Қазақстан тарихы. Етістіктің өткен шақ

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тарихы. Етістіқтің өткен шақ

Сынып: 4

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:  сөйлем ішінен өткен шақта тұрған етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушының ой-өрісін, сөздік қорын, белсенділігін, деңгейлік тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: елін, жерін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

1.Барлық балалар етістіктің өткен шақтүрімен танысты.

2. Көпшілігі өткен шақта тұрған етістікке мысал келтіріп айталады.

3. Кейбір оқушылар етістіктің шақтарын ажыратады.

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ

Құралдар: А-3, интербелсенді тақта, слайдтар, асықтар, оқулық, дәптер.

Әдіс- тәсілдері: топпен жұмыс, постер, интербелсенді тақтамен жұмыс, өзін-өзі бағалау, ән айту.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

-Сәлеметсіздер ме балалар.Көңіл күйлеріңіз қалай?

2. Шаттық шеңбер.

-Бүгінгі сабақта барлығымыз бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Армысың асыл күн!

Армысың  жан досым!

Жылуыма жылу бер,

Міне менің қолым.

3. Топқа бөліну.

-Сонымен екі топқа бөліну үшін, мына стикерлерді аламыз.

(Оқушылар стикерлер арқылы екі топқа "Отырар", "Тараз" бөлінеді).

4. Үй тапсырманы тексеру.

"Досынды тексер". 

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Қазір, балалар жұпта отырып, бір-бірінді тексересіндер.

ІІ. Жаңа  тақырыпқа шығу.

1. Видеороликті тамашалау.Топпен жұмыс.

- Балалар, мен сендерге видеороликті ұсынамын. Сендер оны қарап, содан кейін сұрақтарға жауабын бересіндер.

Сұрақтар:

- Ұлы Жібек Жолы туралы не білесіңдер?

-Ұлы Жібек Жолы арқылы қандай қалалар пайда болды?

-Ұлы Жібек Жолының қандай мақсаты болды? 

-Жарайсындар балалар, жақсы.

-Сонымен сендер Отырар қала туралы не білесіңдер?

2. Мәтінмен жұмыс.

-Мәтіннен Отырар қала туралы оқып шығамыз.

-Балалар, мәтінде етістіктер қандай шақта тұр екен?

-Дұрыс айтасыңдар. Өткен шақта.

-Сонымен, бүгінгі сабақ тақырыбы қандай?

-Етістіктің өткен шақ.

3. Ережені құрастыру.Топпен жұмыс. 

-Балалар, өткен шақ туралы ережені құрастырып отырамыз.

-Содан кейін слайдтарға қарап, салыстырамыз.

4. Сөздік диктант. 

-Жақсы балалар.

Дәптерімізді ашайық, 

Қолға қалам алайық,

Түп-түзу боп отырып,

Әдемі етіп жазайық.

Ұлы Жібек Жолы, ежелгі, бейбітшілік, мәдениет, ортағасырлық, келісім, түсіністік.

5. Блум пирамидасының тапсырмалары. Топпен жұмыс.

-Жарайсыңдар балалар. Келесі Блум пирамидасы арқылы тапсырмалар орындаймыз.

6. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

-Жақсы балалар. Келесі тапсырманы орындауға дайысындар ма?Оны біз ойын арқылы өткіземіз.

(Мұғалім "Түн", "Күн" ойындарын асық арқылы оқушылармен өткізеді. Кімде асық болса, тапсырманы тақтада орындайды)

7. Топпен ән айту.

-Жарайсындар балалар. Қазір бірге қосылып, "Көк тудың желбірегені" әнін айтамыз.

8. Рефлексия. "Досыма хат жазу".

-Балалар, қазір досыма хатты жазамыз.Мен бүгін сабақта қандай жаңа білімді алдым? Бұрын не білдім? Сабақ ұнады ма? Топпта маған кім көмектесті?

9.Бағалау.

-Балалар, сонымен бағалау парағына қарап, бағаны өзіне қоямыз. 

10. Үй тапсырманы беру.

-Жақсы балалар. Үй тапсырманы алу үшін, текшені лақтырамыз. Текше арқылы өзіне үй тапсырманы аламыз.

(Оқушылар текше арқылы үй тапсырманы жазады)

-Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар балалар.

 

 

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру