Шешеге қарап қыз өсер.

Тақырыбы   Шешеге қарап қыз өсер.

 

Кіріспе. –Балалар айтыңдаршы,Ұйде тамақ істейтін кім?

-Кіріңді  жуып, жуындыратын  кім?

-Түн үйқысын төрт бөліп, уататын кім?

-Күн шуағындай мейірімді кім?

-Еркелетіп бауырына басатын кім?

-Үш әріптен тұратын асыл жан кім?

-Яғни құрметті Асыл Аналар,

Қыз-қызғалдақтар,

Қадірлі ұстаздар!

Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспін.

 

Оқушылар;

Бақатты ғой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар!

 

Сіздерменен жадырайды өңіміз,

Сіздерменен жарасады сәніміз.

Ұзақ болсын мерекеңіз,

Құттықтаймыз бәріміз!

 

Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын, жадыраған

Қуанышты мерекең.

 

Адалдыққа баулыдың әуел бастан,

 Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.

Ақ ботаңды демей гөр, беу, анашым.

Үлкен өмір жолында аяқ басқан.

 

Кеменгерсің, данасың.

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы, анашым.

 

Жамандықтан жирентіп,

Жақсылыққа бастаған.

Ұзақ болсын ғұмырың,

Асыл анам- жақсы адам.

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз. (аналарына сыйлық)

 

Ұлдар:

Оқуды да ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды аялап,

Мерекесін тойлаймыз.

 

Қыздарды біз сыйлаймыз,

Артық іске бармаймыз.

Мерекеде қыздарға

Жырымызды арнаймыз. (қыздарға сыйлық)

 

2-бөлім.

1.Уа,халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Тойымыздың жалғасын

«Қыз сынымен» жалғайық.

 

2.Қайда әнші, қайда биші,

Зер салайық,  талабына қарайық,

Өнерлі кім, дарынды кім,

Таланты іздеп табайық.

 

3.Уа, халайық, халайық.,

Ойланып енді қарайық.

Қазылардың алқасын

Ортадан сайлап алайық. (қазылар алқасы сайланып таныстырылады)

 

4.Мың бұралған арулар жайлап басып,

Келеді ортамызға жайнап-тасып.

Қыз баласын сыйлаған халқым менің,

Қошаметпен қол соғайық қарсы алып.

 

-Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,

Құрметтеп ата-баба салт-дәстүрін.

Тыңдайық кезекпенен аруларды

Сызылтып ортамызға келген бүгін. (Өздерін таныстыру)

 

-Бар өнерін ашылар келіп қалса қызға сын

Бірі болып дарының шаршы топта озар кім?

Құрметтейін дәстүрді құрбыларың көбейсін,

Өнерімен тамсантып, от боп бүгін жанатын. (өнерлерін көрсету)

 

-Іс тігетін ерінбей,

Жалқаулыққа берілмей.

Аруларымыз көрсетсін,

Қол өнерін күлімдей. (қол өнерін қорғайды)

 

-Сеніммен алдыңызға біз келеміз,

Күн сайын білім алып өзгереміз.

Шәкірттің білімі үшін еңбек еткен

Сүйікті ұстаздарды үлгі етеміз.-дей отыра қыздарымыздың ой-өрісін байқап көрерлік.

  1.      Анаңның анасы саған кім?
  2.      Әкеңнің әкесі саған кім?
  3.      Сен апаңмен атаңа кім боласың?
  4.      Бір аптада неше күн бар?
  5.      Көктем мезгілінің айларын ата?

 

-Ақ жүзіндей ананың

Күндер келді, жалғасты.

Аруларды байқайық,

Қандай екен билері?  (биден жарыс)

 

-Шешендік, көсемдік бар тілімізде,

Оттылық, тектілік бар көзімізде.

Ұрпағымыз-жаңа өмір, жаңа ғасыр,

Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де.

-Қарсы алыңыздар «Мақпал», «Сымбат» сән үлгілерінен кем емес «Қызғалдақ» киім үлгілерін.

 

-Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өркендер.

Осымен «Ару сыны» аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын. (Сөз қазылар алқасына беріледі)

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру