
Сабақтың тақырыбы:Құбырларды газбен пісіру.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін машықтық тәжірибеде терең толықтырып бекіту. Практикалық тәжірибе сабағында оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына қызығушылығын және жұмысқа деген қабілетін дамыту.
в) Тәрбиелік: Жұмыс жасау кезінде әр жұмысты ұқыпты жасауға, жабдықтарды ұқыпты ұстауға, шыдамдылыққа, шеберханада өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық жабдықталуы: Ацетилен генераторы,оттек баллоны,трубалар кесіндісі,сымдар, технологиялық карталар,тест жұмыстары.
Өткізілетін орны: Дәнекерлеу зертханасы.
Сабақтың барысы: 6 сағат
І.Ұйымдастыру бөлімі:5 минут 1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру. 2. Оқушылардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес киімдеріне назар аудару.
3. Техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар өткізу.
ІІ. Кіріспе нұсқау: 40-45 минут
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
2. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай игеріп алғанын тексеру:
а) Газбен дәнекерлеу дегеніміз не?
б) Газбен дәнекерлеушіге керекті құрал-жабдықтар?
в) Газбен дәнекерлеудің тиімді жағы қандай?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Бүгінгі сабаққа керекті құрал-жабдықтармен таныстыру
5. Арнайы дайындалған құбырларды қалай дәнекерлеу керектігін айтып түсіндіру
6. Түтікшелердің оттек баллонына қалай жалғауын іс жүзінде көрсету
7. Ацетилен генераторын карбидпен қамтамасыз етілуін көрсету
8. Құбырларды газбен пісіріп көрсету.
ІІІ. Кезекті нұсқау: 5 минут
1.Жаңа тақырып бойынша оқушыларды жеке-жеке бөліп, өзіндік жұмыс жүргізу
2. Нұсқау картасымен жұмыс істеу
3. Тест сұрақтарымен жұмыс
ІV. Қорытынды нұсқау: 10 минут
1.Оқушылардың жасаған жұмыстарын қорытындылап, жіберген қателіктерін айтып түсіндіру
2. Оқушыларды бағалау
3. Жұмыс орнын жинастыру
Қолданылған әдебиеттер:
1.Т.М.Шакирова, А.А.Маметсупиев «Газ және электрмен пісіру»
2. А.Тапалов «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту»
3. Р.З.Сулейменова «Зертханалық практика»


