Гүлдерді күтеміз
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Айналамен таныстыру
Тақырыбы:Гүлдерді күтеміз
Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Көктемгі табиғат өзгерістерін, ерекшелектерін байқау бөлме өсімдігі мен дала гүлдерінің айырмашылықтарын бақылату. Табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ, жауап.
Көрнекілігі: Дала гүлдерімен, бөлме өсімдігінің суреттері.

Мотивациялық қозғаушы: Шаттық шеңбері.
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалған.

Іздену ұйымдастырушы: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Көтем мезгілінде неше ай болады?
-Үш ай болады.
-Аттарын атаңдаршы.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
Балалар көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Көктемде күн жылынады, қар ериді, жылғалардан су ағады, құстар ұшып келеді, шөптер шығады, бәйшешекпен қызғалдақ өсіп шығады, ағаштар бүршік жарады.
Бүгін мен сендерге көктемнің алғашқы гүлдері туралы түсіндіріп беремін.
Бәйшешек гүлі көктем мезгілінің ең алғашқы гүлі, ол жаңа еріп жатқан қар астынан қылтиып шығып көктемнің келгенін хабарлап тұрғандай болады. Бұл өте нәзік гүл. Назар аударамыз түсі күлгін көкшіл, сабағы ұзынша келген жапырағы бар кішкене гүл.
Бұл гүл арқылы көңілімізде қуаныш ұялап көктемнің келгенін сеземіз.
Ал мынау да көктем мезгілінде шығатын гүлдің бірі қызғалдақ.
Қане атын қайталап айтамыз!
Балалар: бәйшешек, қызғалдақ
Бұл көктемнің сәуір, мамыр айларында жазық далаға, қырға өсетін өсімдік. Бұл гүлдер құлпырып өсіп даланың сәнін келтіреді. Бұл гүлдерді «Көрікті» гүлдер деп айтуға болады.
Гүлдер туралы тақпақ айтып берейін.
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз
Көрсек гүлін жарғанын.
Дала гүлдері далада, қырда жазық жерлерде табиғатқа көрік беріп, таза ауа жұтуға көмек береді. Көптеген әдемі гүлдерді үйдің айналысына өсіреміз.
Ал бөлме өсімдігін үйде арнайы дайындалған ыдыста өседі. Ол бөлме ішіне әдемі көрік беріп тұрады және пайдалы емдік қасиеттері де бар.
-Қандай бөлме өсімдектерін білеміз?
-Кактус, алоэ, фикус, роза гүлі.
Кактусты компьютердің алдына қойып өсіреді, себебі ол адамдарды өткір сәулелерден қорғап тұрады. Алоэ деген өсімдігінің емдік пайдасы көп. Жөтелгенде, жара шыққанда осы өсімдікті ем ретінде пайдалана аламыз.

Сергіту: сәті
Гүлдеріміз қызғалдақ,
Ашылады әдемі ақ.
Желмен бірге шайқалып,
Мұрынға апарып.
Бір иіскейік тамсана.

Балалар өз қолдарымен екі гүл отырғызады.
Д.О « Бәйшешек пен кактусты» құрастырып бер.
Сурет қиындыларын құрастырып береді (шашылған суреттерді бір-біріне құрастырып таба біліу).
Топтастырыу арқылы гүлдерді айыра білу.
Тәрбиеші: Гүлдерді үнемі күтіп баптау керек. Оны аяқпен таптап басуға жұлуға болмайды. Гүл табиғаттың әсем көрінісі. Адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлайды
Үзіп алсаң, сен бір гүл,
Үзіп алсам, мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл жасыл жердің бұл.
Білейік гүлдің қадірін.
Қорытынды: Бүгін біз не жайлы әнгімелестік?
-Гүлдердің ерекшеліктерін білдік.
-Сендерге не ұнады?
-Балалар ұнаған гүлдерін айтып береді.
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже;
Біліу керек: Бөлме өсімдігімен дала гүлінің бір-бірінен айырмашылығын білу.
Қалыптасқан түсініктер: Өсімдіктерге, гүлдерге деген сүйіспеншілігін арттыру, аялай білуге тәрбиеленуі ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Көрікті көктем

Көрікті көктем

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылы Қаракөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байтөбетова Жұлдыз Кәрімжанқызы Сабақтың тақырыбы: ...
«Дыбыстар еліне саяхат»

«Дыбыстар еліне саяхат»

Ж.Қ.Жумагалиева , МКҚК «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы. Мақсаты: Табиғат құбылыстарын,...
Ғарышқа саяхат

Ғарышқа саяхат

Технологиялық карта «Гүлдер» ортаңғы тобы Күні: _________ Тәрбиеші: ІІ санатты Р.Д.Китарова Білім беру саласы: ...
Айналамен таныстыру

Айналамен таныстыру

Айналамен таныстыру Сабақтың тақырыбы: Көктем келбеті Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға...
Бөлме өсімдіктерін күту жолдары

Бөлме өсімдіктерін күту жолдары

Бөлме өсімдіктерін күту жолдары Бөлме өсімдіктері таза ауамен қамтамасыз етумен қатар, үйіңізге сән беріп, көңіл-күйіңізді көтеріп, сіз отырған...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру