7 - сынып
Сабатың тақырыбы Тіл ұстарту (Абай әндері)
Мақсаты Абай шығармашылығының жаңа қырын анықтау,қазіргімен салыстыру
Күтілетін нәтиже А) Абайдың әні бар басқа өлеңдерімен танысады.
Б) Әндерінің қалай айтылатынын үйренеді.
С) Әндерінің шығу тарихын бірлесіп анықтайды,зерттей біледі.
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, «Абай» энциклопедиясы, интерактивті тақта, ноутбук.
Пайдаланылған әдіс–тәсілдер. СТО: ББҮ әдісі, жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар,қызығушылықты ояту.
АКТ: Ноутбук арқылы ән тыңдату, интерактивті тақта арқылы тапсырмалар беру.
ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: Зерттеушілік әңгіме,визуалды оқыту, «Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісімен үй тапсырмасын тексеру, «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісімен жаңа сабақты меңгерту, «Серпілген сауал» әдісімен сабақты қорытындылау, Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау, кері байланыс
Тапсырмалар № 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
№3 оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
№ 7 Бірлескен оқу:талантты және дарынды оқушылар.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты
минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 2 минут
2 минут
6 минут 1. Ұйымдастыру
2.Оқушыларды Абайдың 17 кара сөзінде кездесетін ақыл,қайрат, жүрек арқылы 3 топқа бөлемін.
3. Үй тапсырмасын тексеру: Абайдың 29 қара сөзін талдау
«Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісімен тексеру.
Жақсы дайындалып келген оқуышыны мадақтаймын. 1. Сабаққа әзірлеу.
2. Топқа бөлініп отырады, топ ережесін еске түсіреді.
3. Үйден оқып келген тапсырманы әр топтан бір оқушы айтады. Бір-біріне сұрақ береді.
Тұсаукесер 4 минут
Алдымен 3 топқа Абайдың 3 әнін алдарындағы ноутбук арқылы тыңдату. Алдарындағы ноутбукті қосып,әнді мұқият отырып тыңдайды.
Негізгі бөлім 9 минут
13 минут «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісімен топтар энциклопедиядан оқып ән жайында мәлімет алмасады. Әрбір жұптардың жауаптарын қадағалап, тексеру
Оқушыларға маршруттық карта, деңгей бойынша тапсырмалар, беріледі. 1 топ. Өлең құрылысына талдау. 2 топ. өлеңнің бір шумағын буынға бөліп, буын түрін анықтау.
3 топ. Сын есімдерді тауып, түрлендіру. Әрқайсысы 3 адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс жасайды. Бірі -тақырыпты энциклопедия бойынша түсіндіреді. Екіншісі – тыңдап, анықтау үшін сұрақтар қояды. Үшіншісі – бақылайды кері байланыс жасайды. Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалалайды.
Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, түсінбегендерін топпен талқылайды. Орындап болған соң критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.
Қорытынды 5 минут
4 минут «Серпілген сауал» әдісімен сабақты бекіту. Бір оқушы сабақ барысы туралы ойын айтса,екіншісі толықтырады, үшіншісі барлығын бір жауапқа біріктіреді.
ББҮ әдісі бойынша кері байланыс парағы беріледі
Үй тапсырмасын беру: Өздеріне ұнаған бір әнін жаттап орындау. Оқушылар сабақ бойынша алған білімдерін ортаға салады, бір-бірін толықтырады, жауаптарын бір жерге тоғыстырады.
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін рефлексия парағын толтыру арқылы көрсетеді.
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақ бойынша өзгертулер
- Нурлыбек
- 17 апреля 2015
- 954
- 0

