
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 6 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Тулебаева Каламбир Нургалиевна
Сабақтың тақырыбы:Махамбеттің тапқырлығы 139- 140жаттығулар
Сабақтың мақсаты: заттың санын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау;Сөйлем ішіне заттың санын білдіретін сөздерді таба білуді үйрету;«Махамбеттің тапқырлығы» мәтінімен танысу, оқу, талдау.
Дамытушылығы: оқушылардың шапшаң ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика
Көрнекілігі: слайд, махамбеттің суреті, сандар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Үш би» өлеңін оқыту;
2. Слайдта көрсетілген сұрақтарға жауап алу.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс
139-жаттығу
а) «Санамақты» оқыту
ә) Неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.
Оқушыларға сандар туралы тақпақ, жұмбақ, мақал, санамақтар айтқызу.
ІҮ. Көркем жазу минуты. Көру диктанты
Суретте: 3 оқушы, 2 көжек, 4 балапан, 5 көбелек, 1 мысық.
Ү. Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу
Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп, түсті тағы біреуі,
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (8)
ҮІ. Карточкамен жұмыс
Сан есімдерді табу. Мақал-мәтелдер
1. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
2. Тойған жерге тоғыз кел.
3. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
ҮІІІ. Махамбеттің өмірбаянымен таныстыру. Слайдтан көрсету
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ
1804-1846 Батыс Қазақстан облысы,Орда ауданы,Нарын құмында дүниеге келген.Халық батыры,ақын,патшаға қарсы
күреседі
ІХ. Мәтінді оқу.
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту және рөлге бөліп оқыту.
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу, сұрақтарға жауап алу.
-Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?
-Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?
-Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?
-Тергеуші неге қайтып кетті?
«Сөз сүйектен өтеді» мақалын оқу,мағынасын түсіндіру.
Х. Сабақ қорытындысы.
- Суретте не берілген?
Заттың атын,қимылын,санын,сынын білдіретін сөздер
Сұрақтарға жауап береді?
АТЫ ҚИМЫЛЫ СЫНЫ САНЫ
Кім? Не істеді? Қандай? Неше?
Бала ойнады үлкен бес
ХІІ. Үйге тапсырма.Мәтінді оқу. 140-жаттығу
ХІІІ. Бағалау. Балаларды мадақтау.



