
№ 220 мектеп Изекеева Райса
ІІІ тоқсан 10. 2.2014 ж 45 минут
Пәні: қазақ тілі 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Сөз таптары бойынша өткенді қайталайды, ойлауын дамытады.
Күтілетін нәтиже Сөз таптары түрлерін қайта жаңғыртады; сөздерді мағыналарына қарай топтастырады, сөз тіркесін құрайды; сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды; сәйкестендіреді.
Сөз таптарын ажырата алатын болады.
Негізгі идеялар Сөз таптары туралы білімдерін жаттығулар барысында еске түсіріп, тереңдете түседі .
Сөздерге сұрақ қоя отырып қай сөз табына жататынын таба білу. Зат есім мен етістіктен сөз тіркесін құрай білу. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтай білуі. Сәйкестендіре білуі.
Тапсырмалар Топтық жұмыс « Ес картасын жасау »
Топтық жұмыс « Ойлан, ортаға сал »
Жұптық жұмыс « Кестемен жұмыс »
Жеке жұмыс « Өз бетінше жұмыс »
Жеке жұмыс « Кеңейтілген тапсырма »
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады?)
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Уақыты
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
2. Топқа бөлу.
Зат есім, сан есім, сын есім, етістік сөздері жазылған қима қағаздарды таңдап алу арқылы топтарға бөліну.
ІІ. Үй тапсырмасын талдау
6 - жаттығу
Мәтінді оқып, төртінші сөйлемді жатқа жаз.
ІІІ. Талқылау сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не ?
2. Сөз құрамы дегеніміз не ?
3. Түбір сөз дегеніміз не ?
4. Туынды сөз дегеніміз не ?
5. Слайдтан берілген тапсырманы орындау.
Қалып қойған сөздерді толықтырып айту.
Мадақтап отырамын.
ІҮ. Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Ү.Топтық жұмыс " Ес картасын жасау "
І топқа: зат есім
ІІ топқа: етістік
ІІІ топқа: сан есім
ІҮ топқа: сын есім
Топтардың бір - бірін бағалауы жүргізіледі.
ҮІ.Топтық жұмыс " Ойлан, ортаға сал"
4 - жаттығу
Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз.
Топтардың бір - бірін бағалауы жүргізіледі.
VІІ. Жұптық жұмыс : "Кестемен жұмыс "
Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыр.
Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік, жасыл.
зат есім етістік сын есім сан есім
Жұптардың бір - бірін бағалауы жүргізіледі.
VІІІ. Жеке жұмыс " Өз бетінше жұмыс"
Тақтаға орындатамын.
Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім ?
Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.
Мадақтап, қолпаштап отырамын.
ІХ. Жеке жұмыс "Кеңейтілген тапсырма"
І тапсырма: Сәйкестендір
Зат есім әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл
Етістік жеті,тоғыз, жиырма,елу,мың
Сын есім аққу,емен, оқулық, ауа
Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты
ІІ тапсырма:
Зат есім ......................................................................
Етістік .........................................................................
Сын есім ....................................................................
Сан есім ......................................................................
ІІІ тапсырма:
Сөз таптары: ................................................................
Тапсырма жауабы суммативті бағаланады.
Х. Кері байланыс парағын толтыру :
Шеңберде тұрып айтады.
Зат есім, сан есім, сын есім, етістік сөздері жазылған қима қағаздарды таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді.
опта бір - бірін тексеріп, әр топ баяндайды.
Сұрақтарға өз жауаптарын дәлелдей отырып жауап береді.
Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.
Әр топ спикері өз тобының жұмысын қорғайды.
Топтар сағат тілімен бір - бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалап, түсіндірмесін айтады.
Қайық жүзеді, бала өседі, бақа секіреді, доп ұшады, құс ұшады, ағаш өседі, балақай жүреді.
Топтар бір - бірін басбармақ арқылы бағалайды, түсіндірмесін айтады.
зат есім етістік сын есім сан есім
жұлдыз
тау
ата
ақын
адам
құс оқыды
жуынды
жүзді көк
үлкен
биік
жасыл екі
жеті
отыз
Жұптар бір - бірін өзара бағалайды.
Жаңылтпашты оқып, жатқа айтады. Сөздердің қай сөз табына жататынын айтады.
Тақтаға бір оқушы жазады.
Сөз таптары мен сөздерді сәйкестендіреді.
Әр сөз табы туралы білетінін жазады.
Сөз таптары туралы не білетінін жазады.
Бірнеше оқушыға оқытамын.
4минут
Кейінгі тапсырма 6 - жаттығуды жазып келу.



