
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының
№2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Естаубаева Нурия Айдаровна
1. Септеулік шылыулар
2. Демеулік шылаулар
3. Одағай сөздер сабақ жоспары
4. Одағай сөздер слайд
Тақырыбы: «Одағай және оның түрлері»
(6 сынып)
Жалпы мақсаты:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар негізгі идеяны түсінуі, оқушылардың қызығушылығын ояту.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.
Көшбасшылықты анықтау
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану
Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау және бірін-бірі бағалай білуге үйрету.
Одағай адамның көңіл-күйлерін білдіретін немесе жан-жануарларды, шақыру, қуу үшін қолданылатын сөздер екенін ұғындыру. Одағай сөздер мәні мен емлесі туралы берік білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сілтеме Топтық тапсырмалар
Жеке жұмыстар
Сергіту сәті «Қызыл өрік»
Бағалау бетшелері
Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚРПКБАКБ ()
Оқыту нәтижелері Оқушы белсенділігін көрсетеді.
Өзара кеңесе алады
Тақырыптың идеясын түсінеді.
Өзара пікірлесе алады
Шыдамдылықпен тыңдай біледі.
Бағалауды үйренеді;
Кері байланысты үйренеді
Сұхбат арқылы кері байланысқа үйренеді;
Эмоциялық әрекет арқылы өзін -өзі реттейді.
Негізгі идеялар Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын тексере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Жаңа сабақ меңгеру Жыл басында келетін мезгіл және думанды мерекені ұлттық дәстүрмен байланыстыра отырып, стикерлермен топқа бөлу
І топ. «Көктем»
ІІ топ. «Наурыз»
ІІІ топ. «Дәстүр»
«Бәйге» ойынын ойнау арқылы топ басшысын анықтаймыз
1. Шылау дегеніміз не? Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
2. Дефис арқылы жазылатын шылауларға мысал келтір
3. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
- Балалар, сіздер бәйгеге шабамыз деп шаршадыңдар ма?
- Ал адамдар шаршағанда не істейді?
- Ал қуанғанда не дейміз?
- Көпшілігіміз жер үйде тұрамыз, малдарымыз бар. Оларды шақыру үшін не істейміз?
- Міне, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз « Одағай» (электрондық оқулық)
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан – жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.
Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан – жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады.
Мысалы: Паһ, мықты екен – ау мынау мұндар! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
Одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай – пай, туу, уһ, әттең т.б.
2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.
3. Олар: құрау – құрау, шөре –шөре, көс – көс, айт, қош – қош, моһ –моһ, құр – құр, кә – кә, пырс т.б.
Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанымен, толық мағынасы жоқ, жеке сөздермен байланысқа түспейді, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Ту, не деген рақат еді!
Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын!
Одағай сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай –пай! Шіркін, қазақтың келіндері –ай!
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: пай-пай, құрау- құрау, құр-құр т.б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көңіл күйін, мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы:
- Жаңа бір күш біткендей болды.
- Бәрекелді!
- Япыр-ай, ә!
Жаңа сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар. Болмаса, біздің аттарымызға қарайық, бәйгеден қайсысы озып келеді екен. Бәйге ары қарай жалғасады. Келесі ойынымыз «Жорға» ойыны.
Тапсырма көздері «Жорға» ойыны 3 топқа үлестірме қағаздары беріледі.
Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл күйін білдіретін одағай.
№1
- Түу, есім жаңа кірді ғой! – Ой, обал-ай! Баласын да тоса алмады. – Уһ, кішкене бел жазайыншы... –Апырай – ай, мына дүлей тіршілікте көк мұздай тас бауыр екен – ау! –Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
№2
- О-о!-деді князь боямашы тағзым жасап. О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Япырай –ай, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.
№3
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!
«Алтыбақан» ойыны 3 топ бір-бірімен кері байланысқа түседі
№1 қима қағаз
Алақай, құрау – құрау. Осы одағайларды қатыстыра сөйлем ойла.
№2 қима қағаз Бәрекелді, қош – қош одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
№3 қима қағаз
Әттең, пай –пай одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
3-тапсырма: 1-топ 314-жаттығу Одағайларды тауып қандай мағынада жұмсалып отырғанын көрсету
2-топ 314-жаттығу (жалғасы)
3-топ 316-жаттығу Одағайларды тауып түріне қарай ажыратыңдар
Сергіту сәті: «Қызыл өрік»
4-тапсырма:
318-жаттығу Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданып тұрғанын жіне қай түріне жататынын ажыратып талдап, жоқ жеріне тыныс белгісін қойып көшіріңдер.
«Дода» ойыны әр топ оқушыларына берілген одағай сөздерін қатыстырып көрініс көрсету
1-топқа Алақай, бәрекелді, пай-пай
2-топқа УҺ, әттеген-ай, қап
3-топқа қырау-қырау, кә-кә, пырс, моһ-моһ
«Дода » ойыны аяқталып, мәреге жеттік.
Кейінгі тапсырмалар
1. Наурыз – көктемнің бірінші айы (морфологиялық талдау)
2. Қазақстанның таулы аймақтары (математикалық жолмен фонетикалық талдау жасау).
3. Наурыз шешек (буын түрі, тасымал, үндестік заңы).
Берілген тақырыптарға мәтін құрастырып, морфологиялық және фонетикалық талдау жасау.
Кері байланыс Сұрақ-жауап
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау



