Интернет желісі. Интернет қызметі.
  1. Сабақтың  тақырыбы:     Интернет  желісі.  Интернет  қызметі.

     

    Сабақтың  мақсаты:                    

    Білімділік:  Оқушыларға интернет ұғымы, интернет қызметі, жұмыс істеу ережелері туралы түсінік беру.

     

                            Дамытушылық: оқушылардың  шығармашылық  іскерлігін, пәнге деген қызығушылығын, логикалық  ойлау  қабілеттерін  арттыру, тапсырмалар орындата отырып, ой-өрістерін  дамыту.

     

                            Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, жауапкершілікке, топ  болып шешім  қабылдауға және  өзін - өзі  әділ  бағалауға  тәрбиелеу.  

     

    Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

     

    Сабақтың  әдісі: деңгейлеп оқыту технологиясы. Электронды тест.

     

    Сабақтың  көрнекілігі:  компьютер, интерактивті тақта, презентациялар, электронды түрдегі тест.

     

    Пәнаралық байланыс: қазақ  тілі          

    Сабақ  барысы:

    І.  Ұйымдастыру  бөлімі

    а)  оқушылармен  амандасу;

    б)  оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару;

    в)  сабақ  мақсатын  хабарлау.

     

    ІІ.  Үй  тапсырмасын  тексеру  (Топпен  жұмыс)

    І топ.  

    Жеке  тұлғалар  кестесінің  құрылымын  жасау (атауы,  типі).  Деректер  типін  жазып беру. 

    ІІ топ.

    Сөзжұмбақ  шешу

     

    ІІІ. Қызығушылықты  ояту  (Жұппен  жұмыс)

      

     

  2.  

        Жаңа  сабақ
  1. Интернет  желісі,  пайда  болуы
  2. Интернет  хаттамалары
  3. Интернет  желісіне  қалай  қосылуға болады?
  4. Провайдер  таңдау
  5. Интернет  қызметі.

Оқушылар  өздеріне  берілген  зерттеу  жұмыстары  бойынша  бөлімдерге  тоқталады.

(Әрбір  оқушыдан  кейін  қорытындыны  дәптерге  жазып  отыру) 

 

 

 

Электронды пошта.

 

E-mail (Electronic Mail) - электрондық пошта. Желі тұтынушылары арасында  мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.  Оның көмегімен  санаулы минуттар ішінде хабарды  жеткізіп,  хабарда  ала  аламыз.

E-mail адрестік құрылымы:

есім@ мекеме. үйшік

Мысалы:

 

Usenet  - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі.

 

FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы – бұл көбінде үлкен көлемдегі  файлдарды  жіберу  кезінде  қолданылатын  Интернттің  қосымшасы.

FTP көмегімен  кез  келген  файлдарды  жіберуге және қабылдауға  болады.

 

Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір қосымшасы, желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.

 

World Wide Web (WWW немесе  Web)   - гипермәтіндікқұжат

 Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.

 

 

  1.   Компьютермен  жұмыс  (Жеке  жұмыс)
  2.    Оқушыларды компьютерге  отырғызып  электрондық  пошта  ашқызу.
  3.    Электронды  түрдегі  тест  тапсырмаларын  орындау.

 

  1.            Эссе  жазу
  2.    Интернеттің  қазақ  тілінде  дамуына  қосар  үлесім.
  3.    Интернет  әлеміне  саяхат.
  4.    Бүгінгі  сабақтан  алған  әсерім.

 

  1.          Оқушыларды  бағалау

Бітібаеваның  бағалау  парағы

 

Оқушылардың 

аты – жөні

Топтың  бағасы

Өзінің  бағасы

Мұғалім  бағасы

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

  1.        Үйге  тапсырма

 

Интернетте  ақпарат  іздеу   (зерттеу  жұмыстарын  беру)

ҰБТ – ға байланысты мәлімет алу.

 

 

 

Утешева Гулдана Ганиятовна -

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы,

№30 орта жалпы білім беретін мектебінің

І санатты информатика пәні мұғалімі

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру