Бір кесе меруерт
Бір кесе меруерт
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы. Бір кесе меруерт.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Зеректікке,білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: комьпютер, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, оқушыларда түгендеу. Оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1) Әңгімені мазмұндау:
1-топ- Бірінші жолаушының сөзі
2-топ- Екінші жолаушының сөзі
3-топ-Үшінші жолаушының сөзі

2) Сұрақтарға жауап беру:
1. Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі не жайлы?
2. Үш жолаушы қайда кездесті?
3. Олар қара тастан қандай жазу оқыды?
4. «Ей, Жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!» деген сөзді естігенде өздеріңе қандай ой келді?

ІІІ Мақсат қою кезеңі:
1. Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты шығару.
2. Меруерт деген не?

ІV Жаңа сабақ
1.Кіріспе:
-«Бір кеск меруерт» әңгімесінің авторы Ш. Құдайбердиев туралы не білеміз?
- Бұрын қандай шығармаларын оқып едік?

2. Оқулықпен жұмыс:
А) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
Ә) Оқушылардың іштей оқып беруі.

3. Сөздікпен жұмыс:
Зор-үлкен, аумақты, ұзақ.
Ділдә-алтын ақша.
Тақыр-тегіс, қатты жер.

4. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1) Мәтіндегі қызыл түспен берілген сөздерді тауып оқу. Мәтіндегі осы сөздерге қатысты қандай оқиға айтылған?
2) Сендер осы пікірмен келісесіздер ме? Өз пікірлеріңді айтыңдар. Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

5. Сергіту сәті.

6. Дәптермен жұмыс: Мәтіндегі оқиғаға қатысты айтылған нақыл сөзді жазу: «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»

V Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не білдік?
-Дүниені көп көрген қария қандай әңгіме айтты?
-Сендердің өз пікірлерің қандай?

VІ Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: Әңгімені түсініп оқу, мазмұндау.
2. Автор туралы мәліметтер жинау.
3. Оқушылардың білімдерін бағалау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру