Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тайтурова Маржан
Сабақтың тақырыбы: Райымбек бастауы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қазақ халқының батырлары туралы алған мағлұматтарын кеңейту.
2. Дамытушылық.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сабаққа дегенқызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды Райымбек бабамыз сияқты батыр, елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Батырлардың суреттері, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысты тексеру. Ашық сабақты хабарлау. Психологиялық дайындық:
Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1. Батырлар туралы өлеңді жатқа айту.
2. Сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақты бекіту:
1) «Қанжығалы Бөгенбай» есімін бұрын қандай әңгімеде кездестірдің?
2) Бұқар Қабанбайды неге теңейді?
3) Жырау Наурызбай батырды неліктен «бетіме ұстар керегім» дейді.
ІІІ Жаңа сабақ
Мұғалім:
-Балалар, біз бүгін сабақта батырлар ауылына саяхатқа шығамыз. Тақтадағы картаға зер салып қарайықшы. Осы ауылдарға жету үшін барлығымыз сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды мұқият орындауымыз керек .
1) Бөгенбай ауылы. (3 топқа жеке тапсырма беріледі)
1-топ: Батырдың бес қаруын жаз.
2-топ: Батыр сөзіне мағынасы жуық сөздерді жаз
3-топ: Батырлардың киімдерінің атауын жаз.
2) Райымбек ауылы.
-Бұл ауылда ұзақ саяхаттайтын боламыз. Себебі біздің жаңа сабағымыз осы Батыр туралы болмақ. Жолдасбай Тұрлыбаевтың «Райымбек бастауы» деген мәтінімен танысамыз.
1. Автор туралы мәлімет беру.
Жолдасбай Тұрлыбаев- жазушы. 3.3.1932 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туылған, ҚазҰУ-ды бітірген .1961 жылға дейін Алматыда құрылыста тас қалаушы болып жұмыс істеген. 1966 - 67 ж. Алматы облысы Жамбыл ауданы "Тарғап" мектебінде директор, 1967 - 78 ж. Қазақ радиосында редактор, аға редактор, 1979 - 81 ж. "Өнер" баспасында аға редактор қызметін атқарған.
Шығармашылығы:Тұрлыбаевтың "Ерке серке" (1972), "Балапандар" (1974), "Аңшының әңгімесі" (1981), "Семсер" (1982), "Баламерген" (1984) атты кітаптары жарық көрген. "Алтын тамыр" балаларға арналған пьесасы республикалық Қуыршақ театрында қойылып жүр.
2. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді оқып, түсіндіру. Сөздік жұмысы. Оқушыларға тізбектей оқыту.
3. Сергіту сәті. Оқушылар мұғалімнің айтқаны бойынша қимылдар жасайды.
-Балалар, өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. Кенеттен бояу жел соға бастады. Гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады.Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды. Сол уақытта гүлдер де жайнап ашыла бастайды.
4. Топтық жұмыс:
1-топ: Райымбекке мінездеме
2-топ: Батырлық туралы мақал-мәтелдер жазу
3-топ: Берілген сөздерге сөйлемдер құрау: Сарбаздар, жау, ат, найза, қылыш, шаба жөнелді.
5. Ойын: «Гүлденген Қазақстан»
Шарты: Көктемнің әсем гүлдерімен кең байтақ Қазақстанымызды гүлдендіру үшін берілген гүлдердің артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымызды бекітеміз.
ІV Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, әңгімелеу.
V Қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
- Маржан
- 29 ноября 2014
- 2242
- 0





