Ашу – дұшпан, ақыл дос
Құстардың туған жерге оралуы.docx
Мақсаты
Мақсаты:
-Ашуға ерік бермеу, ашуды ақылға жеңдіру, ойлана білу,адамгершілік құндылықтарының мән-мағанасын ашу.
Міндеті:
-Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;
- Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;
-Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар, мақал-мәтелдер.
I.Кіріспе
Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі (М.Әуезов)
Адам пенде болғанан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі адамдар арасындағы жағымды қарым-қатнасқа өкпе-ренішке нұқсан келтіріп, өзара түсініспеушілік туғызады. Сол себепті өкпе ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек. Өкпе, реніш адамның көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады. Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу- кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу – ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі. Іс-әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманын арасын айыра алатын, әр іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.
- «Әңгімелесу»
Бізге ашық күн керек
Жеңдіріп біз ашуды
Аспан керек мөп-мөлдір
Ақылға әр кез келеміз,
Қуанышқа тұр бөлеп.
Азамат боп ер жетіп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Ағаларға ереміз.
Өлеңдегі: « Жеңдіріп біз ашуды,
Ақылға әр кез келеміз»- деген өлең жолдарынды нені түсіндіңдер?


