Куз
Куз
Әдебиеттік оқу 4сынып, "Күз" А.Құнанбаев
Атырау облысы, Исатай ауданы Жаңа Жанбай бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Шолпан

Пәні: Әдебиеттік оқу 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Күз» А.Құнанбаев



Сабақ мақсаты:1. Оқушылардың А.Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, «Күз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
2.Оқушылардың тіл байлығын, , сөздік қорын, танымдылығын, ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту
3. Табиғатын сүйе білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: «Абай» портреті, суреттер, мақал-мәтелдер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап, бес жол өлең,РАФТ, автор орындығы
Пәнаралық байланыс:Дүниетану, музыка
Күтілетін нәтиже: Өлеңдегі негізгі ой анықталады. Өлеңді түсініп мәнерлі оқиды.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, ол сұрақтарға ойланып жауап береді. а Табиғат және табиғат байлықтарын қорғап, қадірлеу керектігін түсінеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру :
Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
- Үйге қандай тапсырма берілді? (Өтірік өлең. Оразбай Байбақов)
Өлеңді мәнерлеп оқыту:
Өлеңнің ішіндегі адамды таңдандыратын, күлдіретін, тапқырлықты білдіретін шумақтарды таптырып оқыту
- Үйге қандай шығармашылық тапсырма берілді? (Сурет салу, өтірік өлең құрастыру). Оқушы жұмыстарын тақтаға ілу.
Қызығушылықты ояту:
- Жыл мезгілдерін ата?
- Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?
-Жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазған ұлы ақынды кім біледі?
- Абай Құнанбаев кім?
- Оның қандай өлеңдерін білеміз?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
.Ассоцация әдісі:Күз туралы не білеміз?

Алтын күз Күз Жапырақтар сарғайып түседі

Сабақ басталады Молшылық Қысқа дайындық
Егін піседі,жинайды Қүстар жылы жаққа кетеді





Балалар , бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар? Кім айтады?
-Күз туралы
3.Жаңа сабақ: «Күз» А.Құнанбаев
Автор туралы түсінік


Абай Құнанбайұлы
(1845–1904)
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Қазақтың ұлы ақыны қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Шыңғыстау маңында туған. Кішкене кезінен Зере әжесінің тәрбиесін көрді. Жастайынан зерек болған ол халықтық өлең-жырлар мен ертегі, аңыздарды тыңдап өсті.
Кітаппен жұмыс :
Іштей оқу Түртіп алу
Тізбектей оқу : Өлеңнің әр шумағын жеке- жеке оқытып, талдату. Екінші шумақтағы соңғы екі жолдағы сөздерге балама сөздер тапқызу.
Мәнерлеп оқу:
4.Сергіту сәті:
Бір, екі, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Саңырауқұлақтай отырып,
Емендерше тұрайық.
Бір, екі, тұрайық,
Алақанды ұрайық
Партамызға жайғасып,
Тып- тыныш боп қалайық.
5.Сөздікпен жұмыс:
Ыс – түтіннің күйесі
Құрысын заңы - – бұл жерде: әдеті құрысын деген мағынада.
Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Ата- бабаларымыздың негізгі кәсібі- мал шаруашылығы болғандықтан, сол малдың жағдайын жасау мақсатында жылдың төрт мезгілінде көшіп- қонып отырған. Әр мезгілдегі қоныстарын соған байланысты атаған.
6. Жұппен жұмыс:
І –жұп: Күз мезгіліне байланысты әңгіме құрау. (3-4 сөйлем)
2-жұп: Табиғат туралы мақал- мәтелдер жазу.
1.Қыс азығын жаз жина.
2.Жаздың бiр күнi,
Қыстың мың күнiн асырар.
3.Қыс арбаңды,
Жаз шанаңды сайла.
4.Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар.
5.Сәуiр болса күн күркiрер,
Күн күркiресе көк дүркiрер.
3-жұп: Күз туралы ( Sinkuein ) бес жол өлең құрастыру
1. Не? – Күз
2.Қандай? – Алтын ,қоңыр. .берекелі, мерекелі
3.Не істейді? – келеді, басталады
4.Жомарт күз келді .
5.Жыл мезгілі
2.Тапсырма: Өлең жолдарын аяқтау.
Күздің сыйын алайық
Қызығына... (қарайық, қанайық )
Күзге арнап бәріміз,
Әнімізді... (салайық, арнайық)
3. Мәтіннен Абайдың қураған ағашты неге теңегенін тауып оқу
7. Шығармашылық тапсырма:Сурет бойынша жұмыс:
-С уретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың?
:
РАФТ әдісі бойынша 1 шумақ өлең шығару немесе арнау жазу.
Р-рөл- жас ақын
А-аудитория-сынып
Ф-форма-өлең
Т-тақырып-«Күз береке» «Күз келді», Күз сыйы» тақырыбының бірін таңдау
Оқушы өз ойын алдымен жұпта, ортаға салып, тақтаға әр жұптан бір оқушы шығып «Автор орындығында» қорғайды.
8.Сабақты қорыту:
“Кім тапқыр?” ойыны.

(Алтын күз келді)
1. Абай кім? Жас кезінде кімнен тәрбие алған?
2. Абайдың «Күз» өлеңі не туралы?
3. Күзгі аспан, жер беті қандай?
4. Ақын күз мезгілін қалай суреттеген ?
5. А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындау
9.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. « Күз мезгілі» тақырыбына сурет салу. . Оқушыларды бағалау,мадақтау :
Сабақтан алған көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсету сұралады ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру