Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті.Эпостық аңыздар. Эпостық аңыздар. Ақын- жыраулар Сабақтың мақсаты:
Жантілеуова Бақыт, тарих пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті.
Эпостық аңыздар. Ақын- жыраулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрімен - әдебиетімен,
ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. өмір сүрген ақын – жырауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Халық шығармашылығы дәстүрлерін қазіргі әдеби дәстүрмен
тығыз байланыста қарастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік : Халық шығармашылығы, оның тарихи маңызы жайында жан – жақты
әңгімелей отырып, оқушыларды әдебиет пен рухани ескерткіштерге
құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакатқа жазылған мақал - мәтелдер,
жырлардан үзінділер оқу.
Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Тірек сызбаларда пайдалана отырып, проблемалық сұрақтар арқылы
тақырыпты талдау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақтың жоспары:
І. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
ІІ.Ақын – жыраулар

ХҮ – ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты. Тіл және жазу қазақ халқының рухани мәдениетінің басты саласы болды.
Қазақ тілінің қалыптасуы қазақ жерін мекен еткен , туыстас тайпалар тілдері негізінде, тарихи оқиғалар желісінде пісіп жетілді.
Тірек сызбаны пайдалану:

қ керей тілі «Ер Көкше», «Базар батыр»
а
з үйсін, дулат тілдері «Талас ескерткіштері»
а
қ алшын тілі «Едіге», «Ер Сайын »
т
і кердері тілі «Наһж әл – Фарадис »
л
і қыпшақ тілі «Кодекс куманикс»



ХҮ – ХҮІІ ғ.ғ. Алтын Орда мен Ақ Орда дәуірінде ресми, әдеби тіл ретінде қолданды.

ХҮ ғ. қазақ тілі өзіне тән ерекшеліктерге ие дербес тілге айналды.
Проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушы білімі мен ойын қалыптастыру.Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Қазіргі кездегі қазақ тілінің жайы қандай?
2.ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. қазақ тілінде қандай тарихи шығармалар жазыла бастады?

ХҮ ғ. қазақ тілі өзіне тән ерекшеліктерге ие дербес тілге айналуы, ХҮІ- ХҮІІ ғ.ғ. қазақ халқының ауыз әдебиетінің кең өріс алуынан көрінді.
Ауыз әдебиеті – қоғам өмірінің айнасына айналды.
Ауыз әдебеті


І Тұрмыс-
салт
жырлары
ІІ Діни наным – сенімдерге байланысты өлең - жырлар ІІІ Эпостық
жырлар
ІҮ Лирикалық
эпостық
жырлар
Ү Ертегілер
ҮІ Мақал –
мәтелдер
мен
жұмбақтар
Халық өмірі , тұрмысы Ислам дінінің таралуы Батырлық жырлар Ғашықтық жырлар 1Хайуанаттар туралы,
2 Қиял- ғажап
3 Тұрмыс- салт
4 Әзіл сықақ Тәрбиелік бағытта
-Ұлыс жыры
-Бесік жыры
-Отау құруға байланысты әдет- ғұрып жырлары -Бәдік айту
-Жарапазан айту
-Кісі өліміне байланысты жоқтаулар -Ер Тарғын
-Ер Сайын
-Қамбар
-Алпамыс
-Ер Қосай
-Төрехан
-Телағыс
-Құбағұл
-Қозы-Көрпеш- -Баян сұлу
-Айман-Шолпан
-Қыз Жібек
-Күлше қыз
-Мақпал қыз -Ер Төстік
-Құламерген
-Алтын сақа
-Асан қайғы
-Қарамерген
-Аламан мен -Жоламан -Мейрімділікті анадан үйрен, Әдептілікті данадан үйрен.

- Ши түбінде
шұбар кездік

ХҮ- ХҮІІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.

Қызығушылығын ояту.
Жыраулар кім, олар туралы не білесіңдер?

Жырау- қазақ халқының ауыз әдебиетінде жырау поэзиясы ерекше орын алады. Сөз өнерін пір тұтқан көшпелі қоғамда көмейінен жыр құйылған жыраулар бұқара халыққа белгілі бір ықпал жасап, зор беделге ие болған.
Қызметі:
1. Хандардың қасында кеңесші қызметін атқарған.
2. Хандар мен сұлтандардың ісін кейде мақұлдап дәріптесе, кейде сынады.
3. Тіршілік, өмір жайлы философиялық ойлар айтып, табиғаттың алуан құбылыстарын түсіндірді.
4. Батырларды дәріптеді, қаза тапқан белгілі адамдарға жоқтау арнады.
5. Белгілі бір оқиғаға байланысты кеңес берді, тілек берді.
ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет ,Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Сыпыра Тәттіқара , Үмбетайлар туралы мәлімет беруді әдебиет пәні мұғалімі: Қамажай апайдан сұраймыз.

Доспамбет жырау (1490-1523ж.ж.) –шешен және батыр. Қырым, Ноғайлы, Қазан халықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған. Азов(Азау) қаласында туып, Астрахан маңында қаза болған. Оның өлеңдерінен жастарды ерлікке, елін, жерін шапқыншы жаулардан қорғауға шақырған жалынды насихат, үгіттің сарыны сезіледі.
Шығармалары:
«Айнала бұлақ басы тең », « Тоғай, тоғай, тоғай су », «Азау, азау дегенің », « Арғымаққа оқ тиді », «Айналайын Ақ Жайық ».
Шалкиіз Тіленішұлы ( 1465-1560ж.ж.) Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау.
Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен. Әскери жорықтармен Кавказдың терістігін, Қырым, Дон бойын аралаған.
Шығармалары: «Шығырмақ бұлт жай тастар», «Асқар,асқар,асқар тау»
Марғасқа –ХҮІІ ғасырда өмір сүрген. Ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы ,қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған, 1627 жылы Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан. « Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырды шығарған. Марғасқа жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді , орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді.
Жиембет жырау Бортоғашұлы – ХҮІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген жырау.
Алшын руын ертеден билеп келе жатқан атақты рубасыларының әулетінен шыққан.
1620 жылы ойраттармен арадағы соғыста қазақтардың жеңіске жетуіне мұрындық болды.
1627 жылы Есім ханнан бөлініп , өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басуға қатысты.Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, батыры болған. « Әмірің қатты Есім хан» толғауын жырлаған.

Ақтамберді Сарыұлы (1645-1768ж.ж.) – жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері.
Қаратау бойында дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол 17 жастан бастап Орта Азия хандарымен, қалмақтармен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. 1729жылы өлім жазасына бұйырылып, қашып құтылған. « Ақтабан шұбырынды » оқиғаларының куәгері. Жоңғарларға қарсы соғыс кезінде Орта жүз рубасы ақсақалдарының бірі болды. Оның 26 туындысы бізге жеткен.
Шығармалары: «Түйе мойын тұз кесер...», «Ағайының көп болса...».

Бұхар Қалқаманұлы –( 1693-1787 жж) ұлы жырау, халық арасында « көмекей әулие» атанған.
Бұқар Тәуке хан тұсында ел билеу ісіне араласып, кейін Абылай ханның ақылшысы болған. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Абылайды осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп, хандық өкіметінің берік болуы жолында күреседі.
Шығармалары: «Бірінші тілек тілеңіз...», «Қара арғымақ арыса...», «Әй, Абылай , Абылай!»

Үмбетей жырау Тілеуұлы ( 1706-1778ж.ж.) –Ақмола обылысы, Ерейментау ауданы жерінде өмір сүрген. Әкесі – шебер қобызшы, жыршы. Жорықтарға қатысып, батырлардың ерліктерін көріп, оларды мадақтап өлеңдер шығарды.
Шығармалары: « Бөгенбай өліміне», « Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту», « Ей Ақтамберді, Қабанбай», « Бекболат биге»

Сабақты бекіту сұрақтар:
1 Қазақ фольклорының қандай жанрларын білесіңдер?
2 Нәрестенің өміріне, үйленуге байланысты қандай жырларды білесіңдер?
3 Наным - сенімге байланысты жырларды айтып беріңдер?
4 Ауыз әдебиетіндегі мақал – мәтелдер мен жұмбақтардың халық өміріндегі алатын орны қандай?
5 Ертегілер мен батырлар жырының тәрбиелік маңызы қандай? Ғашықтық жырларда не бейнеленеді?
6 ХҮ ғасырда қандай ақын - жыраулар өмір сүрді?
7 ХҮІ – ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген ақын жыраулардың жырларында қандай тақырыптар қозғалды?

Бағалау.

Үйге тапсырма $ 25, 26
Ақын жыраулардың біреуін таңдап , реферат жазып келіңдер. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Абылай хан

Абылай хан

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекетінің жағдайын оның ірі мемлекеттік...
Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы

И.Тайманов атындағы орта мектеп Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Дайындаған:Турсинова Г.У Сыныбы:7а Атырау қаласы Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан...
Тарихты білу парызым

Тарихты білу парызым

Тақырыбы: Тарихты білу парызым. Мақсаты: Оқушылардың өз елінің тарихы жайлы білімдерін ...
арнайы курс

арнайы курс"Шешендік өнер"7кл авторлық бағдарлама

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна ...
Қазыбек би мен Бұқар жырау

Қазыбек би мен Бұқар жырау

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шораева Бибигул Сабақтың тақырыбы: ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру