Білім биржасы
Білім биржасы
Тақырыбы:"Білім биржасы" зияткерлік сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып,ой-өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру пәндерден алған білімдерін тиянақтау. Өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген, бәсекелестікке қабілетті тұлғаны қалыптастыру.Сайыс сұрақтарының негізгі пәндерден құрастырылғандығы,оқушының жеке басының интеллектуалды әлеуетінің қалыптасуына,жан-жақты жетілуіне бағытталады.

Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Бұл сайыста 4-сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.
Ендеше сайыстың шарттарымен таныстырсақ:
І кезең. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 5сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды.
ІІ кезең. «Эрудиттер сайысы». Бұл кезеңде ұяшықтар таңдайды.Әрбір топ тест тапсырмаларына жауап беріп, дұрыс жауапқа ақша жинайды.
ІІІ кезең. « Полиглот» деп аталады.

І-топ: «Болашақ »- білімділер тобы.
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
ІІ-топ:
«Асыл тас» білгірлер тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.
ІІІ-топ «Эврика» – тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.


Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін эксперт тобымен таныс болыңыздар: 1. 2. 3.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламаларынан бірі. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Аукционда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Пәндерден алған білімдеріңізді сайыс алаңында сынап, капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда. Сайыста дұрыс жауап «теңгемен» бағаланатын болғандықтан,бізге қазынашы керек болады. Қазынашымен таныс болыңыздар: 4 сынып оқушысы ---------------- Олай болса сайысымызды бастаймыз. Аукционға дүниетану пәнінің тараулары қойылады. Тарау бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады.Егер топ сұраққа дұрыс жауап берсе,Білім биржасы қорынан ұсынылған ақша топ капиталына түседі. Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға 1 дүниетану пәнінің «Адам-қоғам перзенті» тарауы қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Сатылды! Сұрағы: «Алтын адам» қайдан табылды,қай жылы кім тапқан?
Жауабы: Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігінен, 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.
2. Аукционға қазақ тілі пәнінен «Тіл және сөйлеу»тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы: Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп,өзара үндесіп айтылуын не деп атаймыз?
Жауабы: дыбыс үндестігі
3. Аукционға дүниетану пәнінің «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Қазақстандағы қорықтарды ата.
Жауабы: Қазақстандағы қорықтар: Алматы, Наурызым, Ақсу –Жабағлы, Барсакелмес, Марқакөл, Қорғалжын, Үстірт, Қатонқарағай.
4. Аукционға «Табиғат» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ:¬Өрт сөндірушілердің киімі тігілетін мата тоқуда,электр тогын өткізбейтін, отқа жанбайтын қасиеті бар қазба не деп аталады?
Жауабы: Асбест қазбасы.
5. Аукционға қазақ тілі пәнінен «Тіл және сөйлеу»тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ:Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін не дейміз?
Жауабы: бірыңғай мүшелер
6. Аукционға «Адам-қоғам перзенті» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: «Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталуы» атты еңбекті жазған ағылшын зерттеушісі кім? Жауабы:Чарльз Дарвин.
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысымыздың 2-ші кезеңін бастаймыз. Дайынбыз ба?
ІІ кезең: «Эрудиттер сайысы» деп аталады.Топтар ұяшық таңдайды,ұяшықтарда тест сұрақтары жасырылған. Бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. 1. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?
А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.
2.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы.
А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек. 3.Сөйлемде бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісі? А)нүкте Ә)үтір)қос нүкте 4.Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін,бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер не деп аталады? А)Мағынасы жуық сөздер Ә)Мағынасы қарама-қарсы сөздер Б)Қыстырма сөздер 5.Сыйлық 20 ұпай. 6.Халық арасында ауызша шығарылып,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен шығармалар не деп аталады? А)Ертегілер Ә)Халық ауыз әдебиеті Б)Батырлар жыры «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
ІІІ кезең:«Полиглот-тілмәш» деп аталады.Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың жауабын 1тілде айтса 10 тенге,2тілде айтса 20 тенге өз қорларына түседі.
1.Шидиген ұзын сирағы, Тастай керең құлағы, Сөйтіп жүріп көп жерге, Аспалы тор құрады. (Өрмекші- паук )
2.Жоқ өзінде бас та, Қас та,мойын да Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш-линейка)
3.Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың. Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті. (Асқабақ-тыква) 4. Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (Үтір-запятое)
5.Мінсең желдей жүйткейді, Көңілің таудай өседі, «Алып ұшар алысқа Ер қанаты»деседі. (Жылқы-лошадь)
6. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз-мороз) 7.Өзі үлкен жануар, үстінде екі тауы бар (түйе-верблюд) 8. Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып Әкелді әжем бір күні.(сәбіз-марковь) 9. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға (піл-слон)
Келесі «Таңдау табыс» кезеңіне өту үшін топтардың жинаған ақша капиталын есептеу үшін эксперт тобына кезек береміз.
(Эксперттер есептеп болғанша,оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін, рефлексия жазады.)
Сөз кезегі эксперт тобына Бүгінгі сайысқа қатысқан топтарды марапаттасақ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз.
Білім алудан кеш қалмаңыздар! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру