
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті
О. Жұмабеков атындағы ЖОББ тірек мектебі (РО)
Жоғары санатты математика пәні мұғалімі
Базарбаева Ақтоқты Мейримханқызы.
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлінгіштігі және жай сандар.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыту.
- Оқушыларды сын тұрғысынан ойлана білуге бағыттау арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, Отанды сүюге, тәуелсіздікті бағалай білуге тәрбиелеу.
- Оқушылардың натурал сандар біліктілігі мен жай бөлшектер тарауы бойынша алған білімдерін есеп-жаттығулар орындауға қолдана білуге қалыптастыру.
Сабақтың көрнектілігі:Суреттер, шарлар, слайдтер, жалаушылар.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қортындылау
Әдісі: Шығармашылық ізденіс.
Сабақтың барысы:
I Үйымдастыру.
а) Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару.
ә) Оқушыларды топтарға бөліп, көмекшілерді тағайындау.
Жасырылған сөздерді тауып сөйлем құрыңдар.
- Теңдеулерді шешіңдер:
(8x+91):7=21 [ашылсын]
486:(5x+2)=18 [дық]
160:(y+3)=40 [сыр]
216:(16-x)=18 [сан]
Сандарды өсу ретімен орналастыр: «Сыр сандық ашылсын ішінен шашу шашылсын» жазуы оқылады және сандық ашылып ішінен шарлар шығады. Ерекше көңіл күй сыйлайды.
«Сандар сыры» (ой қозғау.)
Натурал сандар түрлері : жұп сандар, тақ сандар,жай және құрама сандар ережесін еске түсіріп, қайталау
Ой сергіту
- Мына сандардың ішіндегі жұп сандарды теріп жаз:
54, 69, 72, 113, 118, 210, 357, 429, 65, 90, 533, 687, 456, 501, 68, 246
- 123, 340, 258, 824, 945, 2020, 198, 690, 2511, 2532, сандарының қайсысы 3-ке, 5-ке, 9-ға және 10-ға қалдықсыз бөлінеді? Кестені толтыр.
|
3-ке |
5-ке |
9-ға |
10-ға |
|
|
|
|
|
- 20-дан 30-ға дейінгі сандар арасындағы жай сандарды жаз.
- 20 мен 30 сандары арасындағы құрама сандарды жаз.
«Бөлшек сандар сыры»
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, жай және аралас бөлшектер ұғымын қайталау
Математикалық диктант
- Жай көбейткіштерге жікте:
а)196 б)120 в)240 г)128
- Боялған бөлікті бөлшек түрінде жаз
Слайд 11.
Сандық сәуледегі нүктенің координаталарын жаз:
А В С D E K
0 1 2 3 4 5
- Бөлшекті қысқарт:
а) б) в) г)
- Бұрыс бөлшектерді қорша:
;; ; ; ;
- Бұрыс бөлшектердің бүтін бөлігін тап:
а) б) в) г)
- Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыр:
а)4 б)3 в)7 г)6
« Сен білесің бе?»
Жай сандарды қосу ережесін қайталау:
-Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу.
-Бқлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу.
Ойлан тап! (оқулықпен жұмыс )
613, 614, 615, 624 есептерді шығара отырып, сілтеме көмегімен дұрыс жауап үшін төмендегі суреттерді алады.
Үйге тапсырма: № 616, 627.
Бағалау: топ көшбасшыларының бағалауы және сыныптың бағалауы.
Қорытындылау
¾ Еліміздің одан әрі көркеюіне, дамуына біздің бүгінгі алған бестік бағаларымыз шашу болып шашылсын!
¾ Оқушылардың Ұлы дал- Мәңгілік елге арналған жыр-шумақтары оқылады.
¾ «Жаса Қазақстан» әні шырқалады.


