Тіркелу Сайтқа кіру

Бақылау тесті. 4-класс

4-КЛАСКА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
І нұсқа
1. Үндестік заңына бағынып тұрған сөзді тап:
А) жемқор Ә) еңбекқор В) әкетай В) өнерлі
2. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды тап:
А) с, т, ш, а, қ, ң Ә) у, һ, п, ө, ғ, а Б) қ, һ, ү, ө, ғ, ә В) н, е, ү, ы, и, ә
3. У дыбысы қай сөзде дауысты?
А) қауын Ә) су Б) бау В) тауық
4. Қай сөз бірыңғай жуан дауыстылардан тұрады?
А) аққала Ә) мұғалім Б) әнұран В) бәйшешек
5. Қазақ тілінде дыбыс неше түрге бөлінеді?
А) 4 Ә) 2 Б) 3 В) 5
6. Бітеу буынды сөзді тап!
А) жаңа Ә) от Б) алма В) бас
7. Үнді дауыссыз дыбыстарды белгіле:
А) қ, п, с, т, ш Ә) н,у, р, м, л Б) н, д, ж, з, ш В) қ, г, й, ж, р
8. Ашық буынды сөзді көрсет:
А) көл Ә) аға Б) ит в) бер
9. 1:00. Сағат неше?
А) Сағат бір Ә) сағат бір жарым Б) сағат екі В) сағат екі жарым
10. Менің алма..., сенің қалам..., оның әке... . Тиісті жалғауларды белгіле:
А) -м, -ың, -сы Ә) -ым, -ң, -сі Б) -м, -ың, -сі В) -м, -ң, -ы
11. Дұрыс жазылған сөзді көрсет:
А) мугалім Ә) мұғалым Б) мұғалим В) мұғалім
12. Алма мектеп... барады. Көп нүктенің орнына қай септіктің жалғауы қойылады?
А) барыс Ә) көмектес Б) жатыс В) шығыс
13. Бала, хат, адам сөздеріне көптік жалғауларының тиістісін жалға:
А) -лар, тар, -лар Ә) -дер, -лар, -тар Б) -лар, -тар, -дар В) -тар, -тер, -дар
14. Жіктік жалғауларын тап:
А) -дар, -дер Ә) -м, -ың Б) -тың, -тің В) -мын, -мін
15. Берілген сөзге жіктік жалғауының тиістісін жалға: сен ұшқыш...
А) –пын Ә) –сың Б) –бың В) –сің
16. Сөйлемді дұрыс құра: Оқушылар, айтты, туралы, экскурсия,
А) Оқушылар туралы экскурсия айтты Ә) Экскурсия туралы айтты оқушылар
Б) Оқушылар айтты туралы экскурсия В) Оқушылар экскурсия туралы айтты
17. Кімнің? Ненің? Қай септіктің сұрақтары?
А) шығыс Ә) атау Б) барыс В) ілік
18. Барыс септікте тұрған сөй қайсы?
А) баланың Ә) балаға Б) баланы В) бала
19. Мен сабақта отырмын. Белгіленген сөз қай септікте тұрғанын көрсет:
А) жатыс Ә) барыс Б) шығыс В) табыс
20. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
А) 23 Ә) 24 Б) 25 В) 26
21. Қазақ тілінде неше әріп бар?
А) 12 Ә) 25 Б) 37 В) 42
22. «Қызғалдақ» сөзін буынға бөл:
А) қыз-ғалд-ақ Ә) қызғ-ал-дақ Б) қыз-ғал-дақ В) қыз-ғалд-ақ
23. Әнұран, Отан, мектеп, оқушы сөздерінде екпін қай дыбыстарға түседі?
А) ұ, о, е, у Ә) і, а, е, ы Б) а, а, е, ы В) і, о, е, у
24. «Ағаш» сөзі қандай сұраққа жауап береді?
А) неше? Ә) кім Б) қай В) не?
25. Кел, жаз, жап. Берілген Болымсыз етістіктерге айналдыр:
А) ма, пе, бе Ә) па, ма, ба Б) ме, ба, па В) ба, па, ба
26. «Әке» сөзіне сұрақ қой:
А) кім? Ә) неде? Б) не? В) қашан?
27. Лето и зима. Сөз тіркесін аудар:
А) жас пен қыс Ә) жаз мен қыс Б) жаз бен қыс В) жаз пен қыс
28. Для меня. Аудар:
А) менің үшін Ә) маған үшін Б) менде үшін В) мен үшін
29. Шатыр қайда тұрады?
А) үйдің үстінде Ә) үйдің ішінде Б) үйдің артында В) үйдің астында

Жауаптары: 1-В, 2-Б, 3-Ә, 4-А, 5-Ә, 6-В, 7-Ә, 8-Ә, 9-А, 10-А, 11-В, 12-А, 13-Б, 14-В, 15-Ә, 16-В, 17-В, 18-Ә, 19-А, 20-Б, 21-В, 22-Б, 23-Б, 24-В, 25-Б, 26-А, 27-Б, 28-В, 29-А. dle
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру