
Оразымбетова Акмарал
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу
2 сынып
Тақырып Байлық пен ақыл (ертегі)
Сілтеме Қабатай Б.Т. , Рахметова С.Р. 2013ж Алматы «Атамұра» баспасы
Мақсаты 1 Балалардың ойларына байлық туралы түсінік қалыптастыру.
2 «Ақылды» сөзінің мағынасын жан-жақты білуге үйрету.
3 Түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылыққа баулу
Күтілетін нәтиже 1 Балаларға байлық туралы түсінік қалыптасады.
2 «Ақылды» сөзінің мағынасын жан-жақты түсінеді.
3 Тапсырмалар арқылы шығармашылықпен жұмыс жасауды үйренеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Бауырсақ әдісі
Көрнекі-ліктер Стикерлер
Үлестірмелі қағаз
АКТ
Суреттер
Постер
Тапсырма Уақыты
5 минут Мұғалімнің іс-әрекеті
І Ұйымдастыру
Сыныпқа жағымды ахуал туғызу.
Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
Сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
ІІ Маңызын арттыру
«Ұяшық таңда!» ойыны
Ұяшыққа бірнеше сұрақтар жасырамын. Балалар сұраққа жауап беруі тиіс.
Геометриялық фигураларды жауап берген оқушыларға үлестіріп отырамын.
«Бауырсақ» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа жауап беретін балаларды анықтау.
Балалар «Бағдаршам әдісі» арқылы ертегі мазмұнын айтқан балаларды бағалайды.
Үй тапсырмасын қорыту үшін сәйкестендіру тестін беремін.
ІІІ Тұсаукесер
«Ой қозғау» әдісі
Байлық деген не?
Денсаулық-зор байлық дегенді қалай түсінесің?
Ақылды болу үшін не істеу керек?
Сергіту сәті
Көңілді балалар биі
ІV Жаңа сабаққа ену
Топқа бөліну
Балалар сандарды алу арқылы өз топтарын табады.
1-топ. Бай болсаң не істер едің?
2-топ. Ақылды болсаң не істер едің?
3-топ. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
4-топ. Ертегіні жалғастыр.
Топ аралық бағалау. Балалар бір-біріне пікір айтып бағалайды.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді 2-3 оқушыға оқытамын.
Дәптермен жұмыс.
Балалардан байлық не ақыл туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?,-деп сұраймын. Балалардың айтқан мақалдарын тақтаға жаздырып, дәптерге көшірту. Оқушының іс-әрекеті
Тәртіпті болу.
Смайлик арқылы көрсетеді.
Оқу құралдарын алу.
Өлеңді жатқа айтады.
Ұяшық таңдау.
Әр сұраққа, әр бала жауап береді.
Тиісті фигураларын жинайды.
Бауырсақтар бергілі болады.
Ертегі мазмұнын айтады.
Тыңдаған оқушылар бағдаршаммен бағалайды.
Сәйкестендіру тестін орындайды.
Балалар өз ойларын толықтай жеткізе біледі.
Сергіту сәтіне билейді.
Балалар сады алу арқылы топқа бөлінеді.
Постермен жұмыс.
Өз ойларын постер бетіне түсіріп қорғап шығады.
Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Ертегіні өз ойларымен жалғастырады.
Балалар топтарын өз ара бағалап шығады.
Мәтінді 2-3 оқушы оқиды.
Байлық, ақыл туралы мақалдар айтып дәптерлеріне түсіреді.
Қорытынды 2 минут V Білімді жинақтау, жүйелеу
Қиындық келтірген қандай тапсырма?
Ұнаған тұстары қайсы?
Кері байланыс.
Үйге тапсырма 2 минут VІ Кейінгі әрекет
Үйге берілген тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын айту. Кестені толтыру.
Тапсырманы үйден орындау.
Бағалау 2минут Топ аралық бағалау Пікірлерін білдіреді.




