
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қайырғалиева Асима Сұлтанқызы
Қазақ тілі6 «б» -сынып
Сабақтың тақырыбы Септеулік және жалғаулық шылау
септеулік шылаулардың сөйлемдегі атқаратынқызметін,жұмсалуын, түрлерін, жалғаулық шылаулардың қызметі мен түрлерін
Сабақтың дамытушылығы - оқушылардың тіл байлығын дамыту,танымдық
қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мәні - адамгершілік тәрбиесі
Әдістер - сұрақ –жауап,баяндау, талдау, жинақтау
Түрі - аралас сабақ
Жабдығы - тест жинақтары,карточкалар, сызба,мультимедиа
Пәнаралық байланыс - әдебиет
Жаңа технология - сын тұрғысынан ойлау,тест,дамыта оқыту
Жүру барысы
I Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылырдың қатысын тексеру, сабаққа ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
1 Ережені сұрау
1 Шылаулар дегеніміз не?
2 Шылаулар сұраққа жауап бере ме?
3 Шылаулардың түрлерін атаңдар.
4 Септеулік шылауларға мысал айтыңыздар.
5 Жалғаулық шылауларға мысал айтыңыздар.
6 Жалғаулықтардың мағыналық қатынасына мысал келтіріңіздер.
2 Үй тапсырмасын тексеру 329,330- жаттығулар
III Жаңа сабақ
Шылауларға жаттығу 1- тапсырма
Тест тапсырмасы
• Шылауды тап
Олардан Бейбіт те қалмады.
а) Бейбіт ә) олардан б) те
2 Көп нүктеге тиісті шылауды тап
Сара досына телефон ....... хабарласты.
а) қарай ә)арқылы б)туралы
3 Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауды тап
а) бірге ә) әрі б)таман
4 Көп нүктенің орнына қай жалғаулық қойылады?
Самат ..... Асқар жайлаудағы аталарына барып өмектесті.
а) пен ә) та б) біресе
5 Сөйлемдегі көмекші есімді тап.
Керуеншілер киіз үйдің жанынан баяу өтіп бара жатыр.
а ) жатыр ә)жанынан б)баяу
6 Көмекші етістікті тап.
Жұман бай ертерек тұрып кетіп еді. а ) еді ә )тұрып б )кетіп
7 Одағай сөзді анықта
а) қайрақ , мен ә) әттең,аһ б) емес,дегенмен
8 Шақыру одағайын тап.
а ) айт ә)қап б) тәйт
2- тапсырма
Тақтамен жұмыс
Сөйлем жаздырып, шылауды таптыру, түріне ажырату.
1.Игілік Қызылжардан өткен жолы да,бұл жолы да ренжіп қайтты. 2.Теңіз біресе ауыр күрсінгендей ,біресе жалқау есінегендей болады. 3.Үлкен үй мен күншығыс жаққа тігілген қонақ үйдің екі арасында бір топ жан тұр екен.
3- тапсырма
Мәтінмен жұмыс Терме диктант
Септеулік Жалғаулық
1
2
3
4
I V Бекіту
4- тапсырма
Мақал - сөздің маржаны
Аталы сөз- баталы сөз.
***
Жүк ауырын нар көтерер,
Сөз ауырын ер көтерер.
***
Өнер- жігіт көркі,
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
***
Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.
***
Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да , шыныңды айтпа.
5-тапсырма
Сөзжұмбақ «Дәстүр»
д
ә
с
т
ү
р
1 «қап» сөзін ажырат
2 шылау
3 жалғаулық
4 көмекші етістік
5 сөз табы
6 септеулік шылау
( одағай, және, сол, ет, үстеу, қарай )
V. Үйге тапсырма
Ереже жаттау, ойдан сөйлем жазу.
VI Бағалау
---------------------------------------------------------------
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қайырғалиева Асима Сұлтанқызы
Қазақ тілі
8 «б»-сынып Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы -Баяндауыш
Сабақтың мақсаты
білімділігі-- баяндауыш туралы ақпарат беру;сөйлемнен баяндауышты табу,баяндауышқа сұрақ қою,қай сөз табынан жасалғанын ажырату,мысал ойлау,
дамытушылығы-шығармашылық жұмыс жасау арқылы баяндауыш ты терең білу,ойлау қабілетін,өздігінен жұмыс жасау дағдыларын дамыту
тәрбиелігі- шешен сөйлеуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі- слайд,мультимедиа,тест сұрақтары
Сабақтың түрі- жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдістері-сұрақ –жауап,талдау,баяндау,сатылай кешенді талдау
Сабақтағы пәнаралық байланыс-әдебиет,шешендік өнер
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын сұрау
1 Ережелер
2 Жаттығуды тексеру
3 Сұрақ-жауап
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш деген не?
Бастауыш болатын сөз таптарын ата.
Мысал айт.
III Жаңа сабақты түсіндіру
Сырым мен Балаби
Сырым бір жылы Орта жүзге барғанда Балаби шешенге кез келеді.Сырым мен Балаби екеуі көп әңгімелеседі.Балаби:
-Сіз ағайынды нешеу едіңіз?-дейді.
Сырым:
-Мен ағайынды екеумін ,-дейді.
Балаби:
-Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік,-дейді.
Сырым:
-Сіз түсінбедіңіз,мен Даттан он бір екенім рас,бірақ та олардың маған мына далада қанша керегі бар,менің ағайынды екеумін дегенім ,біреуі-өзім,екіншісі-көпшілік халқым еді,-дейді.
Балаби:
-Үгітті ,ақылды қандай адамға айту керек?-дейді.
Сырым:
-Үгітті ұққанға,ақылды жұққанға айту керек,-дейді.
Балаби:
-Ат пен ер қандай жерде не үшін шабады?-дейді.
Сырым:
-Ат шабысына қарай,ер намысына қарай шабады,-дейді.
Балаби:
-Дүниеде не тәтті?-дейді.
Сырым:
-Аста тұз тәтті,адамда дос тәтті,-дейді.
2 Сұрақ қойылады.
-Балалар осы шешендік сөздің мәнісін қалай түсінесіңдер?
-Асты сызылған сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңдар.
-Баяндауышқа терең мән беріп көрейікші.Қандай сөз таптарынан жасалып тұр?
Мысалдар
Қиыны бұл дүниенің қолы тарлық.
Содан ол ала жаздай екі ауылдың арасын жол қылды.
Тақтамен жұмыс
1.Дәрігер-ардақты мамандық.
2.Тау жақтан ескен самалдың лебі салқын.
3 Бұлар он бес.
4 . Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
5. Ауыл мәдениеті де өсіп келеді.
6.Шошынғаннан жолдасы есінен танып қалыпты.
7.Жастардың елге қосар үлесі орасан зор.
Дәптермен жұмыс 53-жаттығу
Оқушылар өздері жетек сұрақтар арқылы жаңа сабақты түсінеді.
IV Сабақты бекіту жаттығуларын жүргізу
• Оқулықпен жұмыс
• Дәптермен жұмыс
• Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей тапсырмасы
1.Төмендегі сөйлемдерді күрделі баяндауышты қатыстырып аяқтау.
1.Құстар жылы жаққа ... ...
2.Балалардың сатып алған дәптерлері ... ...
3.Сен мектепке тез ... ...
4.Маған шешендік сөз ... ...
II деңгей тапсырмалары
1.Сөйлемдерден баяндауышты тап.
2.Баяндауыштың қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықта және сол сөзді сатылай кешенді талдау үлгісімен талдап көр.
1. Адам үніне ұқсас дыбыс шығаратын музыкалық аспаптардың бірі - қобыз.
2. Жарасбек ауылына достарымен кетті.
III деңгей
1-тапсырма
Тест орындау
1.Зат есімнен жасалған баяндауышы бар сөйлемді тап.
А..Шәкір екеуіміз ағайынды-ініліміз.
Ә.Асқар тау басында бір арқар тіршілік етіпті.
Б.Азамат деген-осы.
2. Тұйық етістіктен жасалған баяндауыш.
А..Қайғылы көңілге қай-қайдағы үйір.
Ә. .Балалар байлықты кітаптан үйренуде.
Б.Айдын бұл сұраққа жұмған аузын ашпады.
3. Көп нүктенің орнына тиісті тұрақты тіркесті баяндауыш етіп
жаз.
Ол үй сыртындағы дабыр-дұбырға ... ......
А. жұмған аузын ашпады
Ә. құлақ аспады
Б. ат ізін құрғатпады
4. Үйірлі бастауыш қатысқан сөйлемді тап.
А.Жеті атасын білмеген-жетесіз.
Ә.Мен анамның мамандығын қалаймын.
Б.Қобыздың сырт пішіні адамның дене бітіміне ұқсас.
5. Сөйлем құрауға негіз болып тұрған мүшелерді табыңдар.
Мақта –аса бағалы өсімдік.
А.аса бағалы
Ә.бағалы өсімдік
Б.мақта -өсімдік
2-тапсырма
Берілген ойды аяқтап жаз.
Табиғат!Сен әлемдегі барша байлықтардың анасы,сұлулық атаулының данасысың. .....
V « Білім биржасы»
1-деңгей тапсырмасы 10 ұпай
2-деңгей тапсырмасы 20 ұпай
3-деңгей тапсырмасы 30 ұпай
«5» - 60-50 ұпай
«4» - 50-35 ұпай
«3» - 25-15 ұпай
VI Қорыту Бүгінгі өткен сабаққа БҮҮ стратегиясын ұсыну
Әркім өз пікірін дәптеріне жазады.
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді
Түйін
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойына жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
VII Үйге тапсырма беру
55-жаттығу Ереже




