Пәні: Математика Мұғалім: Каткенова А.Г. Арбиген ЖОББМ
Сыныбы: 3
Күні:22.10.15.
Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту.
Сабақтың мақсаты:
•Екі амалдан тұратын есептерді, үш таңбалы сандарды баған түрінде есептеу және көбейтуге, бөлуге берілген есепті шығара білу дағдысын қалыптастыру.
• Есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту;
• Математика пәніне деген қызығушылыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.
Көрнекіліктері: сандар, слайд, плакаттар, суреттер, білім ағашы, стикер, смайлик.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың ұраны айтылады.
«Математика – үлкен патшалық,
Сандықты ашып, сырын ұқ!»
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық.
- Үлкенге де сіз!
- Кішіге де сіз.
- Сәлем бердік сіздерге.
- Құрметпен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .
68- бет № 4
«Үндемес « ойны.
Үйге берілген тапсырма бойынша , жауаптарын карточкаға жазып көтереді.
29+35 = 64 899+35 = 934 898+76 = 974
89+64 = 153 799+78 = 877 798+107 = 905
99+32 = 131 699+209 = 908 698+237 = 935
ІІІ. Пысықтау.
-Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?
- Құрама есептерді шығару.
- Құрама есеп туралы не білдіңдер?
- Құрама есеп екі амалмен орындалады. Кері есептер құрастыруға болады.
- Ал біз бүгін өтілген материалды бекітеміз.
-Пысықтау сабағы болады.
Дәптерді ашып, күнді жазамыз.
- Балалар, мен сендерді «Ойын еліне» саяхатқа шақырамын.
- Олай болса, біз бүгін қонақтармен бірге «Ойын еліне» саяхатқа шығамыз. Сіздер ойындарды жақсы көресіздер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық!
Қоңыраудың дыбысы шығады.
- Балалар, бұл ненің дыбысы? / қоңыраудың/
- Неліктен қоңырау соғып жатыр деп ойлайсыңдар?
- Оны білу үшін біз мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.
Сөзжұмбақ шешіледі.
Тігінен « хат» сөзі шығады.
-Қандай сөз шықты? / хат /
- Сонда бізге хат келіпті екен.
- Олай болса , келген хатты оқып шығайық.. Кімнен келген хат екен?
Бір оқушы хатты оқиды.
- Бұл хатты жазған кім? / қояннан /
- Балалар, қоянға көмеккке барамыз ба?
- Олай болса, біз «ойын еліне» саяхатқа шыға отырып, әрбір дұрыс орындаған тапсырмаға бір сәбізден алып отырып, қоянның себетіне сәбізді салып отырамыз. Осылайша біз қоянның себетін сәбіздерге толтырып береміз.
1-ойын. «Иә-жоқ» ойыны. Сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап береді.
1. Азайтудың нәтижесі айырманың мәні деп аталады. / иә /
2. 1 сағатта 50 минут бар. / жоқ /
3. Бір амалмен орындалатын есепті құрама есеп дейміз. / жоқ /
4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура шаршы деп аталады. / иә /
5. Көбейтуге кері амал бөлу амалы. /иә /
6. Аптаның соңғы күні сенбі. / жоқ /
7. Бір тәулікте 24 сағат бар. / иә /
8. 8*4 өрнегінің мәні 36-ға тең. /жоқ /
9. 60*0 өрнегінің мәні нөлге тең. /иә /
10. 1 дм-де 10 см бар. / иә /
11. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз. / иә /
12. Ұзындықтың өлшем бірліктері кг, т, ц . / жоқ /
13. 7 ондық 0 бірліктен тұратын сан 70 саны. / иә /
14. Санды нөлге бөлуге болмайды. / иә /
2-ойын. «Кәне, кім тапқыр?»
№1. а) Есепті шығарады.
Шешуі: 6*8=48 /м/
( 48+8) +9 =65 /ф/
ә) 5 * 3 + 8 өрнегі бойынша есеп құрастыр.
Дүкенге бірінші күні 5 кг-нан 3 жәшік алма, ал екніші күні 8 кг алма әкелінді. Дүкенге екі күнде неше кг алма әкелінді?
3-ойын. «Компьютер»
№3. Баған түрінде жазып, есептейді.
(1000-360)-)890-375)
(900-738)+(469+37)
781-(594-546)-138
Сергіту сәті.
Секіреміз топ,топ,топ,топ,топ,
Шапалақтап көп,көп,көп,көп,көп,
Иілеміз оңға қарай 1,2,3
Иілеміз солға қарай 1,2,3.
4-ойын. « Ойлан, тап!» Есептер оқылады, ал балалар жауаптарын жылдам айтады.
А) Бір октавада 7 нота бар. Екі октавада неше нота бар? / 14 нота бар /
ә) Домбыраның 2 ішегі бар. Осындай 9 домбырада неше ішек болады? / 18 ішек болады /
б) Гитараның 6 ішегі бар. 7 гитарада неше ішек болады? / 42 ішек болады /
в) Хорға 20 қыз қатысады, олар ұлдардан 4 есе артық. Хорға қанша ұл бала қатысады? / 5 ұл/
• Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
/ 5 қоян /
• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? / 2кг /
5-ойын. « Мен сәулетшімін» ойыны
Пәтердің жобасын қарастырады.
- Қонақ бөлменің периметрін тап.
- Дәліздің периметрін тап.
- Дәліздің ұзындығы оның енінен неше есе артық?
- Егер есігінің ені 1 м болса, құрылысшыларға қонақ бөлме үшін неше метр ернеулік қажет болар еді?
Рефлексия кезеңі. «Тазалық» ойыны.
Тақтаға үш жәшіктің суреті ілінеді. Оқушылар сабақтан алған ақпаратты таңдауы бойынша үш қалтаға салады.
Қоқыс жәшігі Ет тартқыш Чемодан
Бағалау кезеңі.
Эмоционалды бағалау бойынша оқушылар шапалақ арқылы бір-бірін бағалайды.
Үш шапалақ – 5 деген , екі шапалақ – 4 деген, ал бір шапалақ – 3 деген бағаны білдіреді.
Қойылған бағаның себептерін айтады.
-Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді смайлик арқылы білдіресіңдер.
Білім ағашына смайликке сабақта не ұнағанын жазып іледі.
Үйге тапсырма: 69 бет № 4, № 7
Тексерілді: Мусанова Қ.Қ. / /




