
ШҚО,Аягөз ауданы .Мыңбұлақ ауылы
КММ «Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп»
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ибраимова Гульмира Бекенгазиевна
Тақырып: Медицина рәмізі-жылан
Мақсаты:
1. мүшелік жыл санау туралы тынымын кеңейту, 2013 жылан жылы туралы айта отырып қазақ халқының тарихында әр ғасырда орын алған оқиғалар туралы хабардар ету;
2. өздері туылған жылдың қасиеттері және өз бойындағы қасиеттер туралы ойлануға ой тастау;
3.жыланның не себепті медицина рәмізіне айналғанына ой жүгірту.
1.Кіріспе:
Медицина туралы түсінік
2. Негізгі бөлім
Медицина рәмізі-жылан
3. Қорытынды бөлім
Қазіргі заманғы медицина.
Жұлдызнама.
Барысы.
Кіріспе.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Медицина рәмізі-жылан»
-Медицина дегеніміз не?
-
Миға шабуыл.
Балалар, бүгін біз дәріханалардың сыртында неге жыланның суреті тұратыны туралы ой бөлісейік.
Біз жылан туралы бұрыннан да білеміз. Мына сұрақтарға жауап беріп көрейік
-Жылан қайда кездеспейді? (Антрактидада)
-Жылан мерекесін мерекелейтін ел (Үнді елі)
-Жылан уы құрғақ күйінде қанша сақталады? (Бір ғасыр)
Мұғалім:
Мұсылман елдерінде жыланды қадірлеп, тыныш жатқан жыланның құйрығын баспаудың мәні турасында мынандай мағыналы аңыз бар.
Баяғыда жердің бетін топан су қаптағанда Нұх Набиолла пайғамбар Раббым хақтың желеп-жебеуімен кемесіне адам баласымен бірге төрт түлік мал мен аңды тиеп алып жолға шыққанында ашыққан тышқан кеменің табан ағашын үңги тесіп тастап, содан кеме іші суға тола бастайды. Пайғамбарымыз жаратқан жалғыз Иемізге жалбарынып көмек сұрайды. Сол кезде төсек ағашының аяғына оралып ұйықтайтын жылан сусып төмен түседі де су құйылып жатқан тесікті бітеп оратылып жата қалады. Осылайша Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына аман тоқтайды. Дүйім ел, дүрмек дүниені апаттан алып қалғаны үшін Нұх пайғамбар жылан бабаны қатты құрметтеп, бүкіл дос-жар, мал-мүліктің ішінде оны жерге бірінші түсіреді. «Жыланның тұла бойының сұп-суық болуы сол жолы кеменің тесігінен ішке енген ызғарлы топан суды бүкіл денесімен жауып тоқтатуынан» дейді халық аңызы.
Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.
Еркежан
Жылан… Осы бір жануардың атын естігенде әрбір адам жиіркеніп, тыжырынатын болар. Біздің түсінігімізде бұл улы әрі шағатын немесе тістейтін пенде өміріне ең қауіпті жәндік ретінде қалыптасқан. Уақыт өте келе оның емдік қасиеті бар екені анықталды. Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген.
Айшабибі:
Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.
Нұрай:
Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.
Ермек:
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.
Мұғалім:/слайд/
Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.
• Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын:
• соқырлар тұқымдасы (1 түрі),
• айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі),
• сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі),
• сұржыландар (2 түрі),
• бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Роллан:
Жыланның уын алу «жылан сауу» деп аталады. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтық. Альбумин, глобулин, фермент, су және түрлі құрамындағы тұздардан тұратын жылан уы құрғақ күйінде бір ғасыр бұзылмай сақталады. Массаж жасап, болмаса аз вольтты ток жіберіп жыланның у жиналатын жерінің бұлшық етін тітіркендіру арқылы уын арнайы ыдысқа жинайды. Бір сауғанда кішкене жыландардан 20-40мг, ал , үлкендерінен 500-900 мг у алынады.
Еуропо елдерінде кептіріліп, ұнтақталған жылан уының 1 грамм таза ұнтағы 300 АҚШ долларына бағаланады. Кептірілген жылан уынан арнайы өте күшті дәрілер жасап шығаратын Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Бутантан биомедециналық зеттеу институтында 12 мыңнан аса жыланнан жылына 5-6 литр шамасында сұық у алынса, оны құрғатқанда бар-жоғы 1-1,5 келідей құрғақ ұнтақ қалады. Мұндай көлемді жинау үшін олар жыланды әр екі-үш аптада «сауып» тұрады.
Жандос:
Жылан еті деп жыланның ішкі мүшесін, басын, терісін алып тастағаннан кейін қалған денесін айтамыз. Негізінен, ет пен сүйектен құралады.
Жылан етін пайдалану және оны сақтау
Қытайда жылан етін пайдаланудың екі мың жылдық тарихы бар көрінеді. Жылан еті аспан асты елінде тым ертеден-ақ сыйлы қонақтарға берілетін тіл үйіретін тағам ретінде бағаланыпты. Бұл салт Филиппин, Жапония сынды көптеген шетелдерде жалпыласқан. Кейбір әлеуметтік бас қосу, қонақасыларында жылан еті аса тамаша, аз кездесетін тағам есептеледі.
Аспан асты елінің Гуаңжоу аймағындағы халық жылан жеуді жақсы көреді әрі оны әзірлеудің шеберлері де мол. Гуаңжоуда жылан етінен тамақ жасайтын асханаларды кезіктіру өте оңай, ең үлкен жылан еті асханасы – «Жылан патшасы» асханасы. Мұнда әр жылы 30 тонна тірі жылан пайдаланылады, қазірге дейін 100 жылдық тариха ие. Гуаңжоу қаласындағы асханаларда жылан етінен жасалған қуырма тағамдардың түрлерлі 30-дан асады. . Жылан етінің дәмі жақсы, қоректігі мол. Ол желқұзды айдап, қан айналысын жақсартады. Көптеген адамдар жылан етін қыста қуаттандырғыш дәрі ретінде пайдаланады. Сонымен қатар жылан еті жара мен бөрткенді де емдеп қана қоймай, теріні қорғау рөлі бар.
Нұржігіт :
Жылан уы қандай ауруларға ем?
Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен.
Денедегі суықты шығаратын түрлі қыздырғыш майлар, стомотологияда ауру сезімін болдырмау үшін қолданылатын дәрі, инфарк, жүрек-қан тамырлары, бұлшық ет және буын ауруларына (радикулит, полиартрит, плеврит), невралгия, астмаға қарсы жылан уы элементтері бар дәрілер қолданылады. Қазіргі медецинада емі табылмай отырған түрлі онкологиялық ауруларға жылан уынан жасалатын дәрілердің ем болатыны турасындағы Нобель сыйлығын алған ғылыми еңбек жан-жақты тексеріліп, зерттеліп жатыр.
Мұғалім: ]
Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр аурулары бар адамдардың қолдануына болмайды.
Альбина:
Электрлі ион ажырату аспабы арқылы жыланның қабығы, терісі, еті, өті, жүрегі, өкпесі қатарлыларға тексеру жүргізгенде жиыны 20 неше түрлі элемент байқалған. Мұның ішінде адамда болмайтын 15 түрлі элемент барлығы анықталған. Жылан етінде адам денесіне қажетті элементтерден темір, мырыш, мыс, хром, марганец, кобалит, молибден, селен қатарлылар бар. Бұл элементтер адамның биологиялық синтездену, зат алмасу, белок пен хромосоманың бірігуіне төтенше маңызды.
Жылан етінің емдік рөлі
Жылан етін дәрі ретінде пайдаланғанда оның жасаған ортасына, тұқымына, мәнерлеу барысына, жинайтын мезгіліне, пайдалану мөлшеріне ерекше көңіл бөлу керек.
Жыландар биік тауларда, жайылымдарда, теңіздерде, адырларда, өзен-көлдерде, жалпы әр түрлі ортада өмір сүреді. Олардың дәрілік рөлі мен құрамы бір-бірінен өзгеше болады. Жылан етінің негізінен желқұзды кетіретін, бөрткен-қотырды жазатын, шошынғанды басып, қақсағанды тыятын рөлі бар.
Дәурен:
Жылан – жақсылық нышаны
Бірақ бұл бауырымен жорғалаушылардың жақсы қасиеттері өте көп. Тіпті түске кірген жыланның өзін жақсылыққа балап жатады. Үлкен әжелеріміз үй маңынан шыққан жыланның басына ақ құйып шығарып салса, қазіргі заманда жыланмен массаж жасау арқылы адамның жүйке жүйесін тыныштандыру үдерістерін жүргізетін орындар көбейіп келеді.
Мұғалім:
Жұлдызнама.
Жылан жылы туылғандар адамдарға жұлдызнамашылар жылан бойындағы кейбір қасиеттердің болуы мүмкін деген ой да айтылады. Олар зердесі жоғары бола тұрса да өзіне көп жауапкершілік ала беруді ұнатпайды. Ешкімге жайдан-жай тиіспейді. Ал егер біреулер бас болып шамана тисе, ұяңдығы да, сабырлығы да айдалада қалып нағыз мінез-құлық көрсетеді. Бұл жылдың тумаларының қашан да жолдары болғыш. Жылан жылы туғандардың қайсарлығы мен қайраттылығы ерекше мықты. Олар өздерінің алға қойған мақсатына жету үшін астындағы жерді де төңкеріп тастай алады. Жылан жылы-адамдардың пейіл-қасиеттеріне қарай, яғни жамандық көп болса соған, жақсылық пен ізгілік көп болса соған қарай нәтиже беретін жыл.
Қорытынды.
Қазіргі заманғы медицина.
Ауылымыздан шыққан медицина саласындағы қызметкерлер.
Мұхаметқалиев Сейіл, Ерлан, Рахимжанов Сейсенбі ағаларымыз медицина саласында үлкен үлестерін қосып жатыр.Сендердің араларынан да осындай мамандық иелері шығуы мүмкін. Медицинаға жақын балалар осы бастан таңдауларыңа болады.

