
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 6 орта мектеп
басчтауыш сынып мұғалімі
Тулебаева Каламбир Нургалиевна
Тақырыбы: «Әкем,шешем және мен»
Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру.Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмі[left][/left]р салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер
1. Спорт - денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
3. Саулық - байлық негізі
4. Музыкалық аппаратура.
Барысы:
1 - жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі
2 «В» сыныбының ата-аналарымен ұйымдастырылып жатқан «Әкем, шешем және мен» отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Бұл сайыс мектебіміздің бастауыш сыныптарының «Білім негізі бастауышта атты» онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр.Бүгінгі сайысымыз сонымен қатар 19-қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күні және 1-желтоқсан Есірткіге қарсы күрес күндерімен тұспа тұс келіп отыр.
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол



