Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы
№98 орта білім беретін мектебі
физика пәні мұғалімі
Рашова Роза Темирбековна
Қазіпгі таңда жаңа технологияны қолдана отырып, сабақ өткізу әрбір ұстаздың міндеті. Ұстаздың әрбір сабақтарын түрлендіріп өткізуі оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады.Мен өзімнің іс-тәжрибемнен 10-сыныпта өткізген «Кулон заңы» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын
Сабақтың тақырыбы: Кулон заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру. Тың мәліметтер беру арқылы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Еріктілікті дамыту, белсенділігін, қабілетін қызығушылығын дамыту шараларын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі қорғайтын электрден қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І кезең
1)Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
1) Кристалл және аморфты денелердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде ?
2) Тордың түйіндері деген не? Олар қалай орналасады ?
3)Кристалдық құрылымдарды қалай бөледі?
4)Деформацияның қандай түрлері бар?
5) Механикалық кернеу дегеніміз не ?
6)Балқу және кристалдану дегеніміз не ?
7) Сублимация дегеніміз не ?
ІІ кезең
Жаңа материалды меңгерту:
Электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімі электродинамика деп аталады. Электродинамиканың қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі электростатика деп аталады.
Кулон заңы электростатиканың негізгі заңы. Ол бұл заңды 1785 жылы ашты.
Кулон заңы : вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал. Бұл күш осы зарядтарды қосатын түзу бойымен бағытталған.
-вакуумде, ;
диэлектрикте, ; мұндағы
Нүктелік зарядтардың арақашықтығынан өлшемі мейлінше аз.
Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
№190 .1 мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне –бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?
№194 .Сутегі атомындағы электрон мен ядроның ара қашықтығы 0,5*10-8см болса , олардың өзара әсерлесу күшін анықтаңдар
ІІІ кезең
Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
І деңгей
1) Қандай заряд нүктелік деп аталады ?
2) Кулон заңы қалай тұжырымдалады ?
3) Электр заряды қандай бірліктермен өлшенеді ?
ІІ деңгей
1) Аталған физикалық шаманың белгіленуімен өлшем бірлігін жазыңдар
|
Р/с |
Физикалық шама |
Белгіленуі |
Өлшем бірлігі |
|
1 2 3 4 5 6 |
Күш Заряд Жылу мөлшері Меншікті балқу жылуы Механикалық кернеу Жұмыс
|
|
|
1)Кулон заңының математикалық өрнегі қалай жазылады ?
ІІІ деңгей
1)Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай ?
2) Суперпозиция принципін тұжырымдаңдар
2) Бір-бірінен 3 см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру: §8.1-8.3 дайындық сұрақтары, 15-жаттығу.3-4



