Қазыбек би мен Бұқар жырау
Қазыбек би мен Бұқар жырау
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құланды орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шораева Бибигул

Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау

Сабақтың мақсаты:білімділік:Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы ауқымды түсінік
беру,шешендік сөзге мағлұмат бере отырып,жаңа
тақырыпты түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен іздену,ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:Шешендік сөздердің тәрбиелік жағына көңіл бере отырып,сөз
өнерін,сөз мәдениетін қалыптастыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,билердің,жыраулардың суреттері,оқулық
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Тайкелтірдің төрелігі мен Байдалы бидің көңіл айтуы 2-3 оқушыдан сұрау.
Үй тапсырмасын қорыту.
1.Тайкелтірдің төрелігін қай жерден байқаймыз?
2.Байдалы би хан ауылына неге келді?
3.Ол ханның бәйбішесіне не айтты?
4.Балалар біз қазір қай әдебиетті оқып жатырмыз.Қазақ әдебиет түрлерін атату.
Слайдпен көрсету.
Шешендік сөздер.Шешендік сөздер дегеніміз-белгілі бір адамдардың қайсы-бір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.Қай кезден басталғаны туралы дөп айту қиын,бірақ қазақ шешендік сөздері ХІІ ғасырдағы Майқы биден басталған.Бұл туралы «Түгел сөздің
түбі бір,түп атасы Майқы би » деген сөз бар.
Шешендік сөз тарихы
1.Майқы би,Аяз би /ХІІ-ХІІІ ғ.ғ./
2.Жиренше шешен,Асан қайғы / ХІҮ-ХҮ ғ.ғ./
3.Шалкиіз,Бұқар,Дулат,Мұрат,Төлен,Қазыбек,Әйтеке /ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ./
Шешендік өнердің қиындығы туралы
Бұқар жырау:
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде суы бар
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде,жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешімін таппас дау бар.
Би –халықтың көкейіндегісін айтқан,ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы.
Олай болса,бүгінгі жаңа сабағымыз «Қазыбек би мен Бұқар жырау»
ІІІ.Жаңа сабақ Қазыбек би мен Бұқар жырау
Интерактивті тақтамен түсіндіру
Бұқар жырау Қалқаманұлы/1668-1781/ -қазақтың шоқтығы биік жырауларының бірі.Ол 1668 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.Ұзақ өмір сүріп,көптеген тарихи оқиғаға куә болған.Абылай ханның бас ақылшысы,қабырғалы биі ретінде,ел өміріндегі ірі мәселелерді шешуде үлкен роль атқарып отырған.Бұқар жырау арабша сауатты, өз заманында білімдар адам болған.Шығармаларында заманның көкейтесті мәселелерін сөз етіп отырған Бұқар жырау жұртты бірлікке,татулыққа,ерлікке шақырады.
Келдібекұлы Қазыбек би /1665-1765/- қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаттарына елеулі әсер еткен ірі мемлекеттік тұлға.
Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болған.Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе солай сөйлейді.Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би» , «Алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады.

Бір күні ауырып жатқан Бұқар жырауға Қазыбек би көңілін сұрауға келеді.Сонда төсек тартып жатқан Бұқар жырау оған 1-ден 10-ға дейінгі сандардың мағынасын айтып берші- дейді.
Сонда Қазыбектің жауабы:
-Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз -егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.
Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған хан жаман.
Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз- серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз- толғаныңыз.
Он дегеніңіз-өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз.
Мәнерлеп оқи отырып,әр санға тоқталып, мағынасын ашып түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс:
Үш бұтақты шідер-аттың аяғына салатын бекіту
Төскейге-өрге
Оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Сабақты бекіту:
Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында осы біздің қазақ халқы сандарға
байланысты нақыл сөздер,мақал-мәтелдер айтқан.Олай болса,1-10 сандарға байланысты айтылған сөздерді бірігіп табайық.Интерактивті тақтамен жұмыс.
1Жеті рет өлшеп/бір рет кес/
2.Жігіттің екі сөйлегені/өлгені/
3.Үшінші байлық /ақ жаулық/
4.Төртеу түгел болса/төбедегі келеді/
5.Айдағаның бес ешкі/ысқырығың жер жарады/
6.Алтау ала болса/ауыздағы кетеді/
7.Жеті жұрттың тілін біл/жеті түрлі білім біл/
8. Сегіз қырлы/бір сырлы/
9.Білгенің бір тоғыз /білмегенің тоқсан тоғыз./
10.Бір тал кессең,/он тал ек/
Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқып,жаттап келу.
Бағалау.
Сабақты қорыту. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Дулат Бабатайұлы Аягөз,  қайда  барасың?

Дулат Бабатайұлы Аягөз, қайда барасың?

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шораева Бибігүлдің қазақ тілі ...
Махамбеттің тапқырлығы

Махамбеттің тапқырлығы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Тулебаева Каламбир Нургалиевна Сабақтың тақырыбы:Махамбеттің тапқырлығы...
Ең бірінші бақытым – тілім менің

Ең бірінші бақытым – тілім менің

Ең бірінші бақытым – тілім менің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс – шара Ең бірінші бақытым – тілім менің (Танымдық сағат)...
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Ұлттық шешендік өнер

Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Ұлттық шешендік өнер

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Бірлестік орта мектебі ІІ деңгей сертификатталушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі...
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Сабақтың мақсаты: - Оқушылар Тәуке ханның тұсындағы Қазақ хандығының ішкі – сыртқы саяси жағдайымен танысады;...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру