Cабақ жоспары.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы:9 Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Поэманы талдау.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын оқытып, идеясын ашу, кейіпкерлерге мінездеме беру. Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой-пікір қалыптастыра білулерін дамыту, оқушының образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту;
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, іздендіру, сатылай кешенді талдау, «6 Неліктен» стратегиясы;
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, хрестоматия, шығармалар жинағы;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру 1. Оқушыларды түгендеу 2.Үй тапсырмасы
Сыныпты үшке бөлу: «Алғырлар», «Тапқырлар», «Білгірлер» «Ой қозғау» бөлімі «6 Неліктен» стратегиясы
- Неліктен Абай Шығыстың классик ақындарының шығармаларымен танысты?
- Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?
- Неліктен Абай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деді?
- Неліктен Абай алғашқыда өз өлеңдерін Көкпай атынан жариялады?
- Неліктен Абай адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады деді?
- Неліктен А.Байтұрсынов Абайды «Қазақтың бас ақыны» деді?
Постер қорғау:Үш топқа Абай шығармашылығы бойынша тапсырмалар берілді. «Алғырлар» тобы – Абай өмірі «Тапқырлар» тобы – Абай өлеңдері «Білімділер» тобы – Абай поэмалары
Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
Әлем әдебиетінен Фирдоуси – «Шахнама», Низами – «Ескендір-Нама», Жәми – «Ескендірдің даналық кітабы» «Кубизм» әдісі бойынша поэманы талдау Баяндаңыз: 1. Поэма дегеніміз не? Қай тілден шыққан? Поэмадағы оқиға желісін ретімен баяндау
Зерттеңіз: Аристотель кім? Ескендір Зұлқарнайын кім?
ғалым грек ойшылы
Аристотель
Ескендір тәрбиешісі Энциклопедиялық еңбек авторы
Ел жаулағыш зұлым паша
Ескендір
тойымсыз көрсеқызар
Талдаңыз. Поэмаға сатылай-кешенді талдау жасау. 1. Авторы: А.Құнанбайұлы 2.Тақырыбы: Ақын Ескендір туралы аңызды өмір шындығына жақындатып толғаған 3.Жанр түрі: поэма (дастан) 4.Идеясы: Зұлымдықты мансапқорлықты, қатыгездікті әшкерелеу. 5.Шумақ саны: 42 6.Тармақ саны: 168 7.Бунақ саны: 3 8.Буын саны: 11 буынды 9.Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы 10. Шығарманың композициялық құрылымы:
Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Әрең дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
Шиеленісуі: Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан келген сый.
Шарықтау шегі: Сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотель ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
Шешімі: Қанағатсыз, тойымсыз адам көзі, тек өлгенде топыраққа тояды. Оқулықпен жұмыс: Аристотельдің Ескендірге берген жауабын поэмадан тауып оқу.
11. Әдеби-теориялық ұғымдар: теңеу – суындай, таспадай;
Эпиет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қақпа, қу өмірі, жеміт көз, кәпір көз;
Семантикалық карта
|
Шығарманың аты |
Авторы |
Кейіпкерлер |
Іс-әрекеті |
Адами қасиеті |
|
«Ескендір» поэмасы |
А.Құнанбаев |
Ескендір |
Жағымсыз әрекеттері көп |
Нашар |
|
|
|
Аристотель |
Ақыл-парасат иесі |
Жоғары |
|
|
|
Күзетші |
Ескендірдің өзіне лайықты сый берді |
Жоғары |
12.Шығарманың тәрбиелік мәні – күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлықтан аулақ болу, қанағатшыл болуға шақырады.
Сергіту: «Көзімнің қарасы» әні
Дәлелдеңіз. Ескендір – батыр. Ескендір – батыр емес. Оқушылардың жауабы.
Ұсыныс: Ескендірдің орнында болсаң, қандай іс-әрекет жасар едің? Біздің арамызда Ескендірдей адамдар бар ма?
Ой толғаныс: Оқушы шығармашылығы. Өлең немесе ой-толғау, кейіпкерге хат жазу;
Сабақты қорытындылау: 1. INSERT стратегиясы бойынша
|
Кімнің шығарма-сымен таныстың? |
Сабақ не туралы болды? |
Мен білемін |
Не үйрендім? |
Мен үшін қиын болған нәрсе? |
|
|
|
|
|
|
2. Сандар сөйлейді:
- 1845 жыл – Абай дүниеге келген жыл.
- 1870 жыл – Петербургтен жер аударылып келген, Е.П.Михаэлиспен танысады.
- 1885 жыл – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
- 1886 жыл – Өлеңдерін өз атымен жаза бастайды.
- 1890-1898 жыл – «Қара сөздерін» жазды
- 1886 жыл – «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазды.
- 1886-1890 жыл – жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазды.
- 1875 жыл – сайлауда жеңіске жетіп, үш жыл болыс болады.
- 1889 жыл – А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударған
- 1904 жыл – Абай дүниеден өткен жыл
Бағалау.
Үйге: «Ерлік жасай білесіз бе?» тақырыпта шығарма жазу



