
Атырау қаласы №1 Мектепке дейінгі авторлық гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибрагимова Эльмира Имашевнаның «Сандар әлеміне саяхат» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тобы: Ересектер
Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат
Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатары туралы алғанбілімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, тез ойлап, қазақ тілінде дұрыс жауап бере алуға үйрету. Балалардың танымдық және логикалық білімдерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интерактивті тақта мен қаламы, доп, текшелер.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пиктограммамен жұмыс (мнемотехнология), интерактивті флипчарт-ойын түрлері, дидактикалық-қимылдық ойыны.
Қостілділік (билингвальді) компонент: нөл – ноль,бір – один, екі – два, үш – три, четыре – төрт, бес – пять, алты - шесть, жеті – семь, сегіз – восемь, тоғыз – девять, он – десять.
|
Оқу іс-әркетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Сәлеметсіз бе! «Шаттық шеңбері» Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Жарқыраған күнге! «Ғажайып сәт». -Балалар, бүгін біздер «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз (осы кезде «Маша мен аю» мультфильмінің кейіпкері Машаның дауысы шығады). - Сәлем, Маша! - Сәлем, балалар! Мен аю досыма келе жатыр едім. Сендердің «Сандар әлеміне» баратындарыңды естідім. Мені де ала кетіңдерші. Келесі жылы мен мектепке бармақпын. Сондықтан қазақша санауды үйренгім келеді. - Жарайды, Маша, ендеше балалармен бірге сен де қазақша санауды үйренетін боласың. Балалар, алдымен, сандарды есімізге түсірейік. |
Балалар мұғаліммен сәлемдесіп, шаттық шеңберінде тақпақтарын айтады.
Балалар Маша мен мұғалімді тыңдайды.
|
|
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік
|
Содан соң балалар берілген ойыншықтар мен сандар арқылы өздері сөйлем құрастырып, айтулары керек (бұл тапсырма түрі текшелер арқылы да орындалады).
- Балалар, сендер құрамында сан атаулары бар мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айта қойыңдар.
2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 3. Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық - ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық.
Ендеше, «Санау әнін» әндетейік.
Маша: - Жарайсыңдар, балалар! Мен өте қуаныштымын. Себебі мен сендер сияқты қазақ тілінде санай алуды үйрендім. Аю досыма да қазақша санауды үйретемін. Сау болыңдар!
|
Балалар интерактивті қаламмен сандарды басып, атайды.
Балалар амалдарды шешіп, алмаларды тиісті кәрзеңкесіне жинайды.
Балалар лупа арқылы көбелектерді санайды.
Балалар жануарлардың жастарының нешеде екенін айтады.
Балалар сандарды қазақша атайды.
Балалар пиктограммалар арқылы сөйлемдер құрайды.
Балалар жоғалған сан мен көрші сандарды атайды.
Балалар мақал-мәтелдер және олардың құрамындағы сандарды айтады.
Балалар «Санау әнін» (бейне ән)әндетеді.
Балалар Машамен қоштасады. |




