Әз Наурызым, армысың!
Әз Наурызым, армысың!
Тегі: Бабиева
Аты: Дана
Әкесінің аты: Кайратовна

Әз Наурызым, армысың!

Туған жылы: 21.11.1990
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан атауы: ШҚО, Теректі ауылының балалар бақшасы.Теректі ауылы, Күршім ауданы.
Жалпы еңбек өтілі: 3 жыл
Тәрбиешілік еңбек өтілі:3жыл
Әз Наурызым, армысың!
Мақсаты: Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін ұғындыру және ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыра отырып, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу арқылы балаларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
1-жүргізуші:- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар!

2-жүргізуші:- Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық бақшамызда Наурыз тойын,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!

1-жүргізуші: - Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгілктің, бақыттың мерекесі саналады. Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке-бірлік тілей отырып, құттықтау сөз кезегін балалабақша меңгерушісі – Тиленбаева Бахытгүл Көбенқызына берейік.
(Құттықтау айтылады.)

2-жүргізуші: - Уа, жараңдар, жараңдар
Көңілің бар алаңдар
Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қараңдар.
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға «шашу» шашайық!
(Әжелер шығып «шашу» шашады.)

1-жүргізуші: - Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық! – дей келе, кезекті әнге берейік.

Искакова Жайнар Жанымхановнаның орындауында «Наурыз біздің Жаңа жыл» қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: - Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен-саяқ.
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Балабақша ұжымының мың бұралған бишілерінің орындауында «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: - Ал, балалар, тақпаққа қалайсыңдар,
Сендер өтер алдыда талай сын бар.
Наурыз күні ортаға қымсынбай кеп,
Жақсы айтсаңдар әрине, жарайсыңдар!
Ыбырай ауылының «Балапан» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
(Тақпақтар айтылады.)

Наргиз: Хош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамың.

Есдаулет: Тамаша, тамаша,
Наурыз келді жараса.
Бұл Наурыз, бұл Наурыз
Қуаныш баршаға.

Жанайым: Наурыз келді далама,
Наурыз келді ауылға.
Наурыз құтты болсын
Ақ мол болсын.

Инабат: Наурыз келді, жыл келді,
Наурыз келді, нұр келді.
Қой жылы еліне
Әкелсін байлық береке.

Әбілмансұр: Бұл мезгілге сай келер
Құт Наурыз береке.
Күн мен түн теңелер
Құтты болсын мереке.

Балабақша әдіскері Ботаханова Анар Абзалбекқызының орындауында «Дәстүрлер» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды, - деп «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілсін. (Балапан тобының әжелері тұсау кеседі).

2-жүргізуші: Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар, - деп «Балапан» тобының балаларының орындауында «Наурыз біздің жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Болғанымен өнер көп
Той өтпеген ойынсыз, - дей келе келесі кезекті ойынға берейік. «Қыз қуу» ойыны басталсын.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін біз Абай ауылына «Бесік тойын» тойлауға жиналдық.
Дүниеге келген нәресте бір отбасының ғана бақыты емес, бүкіл Абай ауылының қуанышы. Біздің ауылдың адамдар қуанышты бесік тойына келіп, ата-анасы баласымен құттықтауда. Ата-бабамыздан қалған осынау дәстүр осы уақытқа дейін сақталғанын қуаныш етеміз.

1-жүргізуші: Ата салтым – асыл мұра, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын,
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым, - дей келе «Бесікке бөлеу» рәсімін тамашалаңыздар. (Маржан, Сауле апай бесікті аластап, бесік жырын айтады).

1-жүргізуші: Наурызда оюлы
Ұлттық киім киеміз.
Бастап ән-күй ойынды
Билеуді сүйеміз, - дей келе «Қара жорға» биіне кезек берейік.

2-жүргізуші: Наурыз тойы – көңіл тойы, көктем тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін, - ауылымыздың алты ауыз әніне кезек берейік.
Ән: «Қазақы дастарханым»

1-жүргізуші: Ендігі кезекті Жамбыл ауылына кезек берейік.
Ал халайық, тұрмайық
Әндетейік жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық, - демекші «Айгөлек» тобының балаларының орындауында Наурыз туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Елара: Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Малика: Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды.

Ілияс: Бүгін күн мен түн теңелді
Жер шуаққа көгерді.
Соны тойлап ел енді
Қуанышқа кенелді.

Самал: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың.
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.

Адир: Басталды міне тойымыз
Ұнады ән мен ойымыз
Наурыз бақыт әкелсін
Тойға ұлассын тойымыз.

Айым: Қош келдің, Наурызым төрлет бері,
Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады адамдардың келбеттері.

Ернұр: Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Гүлім: Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жүр ұшқының, Наурызым!

Айғаным: Наурыз келді, нұр келді
Түгел аймақ түрленді.
Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді.

Айтолқын: Көз тігіп күнге барлығы
Бүршігін жарса әр гүлі.
Халыққа бақыт тілеген
Бұл Наурыздың жарлығы.

2-жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық, - демекші «Айгөлек» тобының балаларының орындауында ән: «Наурыз – жыл басы». Қол соғып қошемет көрсетейік.

1-жүргізуші: Жайнап көктем нұрымен
Жаңа дәстүр жырымен.
Наурыз тойы салтымыз, - дей келе «Азан шақырып, ат қою» рәсімін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - демекші «Айгөлек» тобының ата-анасы Маржан апайдың орындауында «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Болғанымен өнер көп,
Той өтпеген жарыссыз.
Намысқойлар елеңдеп,
Елп етпеген намыссыз.
Өрісіңді бағалар
Алдыңда тұр асқар шың.
Ортаға шық балалар,
«Арқан тарту» басталсын.
Ойын: «Арқан тарту» «Айгөлек» тобының ұлдары

2-жүргізуші: Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдааған.
Мол дастархан, ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам, - дей келе «Айгөлек» тобының балаларының орындауында «Дастархан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соңкүтіп тұр, Ұлы күнің, бәрің
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің.

2-жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерге арналған «Әз Наурызым, армысың!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ұлыстың Ұлы күні құт-береке, молшылық әкелсін. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Қош келдің,әз Наурыз!

Қош келдің,әз Наурыз!

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы "Айналайын" ясли бақшасының тәрбиешісі Бибінұр Ізтілеуова Тақырыбы: Қош келдің,әз Наурыз!...
Армысың, әз Наурыз!(мерекелік іс-шара)

Армысың, әз Наурыз!(мерекелік іс-шара)

Қостанай облысы Аманкелді ауданы "Жұпар" балабақшасы "Ертөстік" тобының тәрбиешісі Немзорова А.С Армысың, әз Наурыз!(мерекелік іс-шара)...
«Қош келдің – әз Наурыз!»

«Қош келдің – әз Наурыз!»

Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жанайбекова Айсулу Қош...
Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамуратова Бибигул Ивановна Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы...
Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!

Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!! Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру