«Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров
«Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бекова Айсулу Кыдыргожаевна

4 «А» сыныбына арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
20.10.2012 6-күн 2-сабақ
Сабақтың атауы Мысал «Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров


Сілтеме «аңдардың тіршілігі» видеоролик;
көрнекілік: слайд
Жалпы мақсаттар АКТпайдалану арқылы қызығушылықты ояту,сыни ойлауын дамыту; жағдаяттар барысында дарындылық қабілеттерін байқау;Оқытудағы жаңа тәсіл: мәтінді мақсатты оқуы үйрету; шығармашылық тапсырма кезінде көшбасшылықты анықтау; салыстыру тапсырмасын беруде жас ерекшелігін бақылау; өзін -өзі бағалау.
Оқыту нәтижесі Ой қиялын берілген обьектіге жинақтап сөйлеуді;
Мәтін мазмұнын өз беттерімен ұғынуды;
Сұраққа нақты жауап беруді;
өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді;
пікірлерді салыстыра білуді;
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айыруды.
Негізгі идеялар ИтЖағымсыз қасиеттерден арылу.
Тапсырмалар 1-тапсырма. Мақсатты оқу.
2-тапсырма.
Ой түрткі-видеороликтен аңдарды қорғау. 3-тапсырма. «Арыстан мен тышқанға» мінездеме бер
4-тапсырма
топтастыр
Кейінгі тапсырмалар Аңдардың тіршілігі туралы деректер жинақтау.


Мұғалімнің ойлары Тренердің жазбалары
1-тапсырма. Мақсатты оқу.
Арыстан мен тышқанды рөлге бөліп оқыды.
Екі топтан екі оқушы Жайнагүл – тышқан, Есен – арыстан болып мәтінді толық, мағыналы етіп, образға кіре отырып, оқып шықты. Екі оқушының да сахналық шеберліктері жоғары екендігін байқадым.
2-тапсырма Ой түрткі-видеороликтен аңдарды қорғауда өздеріңе қандай ой түйдіңдер?-деп оқушылардың пікірлері тыңдалды
Видеороликке қарап оқушылар аңдарды қалай қорғауға болатындығы жөнінде өз ойларын толық жеткізді. Оның ішінде, Сейтімбет: «Елімізде аңдар өте көп емес. Сондықтан оларды қорғаумыз керек. Азайып кеткен аңдарды қорғау үшін арнайы «Қызыл кітапқа» енгізіледі. Біз сыныппен аңдар туралы мәлімет алу үшін «Үстірт қорығына бардық.»
Модуль: сыни тұрғыдан ойлау –мағынаны ашу, дәлелдеу. АКТ-видеоролик.
3-тапсырма. «Арыстан мен тышқанға» мінездеме берді. Өз ойларын нақты жеткізе білді.
Азамат: «Арыстан-жыртқыш, айбатты, үлкен жануар екендігін айтты. Сондай-ақ , М.Жұмабаевтың «Арыстандай айбатты» дегеніне қарағанда арыстан-өте қайратты жануар деп ойлаймын».
Орынбек: «Тышқан-өте еңбекқор жәндік. Сондай-ақ, күнделікті өмірде тышқанды аса ұната бермейді. Өйткені, ол қапты, кез-келген нәрсені тесіп тастайды.»
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау- пікір алмасу.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-сөйлеу дағдылары.
4-тапсырма. Топтастыру арқылы оқушылардың бұгінгі сабақты қлай меңгергендігін байқадым
Сабақ барысында, Жайнагүл мен Есеннің сахнаға бейім екендіктері, Азамат пен Орынбектің ұшқыр ойлы, ал Сейтімбеттің өмірмен байланыстыра отырып әңгімелеуі арқылы сезімтал оқушы екендігін аңғардым. Оқушылардың барлығы да талантты деген ой түйдім.
Модуль: сыни тұрғыдан ойлау
Бағалау .Модульдер: сыни тұрғыдан ойлау- сыни пікір. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау -формативті және жиынтық бағалау.
Оқушыларды өзара бағалауы мен өзімнің бағалауым арқылы жиынтық бағасын қойдым.

«Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
«Ара мен шыбын»  О.Әубәкіров

«Ара мен шыбын» О.Әубәкіров

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Кыдыргожаевна 4 «А» сыныбына арналған ана...
Ахмет Байтұрсынов  «Аққу, шортан һәм шаян»

Ахмет Байтұрсынов «Аққу, шортан һәм шаян»

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Кыдыргожаевна 4 « А» сыныбына арналған ана...
Коучинг  жоспары: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Коучинг жоспары: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурекешова Айжан Шорсовна «Сын...
Құрттар класына жалпы сипаттама

Құрттар класына жалпы сипаттама

Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Қоскөл селосы «№11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна Қысқа мерзімді сабақ...
Тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы

Тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы

Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Қоскөл селосы «№11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна 6 сыныптағы биология...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру