Кітап
Кітап
БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы
№17 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні мұғалімі
Габдижалел Арайлым Габдижалеловна

Кітап

Сабақтың мақсаты: Кітап туралы толық мағлұмат беру. Білімдерін жүйелеу, жинақтау, бекіту.
Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту. Сауатты жазуға, тыңдауға және оқуға баулу. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Кітапты таза, ұқыпты ұстауға жыртпауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кеспе қағаздар, сюжетті суреттер, интерактивті тақта, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың ұраны : «Кітапсыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ».

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Тренинг.
1. Балалар, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін алдымен мына тұрған өлең жолдарын бәріміз оқып шығайық.

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

2. Қызыл, жасыл, сары карточкалар таңдалады. Сол бойынша 3 топқа бөлінеді.
Балалар, міне, әркім өздеріне ұнаған түсті таңдап, 3 топқа бөлінді. Енді мен сендер таңдаған түстерге тоқтала кетейін.
Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - батыл адамдар.
Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар.
Сары түс - жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады.

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға түрлі-түсті жетондар беріледі. Сабақ соңында сол арқылы бағалаймын.

III. Өткенді қайталау.
Балалар, алдымен сабағымызды бастамас бұрын сұрақтар арқылы ойымызды жинақтап алайық. Ол үшін мен сендерге мынадай сұрақтар дайындадым. Интерактивті тақтаға назар аударайық.

Слайд-шоу арқылы көрсетіледі.
1. Наурыз, сәуір, мамыр айлары қай жыл мезгіліне жатады? (Көктем)
2. Өзіңнен кейінгі ұл бала кім? (Іні)
3. Оқушылар бормен қайда жазады? (Тақта)
4. Қардың түсі қандай болады? (Ақ)
5. Сабақта біз қайда отырамыз? (Парта)

К І Т А П
IV. Жаңа сабақ.
Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.
Мінеки, балалар, кітап туралы мағлұмат та білдік. Енді осы кітаптың қалай жасалатынына, бізге қалай жететініне назар аударайық. (интерактивті тақта)

V. Жаттығу жұмысы.
I топ, II топ, III топқа әр түрлі тапсырмалар ұсынылады.

1-тапсырма. Мәтінді оқы, аудар. (1-тапсырма, 41 бет)
Менің атым – кітап. Мен адамның досымын. Мен адамдарды жақсы көремін. Адамдар да мені жақсы көреді. Маған арнап сөрелер жасайды. Мен адамдарға білім беремін. Сен мені күт, жыртпа, таза ұста. Сонда екеуіміз дос боламыз.

Меня зовут – книга. Я друг человека. Я люблю людей. И они меня тоже любят. Мне делают полки. Я людям даю знание. Ты со мной обращайся бережно, не рви, держи в чистоте. Тогда мы будем друзьями.

2 – тапсырма. Берілген мәтінге сұрақ қой.
Менің атым – кітап. Мен адамның досымын. Мен адамдарды жақсы көремін. Адамдар да мені жақсы көреді. Маған арнап сөрелер жасайды. Мен адамдарға білім беремін. Сен мені күт, жыртпа, таза ұста. Сонда екеуіміз дос боламыз.

3 – тапсырма. «Кітап дүкенінде» тақырыбына диалог құрастыр.
- Сәлем, ... !
- Сәлем, ... !
- Қалың қалай?
- Жақсы, өзің қалайсың?
- Өте жақсы, рахмет! Сен қандай кітап аласың?
- Мен ертегі кітабын аламын. Сен ше?
- Мен жануарлар энциклопедиясын аламын.
- Жарайды. Көріскенше!
- Сау бол!

VI. Грамматикалық жұмыс.
I топ, II топ, III топқа әр түрлі грамматикалық тапсырмалар ұсынылады.

1 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Әрбір кітапты ... сақта.
Кітапты кір қолыңмен ... .
Кітапқа атыңды ... .
Кітабыңның ... қаптап ал.
Кітапты жарықта ... .

Керекті сөздер: таза, ұстама, жазба, мұқабасын, оқы.

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Мен кеше (қандай?) кітап оқыдым. Айгүл дүкеннен (неше?) кітап сатып алды. Мұғалім (нені?) сөреге қойды. Кітапханашы (кімге?) екі кітап берді. Ғазиз (қандай?) тон сатып алды.

Керекті сөздер: кітапты, қызықты, жылы, Айболға, төрт.

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

3 – тапсырма. Қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
Үлкен, әдемі, шкаф, қуанды, жасыл, ащы, қалада, мектептің, бақта, сөмке, көңілді, терезе, қоңыр, қалам, таза.

VII. Есіңе сақта!
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады.
5. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
6. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
7. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.

VII. Жұмбақтар сыр шертеді.

1. Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

2. Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)

3. Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)

4. Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)

5. Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран. (42 әрiп)

VIII. Бағалау.
Жұлдызшалары көп оқушыларды, сабаққа жақсы атсалысқан оқушыларды бағалау.
IX. Үй тапсырмасы.
Оқу-білім, кітап туралы 3 мақал-мәтел жазып келу, мағынасын ашу. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру