Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы
№98 орта білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Бакибаева Жансая Серікқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
1)5-ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру.
2)Математика пәніне деген қызығушылықтарын,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3)Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,өзіндік,түсіндіру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Күлім қағып қолымды,қошеметтеп соғайын.
Қарап тұрған көршіме қолымды мен бұлғайын.
Жылы шырай жүзбенен маңдайыңнан сыйпайын,
Жылы-жылы сөзбенен,жүрегімді сыйлайын,
Амандасып өзіңмен,құшақтап бір қысайын.
ІІ.Өткенді қайталау
«Қызықты есептер»
1)Үш қорап сіріңке үшін 9 теңге төленді.Бір қорап сіріңкенің бағасы қанша?
2)Бір қорап сіріңкенің бағасы 3 теңге.12 теңгеге неше қорап сіріңке сатып алуға болады?
3)Ойыншық ұялы телефонның бағасы 70 теңге.Осындай 4 ұялы телефонның құны қанша?
4)Үш құттықтау хатының құны 300 теңге.Құттықтау хатының бағасын тап.
ІІІ.Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз 5-ке көбейту және бөлу.
5*5=5+5+5+5+5
5*6=5+5+5+5+5+5
5*7=5+5+5+5+5+5+5
5*8=5+5+5+5+5+5+5+5
5*9=5+5+5+5+5+5+5+5+5
(5 санының ерекше қасиетті сан екенін айтып өтемін)
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын ата
-Қыс мезгілінде табиғат қалай өзгереді?
-Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
Балалар,бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді,яғни «Аққала» құрастыру.Аққала неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен )
-Ендеше,балалар, аққала құрастыру үшін І бөлігін орналастыру керек.(тақтамен жұмыс)
1) 5*5=25
5*6=30 6*5=30
5*7=35 7*5=35
5*8=40 8*5=40
5*9=45 9*5=45
:5
2) 10 2
*5
3)
3) * * :
Сонымен 1-ші бөлігін орналастық.Енді келесі 2-ші бөлігін орналастырамыз.Ол үшін қима қағаздармен жұмыс жасаймыз.
1) 5*6=30 10:5=2
5*4=20 20:5=4
5*3=15 15:5=3
5*8=40 40:5=8
2) Шешуі:5*7=35
Жауабы:7 қауынның массасы 35 кг
Шешуі:25:5=5
Жауабы:Бір ашық хаттың бағасы 5 теңге
Шешуі:40:5=8
Жауабы:40 теңгеге 8 жапсырғыш сатып алуға болады.
3) 656-98=558 90*10-756= 244
306+87 =393 40*7-40*5= 80
300:100 =3 70*3+7*2 = 224
(354+636)-920=70 80*3+30*2= 300
720-(384+216)=552
4) 4*1=4 4*5=20 4*9=36
4*2=8 4*8=32 4*0=0
ІҮ.Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қолда бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
Аққаланың 3-ші бөлігін яғни, басын орналастыру үшін өзіндік жұмыс орындаймыз.
1) Қалдықпен бөлуді орында
6:5=1(қ.1) 9:5=1(қ.4)
7:5=1(қ.2) 11:5=2(қ.1)
8:5=1(қ.3) 12:5=2(қ.2)
2) Периметр табу
|
Р=1см+1см+1см+1см=4см
3) Тура теңдіктер шығу үшін бос тор көздерге қандай санды жазу керек.
45:5 3 +5 30:5 40:5- 1
35:5-2*3 9 - 1 25:5+6 8* 1
-Ал,енді балалар,бәріміз аққалаға қарайық.Қай жері кем болып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар.Басында қалпағы жоқ.Қалпағын кигізу үшін мына
тапсырмаларды орындайық.
1)Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын,балақан?
(сегіз)
2)Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналған-ды бес есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек?
(екі)
Ү.Сабақты қорыту
-5-тің көбейту кестесін айт.
Қалай ойлайсыңдар,неге әрбір жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
ҮІ.Үйге тапсырма
№ 14 есеп
Көбейту кестесін жаттау.
ҮІІ.Бағалау



