандай ойын жақсы көреді?
2. Хасан ойында кім? (Хасан - қақпашы)
3. Хамит ше? (Хамит - шабуылшы)
4. Ойын қалай өтті? (Хасанның тобы жеңіп шықты)
Хасан мен Хамит біздердің келгенімізге риза болды.
Слайд 11.
Дәптермен жұмыс.
- Х әрпінің емлесімен таныстыру;
- Ауада жазып көрсету.
Слайд 12.
Тақтамен жұмыс.
Берілген суреттердің атауларын оқушылар тақтаға жазады.
Әр жұп өз ара мәтінді талдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Дәптерімізді ашайық Қолға қалам алайық.
Салақтықтан арылып,
Әдемі етіп жазайық
Суреттер
Слайд
8. 2 минут V. Жинақтау.
Балалар енді ауылға оралу керекпіз.
Слайд 13.
Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.
Ша...мат, ас...ана,...алам,...абар,...алық,ба..а.
-Балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?
-Үстіне қандай түсті шапан киіп алыпты?
-Ендеше,қандай дыбыс?
-Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?

Оқушылар кезекпен тапсырмаларды орындайды.

9. 1
минут Слайд 14.
VІ. Бағалау
Оқушылар сабаққа барысында жинаған көтеріңкі көңіл-күй смайлдарын санйды. Көп жинаған оқушыларды мадақтап жұлдызшалар беру. Оқушылар смайликтерге жүрекшелер жапсыру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды
-маған сабақ ұнады
-маған сабақ қызықсыз болды. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру