Күз.Абай Құнанбаев 2-сынып
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Сарықамыс негізгі мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Есболаева Алмагүл Олжайқызы
2-cынып
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Күз».
Мақсаты: Оқушылардың А.Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, «Күз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Міндеттері: 1. Оқушылар күздегі өзгерістер жөнінде айта отырып, танымдық әрекеттері мен белсенділіктерін арттырады.
2. Ұлы адамдарға деген құрмет сезімін туғызу, сөздік қорларын молайту; Абай бейнесі арқылы зейінділікке, тиянақтылыққа үйретіп, ақындық өнерге деген ынталарын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған жерінің табиғатын сүйе білуге және қоғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Абай» портреті, интерактивті тақта.
Әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Балалар терезеге қараңдаршы. Далада күннің көзі жарқырап тұр. Ол өзінің сәулелерін шашып бізге жылуын сыйлап тұр. Сол сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жолдарыңды жадыратып жібереді.
- Кәне, ендеше, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Үйге қандай тапсырма берілді? (Өтірік өлең. Оразбай Байбақов)
Өлеңді мәнерлеп оқыту (4 оқушы)
Өлеңнің ішіндегі адамды таңдандыратын, күлдіретін, тапқырлығын білдіретін, адамның ақылына сыймайтын шумақтарды кім тауып оқиды? (4 оқушы)
- Үйге қандай шығармашылық тапсырма беріліп еді? (сурет салу, өтірік өлең құрастыру). Оқушы жұмыстарын тақтаға ілу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық
Қолды күнге созайық
Оңға,солға шайқалып,
Орнымызға қонайық
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сұрақ- жауап жұмысы
1. Жылдың неше мезгілі бар?
2. Жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазған ұлы ақынды кім біледі?
Оқушыларға А.Құнанбаев жайлы қысқаша мәлімет беру.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады.
- Енді бүгін біз сол Абай атамыздың жыл мезгіліне арналып жазылған өлеңдерінің біреуі- «Күз» өлеңімен танысамыз. Себебі, қазір жылдың қай мезгілі?


- Күз айларын ата.
- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
(Оқушылар күз мезгіліне байланысты өз ойларын жеткізеді)
- Дұрыс, енді сендердің айтуларың бойынша күз тақырыбына топтама құрайық.

Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
- Балалар, көзімізді жұмып, оқылған өлеңнің желісі бойынша күз мезгілін көз алдымызға елестетейік.
- Енді көзімізді ашып, назарымызды тақтаға аударайық

2. Сөздік жұмыс
Өлеңнің әр шумағын жеке- жеке оқытып, талдату. Екінші шумақтағы ақырғы екі жолдағы сөздерге балама сөздер тапқызу.

Ыс – түтіннің күйесі
Құрысын заңы - әдеті құрысын

Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Ата- бабаларымыздың негізгі кәсібі- мал шаруашылығы болғандықтан, сол малдың жағдайын жасау мақсатында жылдың төрт мезгілінде көшіп- қонып отырған. Әр мезгілдегі қоныстарын осыған байланысты атаған.
3. Шығармашылық тапсырма
І топ. Күз мезгіліне байланысты өлең жолдарын аяқтау.

… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық
ІІ топ..Көрніске сәйкес келетін өлең жолдарын тап.
ІІІ топ. Қағаздан жапырақ жасау.

ІҮ. Қорытынды
Жүсіп Баласағұн :“Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле - біле”

ҮІ. Үйге тапсырма. Мәнжазба. «Абай- ағартушы» ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба

9сынып оқушыларына арналған Қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба». Қара сөздер. Сабақтың мақсаты: ...
Сабақтың тақырыбы:  Абай Құнанбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

Сабақтың мақсаты: Абай туралы алған білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Дамытушылық мақсаты: Абайды оқуды...
Бастауыш сынып қысқа мерзімді жоспар

Бастауыш сынып қысқа мерзімді жоспар

Атырау облысы Индер ауданы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің жоғары санатты, І деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып...
Куз

Куз

Әдебиеттік оқу 4сынып, "Күз" А.Құнанбаев Атырау облысы, Исатай ауданы Жаңа Жанбай бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Шолпан Пәні:...

"Қыс" Абай.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру