
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Салыкбаева Танслудың сауат ашудан қысқа мерзімді жоспары
К дыбысы
Қ дыбысы 1-сабақ
Қ дыбысы 2-сабақ
Сілтеме Кеспе дыбыстар,буындар,оқулық, тақырыптық суреттер
Жалпы
мақсаттары -К к дыбысы мен әрпін таныту,баспа,жазба түрлерін білдіру.
- К к дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.Өтілген сабақты сіңіре түсу.
-Дыбыс,әріп, буын,сөз,сөйлем туралы білімдерін толықтыру.
-Сызба арқылы сөз,сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
-Сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету.
-Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыруға,сауатты, әсерлі,мәнерлі
сөйлеуге баулу.
-Сөздік қорын байыта отыра,байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Үш буынды сөздер мен үш дыбысты буындармен еркін жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
-Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу
мәдениетін дамыту.
-Оқушылардың өнерге,білімге деген сүйіспеншілігін арттыру.Спортқа
баулу.
-Достық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.
Оқыту
нәтижесі - К к дыбысы мен әрпін таниды.
- Дыбыс,әріп,буын, сөз, сөйлем туралы білімдері толығады.
- Мәтінмен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
- Тақырыптық суретке әңгіме құрастырып және жүйелі сөйлеуге
үйренеді.Сөздік қоры молаяды.
- Өнерге, білімге,спортқа деген құлшынысы артады.
- Достықты қадірлеп жүру керектігін ұғынады.
Негізгі идеялар К к дыбысы мен әрпін таныту.
Тапсырмалар 1-тапсырма:орталықтарға бөліну
Түрткі сұрақтарға жауап алу
Өткен тақырыпты еске түсіру арқылы білімдерін тексеру.
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс.Заттарды атау.Сол сөздер ішінен
К к дыбысын аңғарту.
Оқытудың жаңа формасын қолдану.
2-тапсырма:
Сұраулы сөйлемге жауап бере сөйлеуді үйрету.
Әр топқа суреттен К к дыбысына байланысты сөздерді табу
сурет бойынша сөйлемдер құрау
"Зерделеу" стратегиясын қолдану.
СТО технолгиясын пайдалану.
3- тапсырма:
Бағандағы сөздерді оқу, талдау,буын санын анықтау.
К к дыбысының не себепті бас әріп,не себепті кіші әріптен басталуын түсіндіру.
Сергіту сәті.
Топтастыру стратегиясын қолдану.
Диалог әдісін қолдану.
4-тапсырма:.
Жазу үлгісімен жұмыс.
Формативті бағалау
Кейінгі тапсырмалар Өтілген дыбыстарды және К к дыбысын оқып келу.
Үй тапсырмасы К к дыбыстарын дәптерде орындау




