ҰБТ-ге дайындық. "Лексика" тарауы

Жұмыс дәптері оқушыларға "Лексика" тарауын жан-жақты меңгерудің неғұрлым тиімді жолдарын қамтыған. білім беруде барлық материалдар бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру үдерісінде оқушының білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.Мазмұны 1.Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.Көп мағыналы сөздер. 2.Омоним.Синоним.Антоним.Табу.Тұрақты сөз тіркестері.Мақал-мәтелдер. 3.Сөздік қор.Қазақ тілінің сөздік құрамы.Көнерген, жаңа сөздер.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері. 4.Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер. Өткізу уақыты мен орны. № Мазмұны Сабақты өткізу мерзімі мен орны бақылау Өзіндік жұмыс 1 Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.Көп мағыналы сөздер. 2 Омоним.Синоним.Антоним.Табу.Тұрақты сөз тіркестері.Мақал-мәтелдер. 3 Сөздік қор.Қазақ тілінің сөздік құрамы.Көнерген, жаңа сөздер.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері. 4 Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер. Оқу сабақтарының құрлымы Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: дәріс, өздік жұмыс, бақылацу жұмыстары. Дәріс – оқушыға тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін оқушы ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс жасау қажет. Өздік жұмыс – оқушының өзіндік жұмысы. Ол тапсырмаларды кестеге сәйкес белгіленген мерзімде тапсыруға міндетті. Бақылау жұмыстары – оқытушының бақылауындағы оқушының өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде мұғалімнің көмегімен оқып меңгеру. Мұғалім тақырыпқа сәйкес оқушының білім деңгейін тексереді, бақылайды. Оқушыларға арналған ережелер : 1. Сабаққа кешікпеу керек. 2. Сабақ кезінде ұялы телефонның көмегіне, түрлі анықтамалықтар көмегіне сүйенбеу керек. 3. Тапсырмаларды басқа біреуден көшірмеу керек. 4. Сабақтан себепсіз қалмау керек, науқастығына байланысты болса, сынып жетекшіге ескерту керек. 5. Барлық кешенді тапсырмалар орындалу керек, себебі мониторингісі шығарылады. 6. Тапсырмаларды толық орындап болмай, келесі тарауға өтпейсіз. Дәрістер Жоспар: 1. Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына. 2. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары. 3. Көп мағыналы сөздер. 4. Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер. Пайдаланатын әдебиеттер : 1. «Қазақ тілінен ҰБТ-ге дайындаламыз» І бөлім. А.Ә.Айнабек, Т.Ж.Ганиев. «Астана» -2013жыл.52-53 б.б. 2. «Қазақ тілі» оқулық. 5-сынып. 3. «Қазақ тілі» 10 –сынып ( сөз мәдениеті). «Мектеп»баспасы 2002 жыл Лексика (грекше лексикос — сөз дегенді білдіреді) тілдегі сөздердің жиьштығы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексика жеке ақын-жазушылардың шығармаларында қолданылған сөздер жиынтыгы деген ұғыммен де жұмсалады. Мысалы, Абай шыгармаларының лексикасы дегенде, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды түсінеміз. Лексика лексикология, семасиология, этимология және лексикография деген салалардан тұрады. 1. Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос — сөз және логос — ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді. 2. Семасиология (гректің семантикос — білдіру, мән және логос — ілім деген сөздерінен алынған) сөз мағынасын, сөздің ішкі мәнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады. 3. Этимология — сөздер мен жекеленген тұлғаларының тарихын, шығуын, дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мысалы, қазіргі тілімізде қолданылып жүрген кітап, дос, бөкебай, биыл, сексен сияқты сөздерінің мән-мағынасы бізге түсінікті, бірақ ол сөздердің қалай шыкқандығына көз жүгіртіп, мән бере бермейміз. Кітап — китабун деген араб сөзі, дос — дост деген парсы сөзі, бөкебай — пуховый деген орыс сөзі, ал биыл — бұл+йыл (жыл), сексен — сегіз+он деген түбірден құралған біріккен сөздер. 4. Лексикография (гректін лексикос — сөз және графос — жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі. Сөздіктердің негізгі түрлері мынадай: Түсіндірме сөздік тілдегі барлық сөздерді қамтып, білдіретін мағыналарды мысалдар арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тілінде 1956—1961 жылдары екі томдық, кейін 1974—86 жылдары он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді. Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ тіліне қатысты аударма сөздіктер; «Орысша-қазақша сөздік», «Қазақша-орысша сөздік». «Парсыша-қазақша сөздік», «Ағылшынша-қазақша сөздік» т. б. Сондай-ақ кене түркі ғалымы Махмүд Қашғаридың «Дивану лұғат-ит түрік» (Түркі тілдері сөздігі, яғни түрікше-арабша, 1072 ж.), «Кодекс Куманикус (қыпшақша-неміс< ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������

Ұқсас мақалалар:
Зат есім, Сөз және оның мағынасы бойынша жаттығу жұмыстары

Зат есім, Сөз және оның мағынасы бойынша жаттығу жұмыстары

ШҚО, Абай ауданы,Қасқабұлақ ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Сағыбаева Айтолқын Жакашевна Сабақтың...
Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық

Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78орта білім беретін мектебі қазақ тілі пәні мұғалімі Абилдаева Айнур Абдихаликовна  ...
3 класс Буква Ы ы.  Звук Ы

3 класс Буква Ы ы. Звук Ы

Это разработка урока Буква Ыы. Звук ы. Урок с игровыми приемами и стишками для запоминания нового материала и развития памяти уч-ся...
мастер-класс по подготовке к ЕНТ по русскому языку

мастер-класс по подготовке к ЕНТ по русскому языку

разработка проведенного Мастер-класса по подготовке к ЕНТ по русскому языку с учителями районных школ....
Лексикадан өткенді қайталау

Лексикадан өткенді қайталау

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанышева Майра Ізбасарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру