Тақырыбы: Жаңашыл мұғалім және кәсіби мәдениет
-Құрметті ұстаздар! Бүгінгі бастауыш сынып біірлестігінің ұйымдастыруымен болғалы отырған «Жаңашыл мұғалім жене кәсіби мәдениет» тақырыбы аясында өткізілетін сайысымызға қош келдіңіздер!Сайыстың мақсаты:мүғалім кәсіби түрғыдан терең білімді, инновациялық жаңа бағыттағы іс-әрекетке дайын, мүғалімдік қызмет атқару стилі бар баланы,жеке түлға ретінде тани білетін мүғалімдерді анықтау.
Сайыс шарттары:
1.«Мұғалімдік –ұлы міндет»
Қатысушы мұғалімдердің шығармашылық жағынан таныстыруы.5-7 мин.
2. «Білім- сарқылмас қазына»
Мұғалімдердің білімділігін тест арқылы анықтау 20 мин.
3.«Ұстаздық шеберлік»
Берілген ситуацияның шешімін кәсіби тұрғыда шешу 10 мин.
4.«Жаңашыл ұстаз қандай болу керек?»
Тақырыбы аясында шеберлік сыныбын өткізу 15 мин.
Байқайудың бағалануы; «5» «4» «3» балдық жүйе негізенде бағаланады.
Жүргізуші:Жаңашыл мұғалім ұйымдастыру қабілеті шебер, бала жанын түсіндіретін,
Терең ойлы бойындағы бар қасиетті бала жүрегіне дарыта білетін ұстаз, бала жанының
бағбаны.
Ендеше, бала жанының бағбаны болар жаңашыл мұғалімдерімізді ортаға шақырып.
қарсы алайық.
1.Оңалдықова Гүлімхан.4 Г сынып жетекшісі.
2.Мыңтұрғанова Жадыра. 2 Г сынып жетекшісі.
3.Изімбергенова Нұргүл.1 В сынып жетекшісі.
4.Сарсенбаева Камила. 2 А сынып жетекшісі.
5.Тәңірбергенова Мөлдір. 4Г сынып жетекшісі.
Жақсысына қуанып бір шаттанар,
Әр шәкіртін ұғынып сыр ақтарар.
Мұғалім сыныбының ең жақыны,
Жүргеннен әр оқушы жолын табар.
-Құрметті сайысқа қатысушылар! Байқау шарттары сіздерге белгілі, алдын –ала таныстырылды.
-Әрине, сайыс болған соң біреу озып ,біреу қалыс қалары хақ. Олай болса,бүгінгі сайысқақатысушылардың өзіндік шеберлігін бағалар әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бимағанбетова К
2.Қайнарбаева Г
3.Құрақбаева Ә
Жүргізуші:
Сыныбының қыр-сырын айтып көрсін,
Әнін салсын, м,ейлі ол сөзбен өрсін.
Таныта алса сыныбын озық оймен,
Ондай жанға қызығып ,шіркін дерсің-дегендей, сайысымыздың1 –шартына кезек берелік(әр сайыскер кезек бойынша ортаға шығу.).
Жүргізуші: 1-шарт бойынша, сайыскерлерімізге, әділ қазылар алқасының бағасы.
Жетекшінің міндеті бағыт берер,
Келешек тұр артында оған ерер.
Өзін-өзі басқару-күн талабы,
Ұстазбен әрқашан ел көгерер.
Сайыскерлеріміздің «Ұстаздық шеберлік» тақырыбына кезек берелік(қатысушылар рет бойынша ортаға шығу).
Әділ қазылар бағасы.
Ұшқыр ойлы,тереңде талғамы да,
Байқалатын бір сын бар тағы мұнда.
Сабақ беру- мазмұны-шын шеберлік,
Ұтқырлығын көрсетсін алдымызда.-дегендей сайысымыздың 3-ші шартына кезек берелік.( қатысушылар рет бойынша ортаға шығу).
Әділ қазылар бағасы.
4 сайысты түсіндіре кету.
Жүргізуші: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенімен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше педагог ұстаздың шеберлікке қолы жетпейді »,-деп Ушинский айтқандай,әр жаңашыл мұғалім өз сыныбындағы оқушыларды тұлға ретінде танып қана қоймай,тереңнен зерттеу қажет.
Олай болса,бүгінгі сайысқа қатысушы мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін анықтайтын кез де келіп жеткендей.(сайыскерлерді ортаға шақыру).
Әділ қазыларымызға сөз берелік.
- ерасыл
- 13 ноября 2014
- 2323
- 0



