Тақырыбы: Табиғатым – тал бесігім
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мұғалім: -
Орманы, тауы, сулары
Қандай әсем нұр таңы
Алуан түрлі аңдары ,
Мезгіл сайын өзгеріп,
Далаға тұрар өң беріп
Қыс та, көктем, жазы да
Күздері қандай жазира
Табиғат – Ана, жер – Ана
Мәңгілік адам бесігі
Қуат беріп жаныма
Ашылған өмір серігі.
Табиғат – біздің анамыз
Оны аялап бағамыз
Бар байлығын игеріп,
Өркендейміз, жанамыз
Мәпелейміз анадай
Гүл егеміз аялай
Шуағын төгіп әрқашан
Күліп тұрсын күн анам
Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық «экология» мәселесіне үн қосу үшін «Табиғатым-тал бесігім» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1-оқушы. Жансая
Табиғат — ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер-нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су — адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
2-оқушы. Диас
Табиғат — ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір иісі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесіне беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.
3-оқушы. Альбина
Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.
4-оқушы. Есбол
Табиғат — ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары - ақбөкен, әні мен сәні — бұлбұл,
су аруы — аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
Жүргізуші: Көрініс: Автор, әкесі,баласы,құс
Автор Ақбота: Әкесі мен баласы орманға келеді.
Әкесі Әбдірахман: Ағашта қалмапты ғой өзі?
Баласы Рысбек: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі Әдірахман: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік
Баласы Рысбек: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні емес пе?
Әкесі Әбдірахман: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
Автор Ақбота:
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.
Әкесі Әбдірахман : Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Құс Дильназ: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбаңдаршы, қырықпандаршы.
Баласы Рысбек: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай – ақ қояйықшы
Әкесі Әбдірахман: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мәс саған!
Автор Ақбота:
Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.
Содан құс Дильназ:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?
Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын.
Автор Ақбота:
Құс әлсіреп шығып кетеді.
Ақниет: Енді құртып орманды алмақпыз ба?
Сөз қадірі қажет пе салмақсызға?
Орман өрті жүректі жарып жатыр,
Шынында енді ормансыз қалмақпыз ба?
Іштен тынып, дәрменсіз сыңсиды орман,
Жаз дәуренің, ну орман, қайда қалған?
Құлап жатқан қарағай отқа оранып,
Өртсіз күндер кете ме болып арман?
Қожаахмет : Қазақ, қайда барасың күнә арқалап,
Ессіз ұлың орманды жүр балталап.
Орман менен арманың қатар келсе,
Намысыңды кім сенің қорғап қалмақ?
Сахнаға дене мүшесі кем бала шығады, оның аузында қалам, ақсаңдап келіп, аузындағы қаламмен сурет салып отырады.
Осы оқушының жүрегіндегі толғауды жүргізуші көрінбей тұрып тебіреніп айтады:
Ырысбек: Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім,
Денедегі мүшелердің қызметін көрмедім.
Бекер екен сұм жалғанда мынау бір,
Өмір сүріп адам болып жүргенім.
Асыр салып қатарыммен жүрмедім,
Қырдың қызыл гүлін тегі термедім.
Бұл өмірге пенде болып, келген соң,
Шіркін, дүние - ай!
Қызығын не ажыратып көрмедім.
(Ана шығып, баланың жанына келіп)
Дильназ: О, Құдайым! Кінәсі не мына отырған баланың?
Кім кетірді берекесін даланың?
Қайдан іздеп кем - кетігін табамын
Мына отырған, мына отырған наланың?
Жас нәресте не берсе де алады,
Көзі, аяғы, құлағы қайда?
Кімдер оны табады?
Өспей жатып тілсіз үнсіз отырған
О, дүниеге не көрдім деп, не сездім деп барады?!
Баласының басынан сипап, көзіне жас алып, көтеріп алып кетеді.
Оқушы: Раббил
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Санаға жетер есті, есті сөз қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Маржандай ізгі атқарылған іс қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Қасірет пен қайғыны көтере білген мына жер қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Тоғайы сиреп, селдіреген шөп қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Жортқан аң мен сиреп ұшқан құс қалды.
Оқушы: Диас
Ай, замандас!
Ата - баба берген екен бағаны,
Табиғатқа бағына көр бағалы.
Қат боп жүрме берекесін кетіріп,
Құсың кетіп, шөл алмасын жағаны.
Жортқан аң мен құсқа маза бер.
Оқып, біліп қажеттісін жаза бер.
Қамау салып жанына өлтіре көрме,
Аң - құстарға жақсылықты төге көр.
Оқушы: Бекзат
- Табиғатымыз аман болсын, тіршілігіміз таусылмасын!
Оқушы: Бекзат
- Табиғатты түсіне білейік!
Бәрі: - Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік
Оқушы: Есбол
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер - Анаға қараңдар!
Оқушы: Жансая
Ей, адамзат,
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де
Табиғат - ана байлықты
Құрметтеуді бастаңдар!
Шаханов атам қорға деп,
Жырлайды қоймай күн - түні.
Оқушы: Әбдірахман
Жанымды менің қинайды
Түтінге қала батқаны,
Айналып барады қарғаға,
Сауысқанның аппағы.
Табиғаттың байлығын,
Тазалығын сақтайық.
Қолымыздан келгенше,
Іс жасайық, жатпайық!
Бәрі:
«Табиғатты сүю керек,
сүю үшін білу керек.
Қамқорлық жасау жолында,
Жан аямай күю керек.»
Ән:Балалығым балғын шағым
Ән : Жаңбыр Би: зонтик
Би: Кемпірқосақ
Би: Гүл
Би : Көбелек
ӘН: Әрқашан күн сөнбесін
Мұрат емес озғаным озбағым,
Кімге керек озған соң тозған арын.
Айналайын адамдар аялаңдар,
Туған жердің ырысы мол табиғатын.
Ән: Атамекен
Мұғалім:
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.
- zhamila- 1976
- 16 августа 2015
- 2625
- 0



