
Каримова Айгүл Аманбайқызы
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебінің
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Коучинг –сабақ
«Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың маңызы»
Сабақтың тақырыбы «Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың маңызы»
Жалпы мақсаты Әріптестер арасында оқушы білімін нақты бағалау туралы тәжірибе алмасу арқылы критериалды бағалаудың маңыздылығын ұғындыру, критериалды бағалауды тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.
Күтілетін нәтиже Оқыту үшін бағалау туралы біледі және бағалау критерийлерін құрастырып, оқу үрдісінде қолдана алады.
Түйінді идея Критерийлер мен дескрипторларды құрастыра отырып, оқушы жетістігін критериалды бағалау арқылы бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Дереккөздер Мұғалімге арналған нұсқаулық , бірінші ( ілгері ) деңгей
Пайдаланған құралдар мен материалдар Интерактивті тақта, презентация, постерлер, маркерлер, стикер.
Жүру барысы:
Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Психологиялық дайындық
Бейнекөрініс: «Жаңа заман мұғалімі» Бейнекөрініс арқылы жаңа заман мұғалімінің бейнесіне талдау жасайды.
Сәлемдесу «Мен саған сенемін» Қатысушылар жұп құра отырып, бір-біріне деген сенімдерін жеткізеді.
Коуч түсіндірмесі:
Формативті және жиынтық бағалау, олардың мақсаты, айырмашылықтары туралы түсіндіру
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау туралы түсінік алады.
«Рөлдегі капитан» ойыны арқылы топтарға бөліну. Ойынды ойнау арқылы топтарға бөліну.
Үйдің суретін салу. Топтар бір-бірінің суретін алдымен дәстүрлі бағалап, кейін өздері құрастырған критерийлер бойынша бағалайды.
Сергіту сәті «Мұғалімдердің жиі қолданатын сөз тіркестері» Сергіту сәті арқылы жағымды психологиялық көңіл-күй орнайды.
Практикалық жұмыс
Пәндер бойынша топтарға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша оқушылардың жетістік деңгейлеріне критерийлер мен дескрипторлар құрастырады.
Рефлексия
Қатысушылар коучингтен алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдіреді.
[img=left][img=left]/uploads/posts/2014-09/1411446674_skachat-knopka2.png[/img][/img]





