Алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы

Пән   Информатика   сынып  11  Күні 08.12.15 ж.

сабақ №: 13

Тақырып: Алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы

Мақсат:  Оқушыларға хаттама деген не және TCP/IP аббревиатурасымен таныстыру.

Білімділік –  Алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Дамытушылық – Оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  аралас

Сабақ типі:  жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар:  оқулықтар, дәптерлер, ДК-лер, интерактивті тақта, My test бағдарламасы.

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

   Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.

   Амандасады, кезекші оқушы сабаққа келмеген оқушылар болса аутады, назарларын сабаққа аударады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

10 мин

   Карточкамен жұмыс.

 Сөйлемдерді аяқтаңдар. Тапсырманы жұмыс дәптерлерінде орындайды.

1) Топология ________________

_______________________________

2) Желілік концентратор немес хаб –________________________________________________________________

3) Желілік коммутатор деп  ______

________________________________________________________________________________________________

4) Бағдарлағыш дегеніміз – ________

________________________________________________________________

5) Wi-Fi-________________________

________________________________

      Тапсырманы жұмыс дәптерлерінде орындайды.

1) Топология - желі компоненттерінің физикалық орналасуы.

2) Желілік концентратор немесе хаб- кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.

3) Желілік коммутатор депбір (бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын қондырғы.

4) Бағдарлағышдегеніміз - желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер.

5) Wi-Fi - бұл радиоарналар бойынша мәліметтердің сандық ағындарын тасымалдау стандарты.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Байланыс арналары деп - мәліметтерді қашықтыққа жіберуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды айтады.

        Өткізу қабілеті мен кедергіге төтеп бергіштігі байла­ныс арналарының негізгі сипаттамалары болып табылады.

        Арнаның өткізу қабілеті бірлік уақытында ол арқылы жіберіле алатын ақпараттар санына тең. Әдетте, өткізу қабілеті секундтағы битпен (бит/с) және одан да үлкен бірліктермен (Кбит/с және Мбит/с) өлшенеді.

       Ақпараттар арнасының өткізу қабілеті бірліктері арасындағы қатынастар:

1 байт/с = 23 бит/с = 8 бит/с;

1 Кбит/с = 210 бит/с = 1024 бит/с;

1 Мбит/с = 210 Кбит/с = 1024 Кбит/с;

1 Гбит/с = 210 Мбит/с = 1024 Мбит/с.

       Жөнелтілетін ақпараттың бұзылу шамасына қарай кедергіге төтеп бергіштік деңгейі анықталады. Кедергіге төтеп бергіштігі неғұрлым мықты болса, ақпаратты желі арқылы тасымалдағандағы оның өзгеруі де соғырлым аз болады. Байланыс арналарын әзірлеушілер әртүрлі шудың әсерін азайтуға мүмкіндік беретін арнайы тәсілдер қолдану арқылы кедергіге төтеп бергіштіктің деңгейін көтеруге тырысады.

      Ақпараттарды жіберуге арналған техникалың құралдар ретінде қарапайым байланыс арналарын (телефондың, телеграфтың, жерсеріктік және т.б.) қолдануға болады. Қазіргі уақытта көбінесе сандық ақпараттарды жіберу үшін арнайы жасалған байланыс арналары қолданылады. Оларға, мысалы, оптоталшықты желілерді жатқызуға болады. Байланыс арналарының жіктелуі (115-сурет):

  • кодтау әдісі бойынша: сандық (цифрлық) және аналогтык;
  • коммуникация әдісі бойынша: бөлінген (тұрақты бай­ланыс) және коммутацияланатын (уақытша байланыс);
  • дабылды жіберу әдісі бойынша:

1) кабелъдік: шиыршықталған жұп, коаксиалды кабельдер, оптоталшықты кабельдер;

2) телефондық;

3) радио: радиорелелік, жерсеріктік. Болмысы бойынша, жерсеріктік байланыс дәстүрлі радиорелелік байланыстың ретрансляторды өте жоғары биіктікке шығару жолымен дамыған түрі болып табылады.

      Кабельдің әр түрінің бірнеше сипаттамасын қарастыруға болады:

1. Шиыршықталған жұп, бір-біріне оралған өткізгіштер жұбынан тұрады. Ақпарат жіберу жылдамдығы 10 Мбит/с-тан 100 Мбит/с-қа дейін.

2. Коаксиалды - кабельдің өте арзан және қолжетімді түрі, бірақ ақпарат жіберу жылдамдығы аз - 10 Мбит/с-қа дейін.

3. Оптоталшықты кабель сыну коэффициент! басқаша қабатпен қапталған шыны цилиндрден тұрады. Ақпарат жіберу жылдамдығы бірнеше Гбит/с-дан асады.

17-кестеде байланыс арналарының негізгі сипаттамалары көрсетілген.'

17-кесте. Байланыс арналарының сипаттамалары

Байланыс арнасының типі

Жылдамдық

Кедергіге төтеп берушілігі

Кабельдік

Шиыршықталған

жұп

100 м-ге дейінгі қашық- тыңқа 100 Мбит/с-қа дейін

Төмен. Кедергіден қорғанысты күшейту үшін экрандалған шиыр- шықталған жұп қолданылады

Коаксиалды

10 Мбит/с

Жоғары

 

Оптоталшықты

кабель

қазіргі уақытта бірнеше Гбит/с-қа дейін, теория жүзінде мүмкін жыл- дамдық 200000 Мбит/с

Абсолюттік

 

 

Телефон желісі

1-2 Мбит/с

Төмен

Радио

Радиорелелік бай­ланыс желілері

2.5 Гбит/с-қа дейін

Басқа стансалардың әсері төмен

 

Жерсеріктік бай­ланыс желілері

45 Мбит/с-қа дейін

Жоғары

        Желідегі жұмысты тездету үшін прокси-серверді қолданады.

        Прокси-сервер - аралық, браузер мен шеттік web- сервер арасындағы аралық қатынасты жүзеге асырушы ретінде қолданылады. Прокси-серверді қолдану есебінен ақпарат жіберу көлемі үнемделеді және кэштеудің әсерінен қолжетімділік жылдамдығы жоғарылайды. Мысалы, егер компания қызметкерлерінің көбі бір web-серверді ғана жиі пайдаланатын болса, онда бұл ақпарат проксиде сақталып қалады және осылайша, ақпарат сервердің түп- нұсқасынан тек қана 1 рет жүктелетін болады. Желіде прокси-сервер арқылы жұмыс жасайтын барлық компьютерлер бір ғана IP-адреске ие болатынын естен шығармау керек.

       Аппараттық  жабдықтамадан басқа программалық жабдықтама да бар. Заманауи желілерде қабылданған программалық жабдықтамалар ұйымдастыру түрі «клиент-сер­вер» технологиясы деп аталады. «Клиент» және «сервер» программалары өзара байланыс құрайды және оның әрқайсысы қолданушыға қызмет көрсету жұмысының өз бөлігін орындайды. Клиент-программа қолданушының сұранысын дайындайды, оны желі бойымен жөнелтеді, кейін жауап қабылдап алады. Сервер-программа сұранысты қабылдап, жауап ақпаратты дайындайды және оны қолданушыға жібе- реді.

Алмасу хаттамалары

       Ақпарат желі арқылы жіберілуі үшін тасымалдаудың белгілі бір ережелері керек. Мұндай ережелер «желілік хаттамалар» деп аталады.

      Желілік хаттама - желіге біріктірілген компьютерлерге ақпарат алмасуға және қосылуға мүмкіндік беретін ережелер мен техникалық процедуралар жиыны.

      Интернет желісінде қолданылатын ең танымал хаттамаларды қарастырайық.

HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) - бұл гипермәтінді жөнелту хаттамасы. HTTP хаттамасы бір компьютерден басқа  компьютерге web-парақтарды қайта жөнелту үшін қолданылады. Бұл хаттама Web немесе WWW (World Wide Web - «Дүниежүзілік өрмек») сөздерімен аталатын нысандарды жүзеге асырады.

       HTTP хаттамасының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Қолданушы HTML-файлдарды қарау программасы болып табылатын өз браузерінің экранында мәтінді көреді, ал ондағы бұйрықтардың интерпретациясын хаттама жасайды. Сонымен, HTTP хаттамасы мен HTML гипермәтіндік тілі қолданушының компьютеріне әлемнің барлық ақпараттың ресурстарын олардың қай жерде орналасқанына қара- мастан шоғырландырады.

       FTP (File Transfer Protocol) - бұл арнайы файлдың серверден шеткі қолданушы компьютеріне файлдарды тасымалдау хаттамасы. FTP сендерге желідегі кез келген компьютердегі файлдармен алмасу мүмкіндігін береді. Бұл хаттаманы құру арқылы қолданушы алыста орналасқан компьютердегі файлдарды өзінің компьютеріне көшіре алады немесе өзінің компьютерінен алыста орналасқан ком­пьютерге файлдарын жібере алады.

       POP (Post Office Protocol) - бұл пошталың бірігудің стандартты хаттамасы. POP серверінің қызметі келіп түскен поштаны өңдеу, ал POP хаттамасы қолданушының поштаны ашып, оқу туралы сұраныстарын клиенттік пошталық программалардың көмегімен өңдеуге арналған. Қазіргі желілерде бұл хаттаманың үшінші үлгісі - POP3 қолданылуда, бұрынғы үлгілері POP және POP2 ескірді.

       SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) стандарты - компьютерлік желі арқылы пошта жіберуге арналған ережелер жиынтығын анықтайды. SMTP сервері поштаның алынғанын растайды. Қандай да бір себеппен поштаны қабылдау мүмкін болмай қалған жағдайда, сервер қосалқы ақпарат сұрайды немесе қате туралы хабар лама басып шығарады.

       Сонымен, поштаны тасымалдау үшін екі хаттама жұмыс істейді - POP және SMTP                                                                                       

TCP/IP  мәліметтер жіберу хаттамасы

       Бұл хаттама - Интернет жұмыс жасауы үшін қажетті хаттама. Негізінде бұл екі хаттама.

       Біріншісі - IP, компьютерлік желі арқылы тасымалданатын ақпараттарды дестелерге бөледі. Әрбір десте байттардың әлдебір тізбегін құрайды. Әдетте бір дестенің ұзындығы 1500 байт шамасында. Хаттамаға тасымалданатын ақпараттың мазмұнының қандай екені бәрібір, ол ақпаратты дестелерге «бөледі». Жөнелтілетін ақпарат жоғалмау үшін әр дестеге оны жөнелтуші компьютердің және қабылдаушы компьютердің адресінен тұратын қосымша қызметші ақпарат тіркеледі. Бұл адресі туралы қызметші ақпараттың ұзындығы небәрі 4 байт және оны ІР-адресі деп атайды.

        ІР-адресі - TCP/IP хаттамасын қолданатын желідегі түйіндерді (хост) анықтайтын бірегей идентификатор.

       Түйін (хост) - желіге қосылған және басқа құрылғылармен өзара қатынас жасауға қабілетті құрылғы.

       Желінің нөмірінен және желідегі түйіннің нөмірінен тұратын желілік адресі әр түйінді бірегей түрде идентификациялауға мүмкіндік береді.

       IP хаттамасы мәліметтердің жеткізілгенін растамайды, шыққан мәліметтердің біртұтастығын бақыламайды. ІР-хаттамасы тұрғысынан бөлек дестелер - бұл бөлек дестелер ғана, олар бір-бірімен еш байланыспайды.

      Әрине, жіберілетін ақпарат бірден артық дестелер санынан тұруы мүмкін.

      TCP хаттамасы мәліметтерді дұрыс жіберу кепілдігін береді. TCP хаттамасы дестелерді жөнелту кезінде олардың бір файлға жататыны туралы қызметші ақпарат қосады.

      Қабылдаушының машинасында TCP бұл фрагменттерді дұрыс ретпен жинайды және олардың барлығының жеткенін, тасымалданғанда зақымданбағанын тексереді. Егер қайсыбір пакет жоғалса немесе бұзылса, онда программа машина-жөнелтушіге жетпеген дестелерді қайтадан жіберу туралы өтініш, сұраныс жасайды (118-сурет).

ТҮЙІН

  • Желілердің түрлері: тікелей кабельдік байланыс, жергілікті, аймақтық, корпоративтік, ғаламдық.
  • Байланыс арналары деп - мәліметтерді тасымалдауды қашықтықтан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды атайды.
  • Арнаның өткізу қабілеті бір уақыт бірлігінде арна арқылы жіберілетін ақпараттың ең үлкен көлеміне тең.
  • Кедергіге төтеп берушілік тасымалданатын ақпараттың бұрмалану деңгейінің параметрлеріне тәуелді.
  • Прокси-сервер - браузер мен шеттік web-сервер арасындағы қатынас амалдарын жүзеге асырушы ретінде қолданылатын аралық, транзиттік web-сервер.
  • Желілік хаттама - желіге біріктірілген компьютерлерге ақпараттарымен алмасуға және қосылуға мүмкіндік беретін ережелер мен техникалық процедуралар жиыны.
  • ІР-адресі - TCP/IP хаттамасын қолданатын желідегі түйіндерді анықтайтын бірегей идентификатор.

ІV.Компьютердегі практикалық жұмыс

9 мин

    Оқулықпен жұмыс, 226-227 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

    Мәтіндік процессорда келесі хаттамалар әрекеттерін сипаттайтын сурет құрастырыңдар:

  • пошталық хаттамалардың;
  • TCP/IP хаттамасьтың.

В деңгейі

    Сұраққа жауап беріңдер, іс-әрекет алгоритмы құрыңдар және оны мәтіндік құжатқа жазыңдар.

   Сұраққа жауап беру үшін іздеу жүйесін қолданыңдар. Сұрақ: WebMoney сервисі: арқылы WMZ немесе WMR-di (электронды ақшаларын ) қалай сатуға немесе сатып алуга болады?

С деңгейі

    Сұраққа жауап табыңдар, іс-әрекет алгоритмы құрыңдар және оны мәтіндік құжатқа жазыңдар.

    Сұраққа жауап беру үшін іздеу жүйесін қолданыңдар.

    Сұрақ: Салыстыру критерийлерін құрастырыңдар және , , тегін пошталық серверлерінің клиенттерге пошталық қызмет көрсету шарттарын салыстырыңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

  Экранға қарап, видеода көрсетілген қимыл – әрекеттерді жасайды.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту

9 мин

  ДК-де My test бағдарламасында тест тапсырмасын орындайды.

Тест

1. Компьютерлік байланыстардың тиімділігі әдетте неге тәуелді?

A) байланыс арналарының өткізу қабілетіне

B) процессордың өнімділігіне

C) жад көлеміне

D) жоғарыда аталғанның бәріне

2. 100Мбит/с нешеге тең?

A) 1024 бит/с

B) 102 400 бит/с

C) 102 400 Кбит/с

D) 10,24 Кбит/с

3.  Оптоталшықты қосылу... жатады.

A) байланыстың кабельдік арнасына

B) байланыстың телефондык, арнасына

C) радиоарналарға

D) жерсеріктік арналарға

4. Радиоарналарға жататын байланыс арналарын тандаңдар:

A) телефондық

B) шиыршықталған жұп, коаксиалды

C) коаксиалды, оптоталшықты

D) радиорелелі, жерсеріктік

5. Бір ІР-адрестен желідегі бірнеше қолданушының жұмысын ұйымдастыру тәсілін таңдаңдар:

A) байланыстың жерсеріктік арналарын пайдалану

B) желіде прокси-сервер арқылы жұмыс жасау

C) FTP хаттамасын қолдану

D) HTTP хаттамасын өшіру

6. Гипермәтіндерді тасымалдауға жауапты хаттаманы таңдаңдар:

A) HTTP

B) FTP

E) POP

F) TCP/IP

7. Поштаны жіберуге жауапты хаттамаларды тандаңдар:

A) HTTP және FTP

B) FTP және POP

C) POP жэне SMTP

D) TCP және IP

8. Ақпараттарды дестелерге бөлу меноларды желі арқылы тасымалдауға қай хаттама жауапты?

A) TCP

B) FTP

C) IP

D) HTTP

9. TCPхаттамасы қандай функция атқарады?

A) ақпаратты дестелерге бөледі

B) дестелерді желі бойынша жібереді

C) дестелерді бір файлға жинайды және олардың бүтіндігін тексереді

D) клиенттік пошталық программалардан пошта алу сұраныстарын өңдейді

VIІ. Рефлексия

2 мин

 «Ашық хат» Оқушыларға кестелер таратылып беріледі, оқушылар сабақ бойынша өз ойларын жазады.

Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?

VIІI. Оқушыларды бағалау

2 мин

      Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау,  бағаларын күнделіктеріне қою.

Бағаны күнделіктеріне қойдырады

ІХ.Үй жұмысы

2  мин

 IV тарау, §17 оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

 

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру