Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: ЖОМ №22 Мерзiм: 07.11.15ж
Тақырып: «Сабырлылық пен ұстамдылық»
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Сабырлылық, ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық.
Мұғалiм: Мукушева Майя Акатаевна Класс: 5 Оқушылар саны: 16
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ету. Міндеттері:
|
Ресурстар: (оқулық, дәптер ) |
|
Сабақ барысы:
Сәлемдесу Оқушыларды түгендеу 5 «Т» ережені қайталау. Сабақта біз: тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалықты сақтауымыз керек. Сабаққа дайындығын тексеру: оқулық, дәптер, әр түрлі түсті карандаш, қалам, күнделік Тыныштық сәтi. (Жайлы, баяу музыка . Балалар, дұрыс отырайык, көзімізді жұмамыз, арқамызды тік ұстаймыз, қолдарыңызды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады, аяқтатарыңызды айқастырмаймыз).«Су асты патшалығына ойша саяхат». Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.
|
|
«Ұстамдылық -әдептің ұстазы, ұстамсыздық- әлектің нұсқасы» Нақыл сөз (ел ауызынан берілген сөз) 1.Дәйексөздің мағынасын неде? 2.Ұстамдылық деген не? 3.Ұстамдылық –әдептің нұсқасы дегенді қалай түсіңесіздер? (дәйексөзді бірнеше рет айтқызу, дәптерге жазып алу) |
|
«Сиқырлы тас» ертегісі ( бейне көрініс, қысқарту түрінде ) Талдау
Мұғалім: Ал, ендеше балалар; - Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін-өзі ұстай білу – Сабырлықтың белгісі. Қандай жағдайда болмасын қызбалыққа салынбай, шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдықпен қарау – Ұстамдылықтың белгісі. |
|
1. Сабырлық туралы эссе жазу 2. Сөзжұмбақ шешу 3. Мақалдардың кейбір сөздерін табу. |
|
«Біз үйде де, аулада сабырлымыз»
Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол Қызбалыққа салынбай шыдамды бол Сабырлы да, ұстамды бола білу Сезіндірді жүрекке тыныштықты
Қ-сы Біз үйде де,аула да сабырлымыз Шыдамдымыз,төзімдіміз Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз Ұстамдымыз әрқашан! |
|
№22 Ж.Баласағұнидың өлеңін жатқа айту,78 бет. |
|
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. «Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. (Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады). Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
|
|





