АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ТАНЫМДЫҚ ІС - ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ  ИНФОРМАТИКА  САБАҒЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ӨЗІНДІК  ТАНЫМДЫҚ  ІС - ӘРЕКЕТІН   ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА  ТИГІЗЕТІН  ӘСЕРІ

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

                   Н.Ә.Назарбаев 

 

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.  

Ақпараттық коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісінде  қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көз-қарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. 

 

Оқытушылар  үшін  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысына;
  • уақытын үнемдеуге;
  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері,  қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 

 

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруде жетілдіруді көздейді. 

Жаңа ақпараттық технологиялар

Бағдарламалық – технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен  оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуальді қор деп те атауға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD–ROM және интернет – ресурстарын қолдана алады. 

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.   

Көзбен  көріп,  құлақпен  естіп, есте  сақтау  дағдыларын  арттыра  отырып:  оқушыны  ізденіске,  іскерлік  пен  танымдық  ынтаға,  тапқырлыққа,  шығармашылық  қабілеттілікке,  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге,  жаңа  ғылыми  ізденіске  талпындыра  отрып  таным  көкжиегін  кеңейту.   

Мұғалім  білімді  оқушы  санасына  сабақ  арқылы  жеткізеді.  Ол  мұғалімнің  бір–біріне  ұқсамайтын  жан – жақты  өткізген  сабақтары,  қазіргі  таңдағы  жаңа  технологиялары.

Жоғарыда  айтылған  мәліметтер  сіздерге  түсінікті  болу  үшін  өз  тәжірибемнен  қысқаша  хабардар  берейін.  

Тәжірибемде  сабақты  «тірек сызбалар» жасаудан бастауды  ұнатамын.  Өйткені,  «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға  да  дағдыланады. Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін.

Ал  енді,  сабақты қорытындылау сәтінде, Венн диаграмма  тәсілі  арқылы,  оқушыларға ой толғау жазу немесе, шағын  әңгіме жазу сияқты жазба жұмыстарын беремін.  

Сондай – ақ,   сабақтың негізгі кезеңі ұйымдастыру болғандықтан, оқушыға жақсы көңіл-күй тудыру үшін, сабақты музыка тыңдаудан бастаған абзал.

            Сонымен  қатар,  сабақта сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  және  деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясын  қолданамын.   

 

 Мысалы:  қала  көлемінде  9 сыныбында  өткізген  Паскаль  бағдарламасы  бойынша  қайталау  сабағымда  топпен  жұмыс,  жұппен  жұмыс, жеке  жұмыс  тәсілдерін  қолдандым.  

 

Жұптық жұмыс – бір-бірінің білімін бағалап, білімін тексеріп, білмегендерін сұрауда тиімді болса, топтық жұмыс – үлгерімі төмен оқушы мен  үлгерімі жақсы оқушы қатар отырып, өз тобы үшін жұмыс істеп, топ басшыларының басшылығымен берілген тапсырмаларды өз шама шарқынша орындауда, қарым-қатынас жасауда, ынтымақтастыққа тиімді, ал  жеке  жұмыс- тиянақты  білім  ала  отырып, кез келген жағдаятта  жол  таба  білуге  дағдыландырады.  

            Сондай – ақ,  оқытудың  ең  ерекше  бір  түрлері – ойын  және  сайыс  сабақтары.

Мұндай  сабақтар  біріншіден,  оқушыны  сергіту  болса,  екіншіден,  оқушылар  ойынға  қатысу  үшін  өз  білімдерін  үнемі  толықтырып  отырады,  үшіншіден,  өтілген  материалдарды  қайталау  тұрақты  түрде  жүзеге  асырылады.  Балалар  жалықпас  үшін  ойындарды  да  жеке  оқушылармен,  топпен  немесе  бүкіл  сынып  оқушыларымен  жүргізуге  болады.  Сондай – ақ  ойындар  оқушының  білім  деңгейін  көтеріп  қана  қоймай,  бір – бірімен  жақындастырып,  жолдастыққа,  адамгершілікке  тәрбиелейді.  Отанын  сүюге,  ұлтына  деген  патриоттық  сезімін,  ыстық  ықыласын  оятады. Ұлттық  ойындарды  сабақта  пайдалану  көп  нәтиже  береді.   

Ойын  сабақтардың  мақсаты

 

 

 

         Сабақ  үстінде        Оқушыны            Көпшілдікке      Ойынға  қатысу  үшін

                                  жалықпайды          сергітеді                үйренеді                үнемі  ізденеді

 

                                              Сабаққа  деген                 Жолдастыққа, 

                                      қызығушылығы  артады         адамгершілікке  тәрбиелейді

           

Осындай  әдіс-тәсілдер оқушылардың еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге, өз ойларын дәлелдеуге, өз пікірлері мен құқықтарын қорғауға, сөздік қорларын толықтыруға тиімді.

Естігенімді  ұмытамын,  көргенімді  есте  сақтаймын,  өз  істегенімді  меңгеремін  дей  келе  осындай  жұмыстар  жүргізу  арқылы  ақпараттық – коммуникациялық  технологияның  информатика  сабағында  оқушылардың  өзіндік  танымдық  іс - әрекетін  қалыптастыруға  тигізетін  әсері  көп.

 

 

Орындаған:    №30  орта  жалпы  білім  беретін  мектептің 

                         информатика  пәнінің  мұғалімі  Утешева  Гүлдана  Ғаниятқызы

 

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру