6-сынып. Б.Майлин. Түйебай
6-сынып. Б.Майлин. Түйебай
Жамбыл облысы Қордай ауданы
№26 Жамбыл Жабаев атындағы ОМ
Ерназаров Нұрлыбек
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

6-сынып. Б.Майлин. Түйебай


Сабақ мақсаты: Күтілетін нәтиже: Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Енгізілетін модульдер:
«Түйебай» әңгімесі арқылы сол кездегі молдадағы оқу және оның шынайы көрінісімен танысу, мәтіннің мазмұнын меңгерту.
жазушы тілін зерттеу, тіл көркемдігін таныту,оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға жетелеу.
білімге, мейірімділікке, еңбекке, намысқойлыққа тәрбиелеу. Бейімбет Майлиннің шығармашылық жолы туралы біледі. Әңгменің мазмұынан талдау барысында жазушының көркем тілділігіне көз жеткізеді. Шығарманы талдай білу дағдысы қалыптасады. Топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу тәсілі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі: Үй жұмысын тексеру:
Оқушыларды барлау. Сыныпты топтарға бөлу.
Сәкен Сейфуллин кім?
Қандай өлеңін жаттадыңдар? Білу
Жаңа сабақ:
Бейімбет –қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының шебері. «Жырлағаным- кедейдің жыры» деп өзі айтқандай, Б.Майлин шығармашылығы - өзі өмір сүрген уақытпен, сол уақыттағы қалың көпшілікпен біртұтас. Сонау 30 жылдары жазылған әңгімелері күні бүгінге дейін кез-келген қазақтың аузынан түспейтін көркем шығармасына айналды.
Сөз зергері қай шығармаларын болса да өмірден алып, қоғамдық жағдайды, мезгіл ажарын дәл бейнелеп отырған.
-Үйден сендерге «Түйебай» әңгімесін оқып,әр топқа зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу тапсырылған.
ә) «Түйебай» әңгімесінің желісі бойынша жоспар құрғызу.
Жоспар:
1. Қоржынтомар жайлауының табиғаты.
2. Қарақоға көлі.
3. Молда оқуы.
4. Түйебай молда оқуында.
5. Түйебайдың таяқ жеуі.
6. Көш.
7. Жалшы Түйебай.
8. Кездесу.
б)Тапсырма бойынша диалог тәсілімен оқушылармен бірлесе отырып жаңа тақырыпты меңгерту.
Түсіну
Қолдану
«Түйебай» әңгімесін құрылысына қарай талдау:
Әңгіменің басталуы:Қоржынтомар жайлауы
Байланыс: Молдадағы оқу
Шиеленіс: Түйебайдың жиі жазалануы.
Шарықтау шегі: Түйебайдың таяқ жеуі.
Шешімі: Түйебайдың оқуды тастауы Талдау
- Балалар, «Түйебай» әңгімесі де шағын, бірақ әңгіменің тақырыбы ауқымды.
Қазір өздеріңе мәтін мазмұны бойынша сауалнама сұрақтарын берейін, бірер минут ойланып, ауызша жауап бересіңдер:
1.Б.Майлин әңгімесі неге«Түйебай» деп аталған?
2.Жазушының айтайын деген негізгі ойы не?
3. Әңгіменің бас кейіпкері кім? Түйебай бейнесін құрастырыңдар.
4. Шығарма мазмұны қалай, кімнің атынан әңгімеленеді ?
5.Түйебайдың ата-анасының тұрмысы қандай? (Жоқшылық, жетіспеушілік, малайлықта).
6. Түйебайдың молда оқуындағы жағдайы қандай? Әңгіменің соңындағы Түйебайға сипаттама беріңдер.
7. «Шоқынып кетсем де, енді молданың алдын көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?
8. Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын ” деп, сол сағатында Түйебай неге айта алмады? .
9. “Сен бақыттысың ғой” деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді дегенге қандай пікір айтасың? Жинақтау
Бағалау
Үйге тапсырма: Әңгімені оқу.Түйебайға хат. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Есімдіктер туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.

Есімдіктер туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.

Жамбыл облысы Қордай ауданы №26 Жамбыл Жабаев атындағы ОМ Ерназаров Нұрлыбек қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі 6-сынып. Қазақ тілі....
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Туған жер

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Туған жер

Узденбекова Жанар Кенжетаевна Бастауыш сынып мұғалімі Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп Астана қаласы Пән Ана тілі 1 cынып Уақыты ...
ТЕМІРАҒАШ

ТЕМІРАҒАШ

Узденбекова Жанар Кенжетаевна Бастауыш сынып мұғалімі Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп Астана қаласы Пән Ана тілі 1 «» Уақыты ...
5-сыныптың қазақ әдебиетінен орта мерзімді жоспары

5-сыныптың қазақ әдебиетінен орта мерзімді жоспары

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурекешова Айжан Шорсовнаның ...
Коучинг  жоспары: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Коучинг жоспары: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурекешова Айжан Шорсовна «Сын...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру