Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
7 - сынып .
Сабатың тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Мақсаты «Ақын ініме» өлеңі арқылы адам бойындағы ізгі қасиеттерді дәріптеу.
Күтілетін нәтиже А. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады
Б. Өлеңнің мазмұнын ашады, идеясын анықтай алады.
С. Өлеңнің астарына үңіле отырып талдайды, айтылған ойды саралай алады.
Керекті жабдықтар 7-сынып оқулығы, нұсқаулық, ресурстық парақтар, топшамалар,жұмыс дәптері, суреттер, кері байланыс парағы,интерактивті тақта
Пайдаланылған әдіс–тәсілдер. СТО: «ЖИГСО» әдісі жаңа сабақты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар сұрақтар.
АКТ: Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар орындату.
ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: «Серпілген сауал» әдісімен үй тапсырмасын тексеру, Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар арқылы сабақты бекіту, Бағалау ағашы, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. кері байланыс.
Тапсырмалар № 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
№ 3 Оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты
минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 2 минут
2 минут


6 минут 1.Ұйымдастыру

1.Ортаға шығарып шеңбер құрғызып тұрғызамын. Тілек айту.Мақал-мәтелдердің тақырыбы бойынша оқушыларды 4 топқа бөліп аламын.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Абайдың бір өлеңін жатқа айтқызу, «Серпілген сауал» әдісімен «Әннен алған әсерім» ойтолғауларын тыңдау.
«Өте жақсы», «Бәрекелді», «Жарайсың» деп мадақтаймын. 1. Сабаққа әзірлену.

1.Ортаға шеңбер жасап тұрады, бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Қолдарына берілген топшамадағы мақал-мәтелдердің тақырыбы бойынша төрт топқа бөлінеді.
2. 2-3 оқушы Абайдың әнін айтады.
ә) жазып келуге берілген ойтолғауларын оқиды.

Тұсаукесер 3 минут Жаңа тақырыпқа байланысты оқушыларды «әке, ана, бала, қыз» деп тағы да төрт топқа бөлемін. әкелер 1-топқа,аналар 2 -топ, балалар 3-топқа, қыздар- 4топқа бөлініп отырады.
Негізгі бөлім 10 минут
13 минут Алдымен ресурстық парақтар беріледі. «ЖИГСО»әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту. Аудио жазбадан «Ақын ініме» өлеңін тыңдату. Әрбір оқушының жауаптарын қадағалау, тыңдау

Оқушыларға деңгей бойынша тапсырмалар беріледі.
1 топ. Идеясын ашу.Сөздік бойынша жұмыс.
2 топ. Бұл өленде ақын адамның қандай қасиеттері туралы сөз етеді. 3 топ. Өлеңде ақыл қандай мақсатпен айтылған және иронияға мысал келтіріңдер. 4 топ. Өлең құрылысына талдау.
Әрқайсысы 4 адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс жасайды. Әке,ана,қыз,бала боп бөлінеді.Төртеуі төрт түрлі тақырып бойынша талқылап, тобына келіп түсіндіреді. Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.
Топтағы әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, түсінбегендерін топпен талқылайды. Орындап болған соң «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Қорытынды 4 минут
3 минут
2 минут Жадыны дамытуға арналған тапсырмаларды орындату арқылы сабақты бекіту.
Кері байланыс парағы беріледі. Үй тапсырмасын беру:

1.Ахмет Байтұрсынов-қазақ әдебиетін зерттеуші.2. Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші.3. Ахмет Байтұрсынов-ағартушы.4. Ахмет Байтұрсынов-аудармашы. Жауап дайындап келу. Тақтадағы тақырыпқа қатысты 10 сөзді бир минут ішінде қарап алады да, дәптерлеріне жазады.
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін,күйін, сезімін кері байланыс парағын толтыру арқылы көрсетеді. Оқушылар өзін «Бағалау ағашы» арқылы бағалайды.
Үй тапсырмасын тақтадан жазып алады.
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақ бойынша өзгертулер ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру