Ахмет Байтұрсынов «Аққу, шортан һәм шаян»
Ахмет Байтұрсынов  «Аққу, шортан һәм шаян»
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бекова Айсулу Кыдыргожаевна

4 « А» сыныбына арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
17.10.2012 3-күн 2-сабақ
Сабақтың атауы Ахмет Байтұрсынов «Аққу, шортан һәм шаян»
Сілтеме Слайдтан тапсырма көздері


Жалпы мақсаттар сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, мысал өлеңнің мағынасын түсіну; жағдаятты шешу арқылы сабақтың қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау.
Оқыту нәтижесі Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді;
өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі;
өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Негізгі идеялар Көтере алмағанқосып арқалайды.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Тапсырмалар 1-тапсырма. «Жұмбақ» шешу арқылы ойқозғау /3мин/
2-тапсырма. Мәтінді мақсатты оқу. /диалог түрінде оқу/

3-тапсырма.
Мысалдан қандай ой түюге болады?
4-тапсырма.
«бірлік туралы» тақырыбына эссе жазу. /7мин
Кейінгі тапсырмалар Мысал өлеңді жаттау

Мұғалімнің ойлары Тренердің жазбалары
1. Ұйымдастыру
2. Үйтапсырмасы:
1-тапсырма. «Қауын мен қарбыз» ертегісін әңгімеле, салыстыр / 5минут/
Қауын мен қарбызды салыстыра отырып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізді. Сыни тұрғыда ойлау әдісі арқылы оқушылар қауын мен қарбыздың ерекшеліктері туралы ойларын айта отырып, өзара жұмбақтар қойып, сыныпта топтық жұмыс жүргізілді. Осы ретте, Жайнагүл, Надежда сияқты оқушылар өз ойларын тиянақты жеткізіп, белсенділік танытты.
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау –негізгі ойды анықтау.
Ой қозғау. 2-тапсырма
Миға шабуыл. 5минут «жұмбақ шешу» арқылы тақырыпты ашуды жеңілдету.
Ақылбек, Азамат, Еркемай сияқты оқушылар сабақ
барысында жұмбақтар шешу арқылы өздерінің зейінділіктерін аңғартты.
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау –негізгі ойды анықтау.
3-тапсырма. Топқа бөлу. Мәтінді мақсатты оқу.
1-топ: Аққу қандай құс?
2-топ: шортан қандай балық?
3-топ: шаян жануарлар тобының қай тобына жатады?
Сыныпты сурет арқылы «Аққу», «Шортан», «Шаян» деп үш топқа бөліп, мәтінін мазмұны оқылып, түсінік берілді. Содан кейін тақтадағы сурет арқылы «Аққу» тобына аққу қандай құс? Деген сұраққа Харон: «Аққу-әдемі, сұлу, ақылды, көрікті» деп жауап берсе, Азамат: «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген мәтел арқылы аққудың адал серік бола білетіндігін айтып өтті.
«Шортан» тобына жануарлардың қай тобына жатады деген сұраққа Есен: «Қылтанды, жыртқыш, ұзынтұмсықты» деп толық жауап берді. Индира жалпы балық жайлы, оның суда мекендейтіндігін, балықтың түрлерін айтты.
«Шаян» тобына шаян жануарлардың қай тобына жатады деген сұраққа Сабыр: «Бауырымен жорғалаушы, улы жәндік» десе, Орынбек: «Құрғақшылықта, құмақ жерлерде мекен етеді» деп жауап беріп, оның зиянды жәндік екендігін де атап айтып кетті.
Сабақ барысында Азамат, Есен, Орынбек сияқты оқушыларды зейіні жақсы, ойлау қабілеттері жақсы дамыған, дарынды оқушылар екендігі анықталды.
Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-мақсатты оқу, диалог. Сыни тұрғыдан ойлау – мағынаны ашу, дәлелдеу.

4-тапсырма.
Мысалдан қандай ой түюге болады? Пікірлерін өмірменжәнетоп аттарымен байланыстырып постермен қорғады.
Мысалдан түйген ойлары, оларды өмірмен, қоғаммен байланыстыру барысында Мәдина: «Жалпы мысал түрінде берілген өлең болғанымен оның көп қасиеттері адамға ұқсайды. Адамдар арасында да ынтымақ болмаса, кез-келген қиыншылықты жеңе алмаған болар едік. Еліміздің тыныш болуы да өзге елдермен достығымыздың арқасында. Сондықтан бізде жақсы жетістіктерге жету үшін сынып оқушылары бірлікте, ынтымақта болайық» деп өз ойын қоғаммен байланыстыра отырып әңгімеледі. Осы сөздер арқылы Мәдинаның өте қабілетті, тіл байлығы мол, ойын еркін жеткізе алатын оқушы екендігін байқадым.
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау- әңгіме құрастыру.
5-тапсырма «бірлік туралы » Эссе жазды.
Надежда: «Бірлік – кез-келген қолы жете бермейтін ұлы ұғым. Ауызбіршілікті сақтау маңызды. Себебі, «бірлік бар жерде – тірлік бар» деп аталарымыз тегін айтпаса керек.» деп өз ойын сыни тұрғыдан өте мәнді етіп жеткізсе, Мирас: «Бірлік – түбі береке» дегендей, берекелі де мерекелі ел болғымыз келсе ынтымақта болайық» деп өз ойын тұжырымдай білді. Осы ретте, оқушылардың ойлау деңгейлері, өз ойларын еркін жеткізе білулері арқылы қазақ тіліне деген құрметтері зор екендіктерін байқадым.
Модуль: сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне байланысты дарындылықты байқадым.
Бағалау .топтық бағалау, жетондар арқылы оқыту мен оқуды бағалау. Жиынтық бағалау қойылды.
«Шаян», «Шортан», «Аққу» топтары өзара бір-бірін бағалады. Бес бұрыш-бес, төрт бұрыш-төрт, үш бұрыш – үштік бағаларды білдіреді. Осы жетондар арқылы жиынтық бағалары шығарылды.


Ахмет Байтұрсынов  «Аққу, шортан һәм шаян» ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
«Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров

«Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Кыдыргожаевна 4 «А» сыныбына арналған ана...
«Ара мен шыбын»  О.Әубәкіров

«Ара мен шыбын» О.Әубәкіров

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Кыдыргожаевна 4 «А» сыныбына арналған ана...
Коучинг  жоспары: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Коучинг жоспары: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурекешова Айжан Шорсовна «Сын...
Құрттар класына жалпы сипаттама

Құрттар класына жалпы сипаттама

Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Қоскөл селосы «№11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна Қысқа мерзімді сабақ...
Тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы

Тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы

Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Қоскөл селосы «№11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна 6 сыныптағы биология...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру