Жақсы сөз-жанға қуат

Пәні: Өзін-өзі  тану

Мерзімі:

19.10

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы

Жақсы сөз – жанға қуат

Жалпы мақсаты

Оқушыларға «жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік беру, жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын білдіру және жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері дамыту;

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға сыйластық, құрмет қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсінеді,жақсы  сөздің адам өміріндегі маңыздылығын біледі,құнды сөздерді қолдана алады

7 модульдің қолданылуы

АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”,  “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

 Миға шабуыл, сұрақ-жауап,ой шақыру,екі бөлімді күнделік

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, стикерлер, ноутбук

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері

 

-Бір – біріміздің қолымыздан ұстаған кезде нені сезініп тұрмыз?

-Бір-біріңе күлімдеп қараңдаршы,жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

-Бір-бірімізге жылулықты, жақсы сезімімізді қалай жеткіземіз?

-Ендеше бәріміз бірге мына өлең шумақтарын айтып шығайық

:Ой – жүйрік, тіл – шебер,

Танытса шындықты.

Мәнді ойды тілмен бер,

Сөзді тауып ұқыпты

.«Сіз», «біз»деген жылы сөз,

Жақсылықтың мейірі

.Бір – біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.

Топқа бөлу(қима түрлі түсті қағаздар  бойынша)

-Бұл сөздер  қандай сөздерге жатады?

-Жақсы сөздерді қай кезде қолданасыңдар?

-Жақсы сөзді естігінде қандай сезімде боласыңдар?

-«Жақсы сөз-жарым ырыс»дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең жаның жадырап қалады емес пе.Жақсы сөз ашу шақырмайды,жүрегіңді жылытады,бақытқа кенелтеді,қуанышқа бөлейді

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз – жанға қуат»деп аталады. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесетін боламыз.

 

 

 

 

Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс

Оқылым

«Сыпайы қоян» ертегісін оқыту(2мин)

Ой шақыру

-Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

– Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?

Миға шабуыл

Дәйексөз.

«Жүректен шыққан сөз- жүрекке жол табады» Ә. Науаи

– Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір – біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

 Сергіту сәті

Топтық жұмыс

1-топ «Екі бөлімді күнделік»

Жақсы сөздің адамға әсері...

Жағымсыз сөздің адамға әсері...

2-топ

Әже,айналайын сөздерін қолданып өлең құрастыру

3-топ

Түстер сөйлейді

(Сары,көк, жасыл, қызыл түстерді пайдаланып ,адамның көңіл күйіне әсер ететін сурет салу)

4-топ

«Эссе»

Ой шақыру

Жақсы сөздерге толы мәтінді әр топқа оқытып, әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер екенін табу

1. Құрметті ұстаздар!Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

2.- Апа, аман – есенсіз бе? Қал – жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді айығып кеттіңіз бе?

3.- Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 – наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп – көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келеді.

4.- Жарайсың, құлыным! Менің кішкентайым ата – анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі – ақ елін қорғайтын азамат болады.

 

 

 

 

 

Балалар өз ойларын білдіреді

 

 

 

 

Нақыл сөздің мағынасын ашады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер арқылы бар білімдерін  топпен талқылап, ортаға  топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты  жинақтайды

 

 

 

 

Күтілетін жауаптар:

Құттықтау ,амандық сұрау,алғыс білдіру,ризашылық білдіру,мақтау

Ой толғаныс

Ойын – жаттығу

Әр топ жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетуі тиіс.

1 – топ: Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2 – топ: Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым – қатынастан үзінді.

3 – топ:Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалогтан үзінді.

4-топ: Әжесі мен немерісінің бір-біріне айтқан жылы сөздері

Жүректен жүрекке

Жылы сөздер шеңберін құрып, қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып, іштей жақсы сөздерді айтып, сол сөздерді жүрегінен алып,қолының уысына салып , уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып алақандарына салады

 

Жылы,жақсы сөздерді  қатыстыра отырып, көрініс(сахналау) көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шеңбер құрып,жүрек жылуларын бір-біріне сыйға тартады

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

 

Бағалау

Мақтау,мадақтау

 

 

Кері байланыс

Екі жұлдыз , бір тілек

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

 

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру