Дербес компьютер. Компьютердің құрылымы, арналуы.

Сабақтың тақырыбы:   Дербес компьютер. Компьютердің құрылымы, арналуы.

 

Сабақтың  мақсаты:     ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік болктың ішіндегі құрылғылармен және олардың міндетімен таныстыру.

 

Сабақтың ұйымдастыру түрі:

-жекеше.

Әдіс –тәсілдер:

-түсінік беру;

-пікірлесу.

Оқыту әдістемелері:

-ауызша;

-көрнекілік;

-практикалық.

Жалпы дидактикалық әдістеме:

-ізденіс;

-түсіндіріп-көрсету.

Тексеру түрі:

-фрагменттік сұрақ-жауап;

-тестілеу.

Жабдықтау: интерактивті тақта, компьютерлік қолдау.

Сабақ барысы:

Ι. Ұйымдастыру :

 а) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

 б) сабақ мақсатын хабарлау.

 

ΙΙ. Сұрақ-жауап

1.  Компьютер  қайда  қолданылады?  (өшіргішті қолдану)                        1 сурет. 

2.  Компьютер  құрылғыларының  аттарын  сәйкес  орынға  апар. (жылжыту)    2 сурет.

3.  Компьютердің  негізгі  құрылғыларын  жинақта.                                                  3 сурет.

 

 

 

ІІІ. Жаңа  сабақ:

а)  Компьютердің  негізгі  құрылғыларына  сипаттама;

Компьютер – бұл  бір  ғана  аспап  емес,  сыртқы  және  ішкі,  негізгі  және  қосымша  түрлі  құрылғылардың  жиынтығы.

Негізгі  құрылғыларға:  жүйелік  қорап, монитор, пернетақта, тінтуір  жатады.

Қосымша  немесе  шеткері  құрылғыларды  бірнеше  топқа  бөліп  қарастыруға  болады:

- енгізу  құрылғылары (мәтіналғы, дигитайзер, сандық фотокамера, графикалық  планшет);

- шығару  құрылғылары (басып  шығарғыш, плоттер);

- бір  мезгілде  енгізу  және  шығару  қызметтерін  атқаратын  құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдегіш, желілік  бейімдегіш).

                                                                                                                                <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->                                                                            

   Жүйелік қорап компьютердің  ең  маңызды  құраушы  бөліктері  орналасқан     негізгі  торап  болып  табылады.                                                                                                                              

 

 

 

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->

   Монитор  (дисплей )- мәтіндік  және  сызбалық  ақпаратты  бейнелеуге      арналған  құрылғы.     

    

 

 

 

 

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Пернетақта -ақпаратты  компьютерге  енгізуге  арналған  құрылғы.

 

 

 

      

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Тінтуір – басқарушы  ақпаратты  енгізу  құрылғысы.

 

 

 

 

 

б)  Жүйелік  қораптың  ішкі және  сыртқы  құрылғыларымен  танысу.

Жүйелік  қорап  компьютердің  негізгі  тораптарын  қамтиды:

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Аналық  тақша – бұл  компьютердің  барлық  құрамдас  бөліктері  қосылатын  күрделі  көп  қабатты  мөрлік  тақша. Компьютерде  жұмыс  істеу  кезінде  барлық  мәлімет  аналық  немесе  жүйелік  тақша  арқылы  өңделеді.

 

 

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Процессор  немесе  микропроцессор  компьютердегі  орталық  мәліметтердің 

 өңдеу  құрылғысы  болып  табылады.

 

 

 

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Компьютердің  оперативті  жадысы (ОЗУ) немесе  Random Access Memory мәліметтерді  қысқа  мерзімге  сақтау  үшін  қызмет  етеді.

 

      

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Тұрғылықты  диск  немесе  Hard disk Drive (HDD), яғни  винчестер – бұл    

      компьютердегі  негізгі мәліметтер  қоймасы.

 

 

 

 

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Иілгіш  дисктерге арналған  диск  жетегі 3,5-дюймдік  дискеттерді  оқиды.  Бұл  дисктер  ауыспалы  тасымалдаушылар  болып  саналады.

 

  

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]--> CD және  DVD  диск  жетектер  мәліметтерді  ықшам  дисктерге  жазуға  және  оқуға  мүмкіндік  береді.  Бұл дисктер – ауыспалы  тасымалдаушылар.

 

 

 

 

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Бейнебейімдеуіш  немесе  бейнетақшаның  кескіндерді  сақтау  үшін  ғана     

  пайдаланылатын  меншікті  жедел  жадысы  бар.

 

 

 

 

 

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Дыбыстық  тақша – компьютерге  жоғары  сапалы  дыбыс  тудыруға  және  оны  компьютерге  жазуға  мүмкіндік  береді.

 

 

 

 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Желілік  тақша  компьютерді  компьютерлер  желісіне қосуға  мүмкіндік  береді.

 

 

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--><!--[endif]-->Порттар – корпустың  алдыңғы  немесе  артқы  тақтасындағы  ажыратқыштар,  оларға  әдетте  кабель  арқылы  әр  түрлі  құрылғылар  қосылады.

 

 

IV. Сабақты  бекіту:

   1. Анықтамаға  сәйкес  келетін  құрылғыны  жазу;

 

...............  - пайдаланушыдан  ақпаратты  компьютерге  енгізуге  арналған  құрылғы.

................   -   мәтіндік  және  сызбалық  ақпаратты бейнелеуге  арналған  құрылғы.

................  - бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша.

 

   2. Құрылғылардың  жүйелік  блокта  орналасу  сәйкестігін  анықтау (кесте);

 

Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты

 

 

 

Қатқыл диск

 

 

 

Компьютердің қосу/өшіру батырмасы

 

 

 

Аналық тақша

 

 

 

Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер

 

 

 

Бейнетақша

 

 

 

Процессор

 

 

 

CD-ROM

 

 

 

Модем мен сканерге арналған порттар

 

 

 

Дыбыс тақшасы

 

 

 

Компьютерді қайта жүктеу батырмасы

 

 

 

Принтер порты

 

 

 

Маус пен пернетақта порттары

 

 

 

Жедел жады

 

 

 

Желілік тақша порттары

 

 

 

 

   3. Тест  сұрақтарын  беру.

1. Компьютер – бұл...

а)   сандық ақпаратты өз бетімен өңдеуге арналған құрылғы

b)   ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

c)     ақпараттыіздеуге, жинауға, сақтауға, түрлендіругежәнесандықпішімдепайдалануғаарналғанқұрылғы

d)     ақпараттыққоркөздерінбасқарудыжүзегеасыратынбағдарламалықжасақтамаларжиынтығы

2. Компьютердің жұмыс істеуі үшін қажет ең аз құрылғылар жинағына ... жатады.

a)     басып шығарғыш, жүйелік қорап, пернетақта

b)     жүйелік қорап, монитор, пернетақта 

c)     процессор, тінтуір, монитор

d)     пернетақта, монитор, тінтуір

3. Монитор (дисплей)  ... үшін арналған.

a)     компьютерде жұмыс істеу кезінде жиі пайдаланылатын ақпаратты ұдайы сақтау

b)     шеткері құрылғыларды кеңарнаға қосу

c)     берілген бағдарлама бойынша компьютердің жұмысын басқару

d)     мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу

4. Сызбалық ақпаратты шығару құрылғыларына ... жатады.

a)      мәтіналғы

b)     басып шығарғыш

c)     пернетақта

d)     модем

5. Ақпаратты енгізу құрылғыларына ... жатады.

a)      дисплей, пернетақта, тінтуір

b)     басып шығарғыш, дисплей, модем

c)     мәтіналғы, пернетақта, тінтуір

d)     басып шығарғыш, мәтіналғы, тінтуір

6. Мәтіналғы – бұл ...

a)      қатты тасымалдаушыға, әдетте қағазға, басып шығару құрылғысы

b)     мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы

c)     мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы

d)     үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз етуге арналған құрылғы

7. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл ...

a)      мәтіналғы

b)     басып шығарғыш

c)     монитор

d)     пернетақта

8. Компьютердің негізгі құрылғыларына жатпайтын құрамдас бөліктері ... деп аталады.

a)      екінші дәрежелі

b)     шеткері

c)     орайласқан

d)     қосалқы

9.  Компьютердің пернетақтасы – бұл …

a)      әріптік-сандық ақпаратты енгізу құрылғысы

b)     сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

c)     әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

d)     еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

10. Тінтуір типті манипулятор – бұл…

a)      еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

b)     сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

c)     әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

d)     басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы

 

V. Үйге тапсырма:

  1. Тақырып 2.2. (35-40 бет) оқу.
  2. Компьютердің құрылғылары тақырыбына кроссворд құрастыру.

 

 

Утешева Гулдана Ганиятовна -

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы,

№30 орта жалпы білім беретін мектебінің

І санатты информатика пәні мұғалімі

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру