Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Махамбетова Нургуль Шудабаевна
Сыныбы: 4 сынып
Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Күн – жарық пен жылудың көзі
Сабақтың мақсаты: Күннің тіршілік үшін маңызы туралы мағұлмат беру.
Күн жүйесі жайында білімдерін кеңейту.табиғатты қорғауға елін, жерін сүюге, ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Күн жүйесінің суреті
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу)
Психологиялық дайындық
Табиғат , тіршіліктің тұнып тұрған
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан
Сен – көлсің,Сен – ормансың, Сен – Бұлақсың.
Адамды сұлулыққа құнықтырған
2.Үй тапсырмасын тексеру
Ғарыш дегеніміз не? Тақырыбы бойынша ауызша сұралады.
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
. Ғарыштың құрамдас бөліктерін ата,,,,,, галактикалар, газ шоғырлары, түрлі сәулелер
. Планета дегеніміз не? ........... өзіне жарық шығармайтын шағын денелер
. Ғарышқа жол қашан ашылды. ........... Ғарышқа жол 1957 жылы ашылды, алғаш қазақтың батыры Ю.А.Гагарин ұшты.
3. Сергіту сәті
Шаршадым , ух дедім,
Ренжідім, тух дедім,
Қорықтым, ой дедім,
Өкіндім, ах дедім,
Шарасыз эх дедім
Таңырқап о дедімКейідім и дедім,
Біліп ап е дедім
4. Жаңа сабақ
- Балалар, сонымен біздер алдыңғы сабақта күн жүйісіндегі планеталар олардың зерттелуі туралы білдік.Енді күннің өзін алып қарайық.Күн деген сөзді естіген кезде ойларыңа келеді,көздеріне не елестейді, нені сезесіңдер?Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар.
- жылу, жарық,энергия көзі,нұрын төгеді,аптап ыстық;
- Бауырсаққа, шарға ұқсайды, мейірім төгеді
- - Олай болса, бүгенгі сабағымыздың тақырыбы «күн – жарық пен жылудың көзі»
Суретпен жұмыс.Не байқадың?
Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттыңтіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше.Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – күн. Күн жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар.Жұлдыздар жай көзге түнде ғана көрініп күндіз көрінбейді.Оның себебі – күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді.Күннің массасы жердің массасынан – 333 000 есе үлкен.Жерге күн қуатының 2 милиарттан бір бөлігі ғана жетеді.Күн шыққан жарық жерге 8 минут 19 секунтта жетеді.Күн көкжиектен неғұлым жоғары көтерілсе,соғұлым күштірек жылытады.Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды.Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4 милиард жылдан асыпты.Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар өсіп жетіледі.Күн сәулесі болмаса өсімдіктер мен жануарлар көмірқышқыл газын сіңіріп,оттегіні бөліп шығармас еді.Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім,тамақ, дәрі – дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады.Олай болса күннен шығатын жарық пен жылусызжер бетінде тіршілік атауы болмас еді.
- Мәтінмен жұмыс
- дауыстап оқу (мұғалім)
- күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді.
- Күнді айналып жүретін паланеталар мен аспан серіктері күн жүйесін құрайды.
- Күн қуатын қалай пайдаланады.
- Күн куаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға,астық және көкеністерді кептіруге қолданады.
- Ғарыштан алынатын ақпараттардың шаруашылық үшін маңызы қандай?
- Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді.Ғарыштан түсірілген суреттер ауа – райын болжауға , аса апатты жағдайлардың алдын алуға көп көмегін тигізеді.Арктикада жүзетін кемелер жасанды серіктердің қалқыма мұз жағдайын біліп,жүзу жолын ыңғайлап отырады.Жасанды серіктер арқылы хабарлар беріледі, алыс жерлерден радио байланыс арқылы хабарлар беріледі.
Топтық жұмыс
Кітаптағы мәтінді, өз білгендеріңді пайдаланып, мына мамандық иелеріне күннің маңызы жайында мағұлмат бер.
1. Дихан--
2. Саяхатшы ---
3. Дәрігер ---
Шығармашылық жұмыс (бес жолды өлең шығару)
- Зат есім
- Сын есім
- Етістік
- Сөйлем
- Мағыналас сөз
Бекіту
Не білдік? Оқушылардың білімдерін бағалау
Үйге тапсырма
105 беттегі тапсырманы орындау
Қорытынды
- Сабағымызды қорыта келе күн шуағын шартарапқа шыр айнала шашып, мейірімін сіздерге төге берсін,елімізде бейбітшілік болсын деп сабағымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.



