Сабақтар топтамасы
Сабақтар топтамасы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр ауылы
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы

Мультфильмдердің балаларға қандай тәрбие беріп жатқандығынан хабардармыз ба?


Сіздерге осы бір мультфильм арқылы ой салуды жөн санап, осы жазбаны ұсынбақшымын.
Әйтеуір бір күні, (сенбіде болу керек...) біздің үйде той болып, ағылып қонақтар келе бастады. Үйде кіріп-шығып кішкентай балалар, іні-жиендерім шуласып, ойнап жүр. Бар ойым, «қонақтардың мазасын алмасыншы!» - деп әуремін. «О, алақай, Алдар көсе! – деп әп сәтте қуанған іні-жиендерім, теледидарда көрсетіліп тұрған мультфильмге ерекше ықыласпен мойын бұрды. Бағанағы у-шумен ойнап жүрген тентегіміз, екі езуі екі құлағына жетіп, сілтідей тынды. «Алдар көсе» мультфильмі аяқталысымен жиендерім бұрынғы әуенге қайта көшті. Мен болсам, жынынан айырылған бақсыдай абдырап қалдым. Қабағым кірбің тартып, ит терісін басыма қаптатып қайтем?! Кенеттен қызықты ойындар ойыма түсе кетті, міне, ойнатып, көңілім жайланды.
Дегенмен, иә, «Алдар көсе» көп сериалды анимациялық көптеген балалардың сүйіп көретін мультфильмі еді. Соңғы кездері жиенім: «Апа, Алдар көсе мультфильмі неге көрсетілмей кетті?» - деген сұрақ қоймасы бар ма?! Әнеукүнгі бір депутаттың: «Алдар көсе баланы алаяқтыққа (мошенничество) тәрбиелейді, үйретеді, сондықтан көрсетілім мен жаңа сериясы шектелмек!» - деген сөзі еске түсті. Ал, бұл-ойландыратын мәселе. Дегенмен, басқа мультфильмді көруге сіркесі су көтермейтін біз секілділер үшін осы сәтте Алдар көсе мультфильмінің жаңа серияларын шығару және көрсетуді шектеу - не десе де төбеден жай түскендей болды. Біз, кейбіріміз, тек баланы тыныш отыру үшін, өзіміздің мазамызды алмайтындай етіп, теледидар алдына үңілтіп қоямыз. Біріншіден, белгілі бір дәрежеде тәрбие алады, екінші жағынан зиянды тұсы-баланың сөйлеуін де тежейтіні де бар. Өйткені, бала үнсіз өз-өзімен отырады, онымен қоса, әрбір көрсетілім 3-4 секунд көрсететіндіктен, баланың көз алдында жыпылықтап, еш нәрсе де ойда сақталмай қалуы да әбден мүмкін. Осы заман ағымына сай көркемделіп шығарған көп сериялды анимациялық осы бір мультфильмді көрерменге көрсетпес бұрын жан-жақты таразылап, сараптап шығарса қайтеді?! Сонда, бәлкім, тапқырлықты алаяқтықпен шатастырмас та едік. Әйтпесе, балаларға шығарылып, көрсетілетін мультфильмдердің сан мыңдаған түрі көрсетіледі, іріктеп, таңдап көретініміз тағы да бар. Ал, біз осы мультфильмдердің балаларға қандай тәрбие беріп жатқандығынан
хабардармыз ба?

Сабақтар топтамасы ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Ертегілер елінен

Ертегілер елінен

Күні, айы, жылы: 14. 03. 2015 Тақырыбы: Ертегілер елінен Мақсаты: суреттер арқылы әр түрлі ертегілерге сипаттама бере отырып,...
Ұлыстың ұлы күні Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз!

Маңғыста облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің 7 "Б" сыны жетекшісі Исабекова Бибинур. Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні Наурыз!» атты ашық тәрбие...
«Қош келдің – әз Наурыз!»

«Қош келдің – әз Наурыз!»

Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жанайбекова Айсулу Қош...
ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ! (ЕРТЕҢГІЛІК)

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ! (ЕРТЕҢГІЛІК)

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ! (ЕРТЕҢГІЛІК) Жаңа жыл мерекесі Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге...
Өзін-өзі тану еліне саяхат (мектептен тыс іс-шара)

Өзін-өзі тану еліне саяхат (мектептен тыс іс-шара)

Өзін-өзі тану еліне саяхат (мектептен тыс іс-шара) «Өзін - өзі тану» еліне саяхат ( І мектепішілік 7 - 9 сынып оқушыларына арналған сайыс)...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру