Электр газымен дәнекерлеуші мамандығын оқытудың ерекшеліктері мен қиыншылықтары Әдістемелік тақырыбым: «Арнайы пәндер сабақтарында білім алушылардың білім сапасын деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы арттыру» Мақсатым: Жастарды электр газымен дәнекерлеуші мамандығына оқыту және түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін оқу материалдық база қазіргі талапқа сай болуы керек. Колледжіміздің материалдық-техникалық базасы оқу бағдарламасының соңғы талаптарына сай жабдықталған. Біздің колледжде 12 электрмен пісірушінің жұмыс орны, 2 газбен пісіруші орындары бар. Электрмен пісірушінің жұмыс орны заман талабына сай жабдықталған. Арнайы пән сабақтарында қолданылатын әдістер мен тәсілдер: Пісіру технологиясының дәнекерлеу зертханасында теорияны практикамен ұштастырып, компьютер арқылы әр түрлі дәнекерлеу жұмыстарын жасауға болады. Сонымен қатар, электр-газ пісіру аппараттары қондырылған шеберхананың білім алушыларға тәжірибе жинақтауда берер пайдасы зор. Ең тиімді оқыту әдісі - виртуальдық станокты қолдану; Қол доғалы 450 жаттығуы, газбен 450 жаттығуы бар. Виртуальды аппараттың артықшылығы материал шығындары жоқ, 1 жаттығуды үйренгенше жаттыға береді. Жаттығу соңында қателерін көрсетеді. Білім алушылар кабинаға кірген кезде, электродты қанша градусқа қисайту керектігін, жіктерді қалай орындау керектігін біледі. Білім алушылардың дәптерлеріне төмендегідей талаптар қоямын: 96 беттік дәптер бастайды. үнемі қадағалап отырамын. тексеру жұмыстары кезінде дәптердің тазалығына, ұқыптылығына, конспектінің толықтығына қарай отырып, +1 ұпай қосамын. КДДБ-ға дайындаудың әдістемесін қалыптастырдым: My Test бағдарламасының көмегімен тест тапсырмалары кітапшаларының сұрақтарынан бірнеше нұсқада тест сұрақтарын дайындадым. Бұл бағдарламаның ерекшелігі дұрыс емес жауапты көрсетіп тұрады. Колледжімізде жыл сайын осы мамандық бойынша кәсіби шеберлік байқауларын өткізіп отырамын. Кәсіби шеберлік байқауында тапсырмаларды сараптау үішн жұмыс берушілер мен бітіріп кеткен түлектерді шақырамын. Әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс жасаймын. Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты – кәсіби даярлау сапасын көтеру, сұранысқа сай жоғары білікті де жан-жақты мамандармен қамтамасыз ету. Сондай ынтымақтастық түлектерді даярлау сапасы туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп дәстүрлі сауалнама жүргіземін. Өндірістік тәжірибелер білімгерлерге мамандықты дұрыс таңдауын бекітуге көмектеседі. • Буханцов С. Облыстық «Үздік дәнекерлеуші» атты жас мамандар байқауында жүлделі І орын, 2013ж; • Облысаралық «Үздік дәнекерлеуші» байқауында жүлделі 3 орын, 2014ж; • Путиенко А. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «Кәсібінің үздігі» атты облыстық байқауда бас жүлде, 2015ж; • Оразшаев А. Аймақтық Worldskills Taldykorgan чемпионатында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ІІІ орын, 2016ж. • Оразшаев А. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай «Терең білім-тәуелсіздігімнің тірегі» тақырыбында өткізілген Алматы облыстық олимпиадасының Дәнекерлеу ісі секция қорытындысы бойынша І- орын. Өндірістік тәжірибеден өту алды дайындығы Өндірістік тәжірибе бойынша күнделіктер әзірленген. Онда тәжірибенің білімгерлерге қойылатын талаптар бекітілген, олар меңгеруге тиісті машықтар, дағдылар анықталған. Тәжірибе барысында білім алушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалар жүйесі нақты анықталған. Бұл оларды өз жұмысын жетілдіру жолдарын іздестіруге жетелейді. Дипломалды тәжірибе білім алушыларға мамандықты дұрыс таңдауын бекітуге көмектеседі.
- Ермек
- 24 мая 2016
- 1047
- 0



